Депутаттар мүдделі болғанда

Облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту, ауыз сумен және жылумен қамту жүйесін, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту бағыты бойынша бөлінген қаржының мақсатты әрі тиімді жұмсалуына бақылау жасады.

  Бұл шараға облыстық мәслихаттың депутаттары: мемлекеттік қызметкерлерді оқыту орталығының директоры Әлібек Баймағамбетов, «Зеленострой» серіктестігінің директоры Геннадий Осиненко және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кеңесшісі Айжан Әбішева, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Қопа көлінің жағалауында жаңа шағын ауданның құрылысы жүргізілуде. Магистральдық жылу құбырын жаңарту тұрғын үй кешенінің көлемін арттыруға және облыстық ауруханаға дейінгі тұрғын үйлер мен мекемелерді тұрақты жылумен қамту мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жылу құбыры 70 тұрғын үй мен әлеуметтік ғимараттарды жылумен қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда «АП-ИМПЭКС» серіктестігі құбыр тартылғаннан кейінгі абаттандыру және нысанды мемлекеттік қабылдау комиссиясына дайындау жұмысын жүргізуде. Осы арадағы бұрынғы жердің үстіндегі құбырларды жауып тұратын қоршау алып тасталды.
– Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша М.Горький көшесі бойындағы ТЭМ-2 жылу магистралін қалпына  келтірдік. Диаметрі кіші құбырларды үлкеніне ауыстырып, жер астына түсірдік. Құбырда жылу жақсы сақталады. Жылу шығыны 3 пайызды құрайды. Апатты жағдай жөнінде белгі беретін жүйе арқылы тесілген жер бірден табылады. Бұл жылу магистралі Көкшетау қаласы тұрғындарының 40 пайызын жылумен қамтамасыз етеді. Екі жылға белгіленген бұл жұмыс өткен жылы басталған. Келісім-шарт бойынша жұмыс қазан айының орта кезінде аяқталады. Бүгінгі таңда абаттандыру жұмысы қолға алынуда. Жылу магистраліне сынақ жүргізілген. Пайдалануға дайын. Бұл жылу жүйесіне облыстық аурухана мен СЭС бу қазандығының тұтынушыларын қосу межеленген. Диаметрі үлкен құбырлар қан орталығынан Темірбеков көшесіне дейін тартылды. Жылу магистралінің ұзындығы 2,6 шақырымды құрайды. Қалпына келтіру жұмысына республикалық бюджеттің 1,7 миллиард теңгесі жұмсалды, – дейді «АП-ИМПЭКС» серіктестігі директорының орынбасары Жетібай Жақыпов.
«Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қалпына келтіру, ауыз сумен және жылумен қамтамасыз ету, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту», «Индустриялық, энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту, шағын және орта бизнесті және іскерлік белсенділікті қолдау», «Танспорттық-логистикалық инфрақұрылымды дамыту» және «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» бағыттары бойынша Қазақстан Рес-публикасы Ұлттық қорынан «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған қаржының мақсаттылығын және тиімділігін бақылау үшін депутаттық фракция мүшелерінен құрылған комиссияның қажеттілігін атап өткен жөн. Комиссия жұмыс сапасына және оның уақытында атқарылуына бас-көз болуда.

Рамазан ТІЛЕУОВ.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар