Діни ахуал бірқалыпты

Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен діни қауіп-қатердің алдын алу мәселелерін екшеген терроризмге қарсы күрес комиссиясының отырысы өткізілді.

Отырысқа құқық қорғау органдарының, облыстық басқармалар мен департаменттердің, қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Күн тәртібіне діни экстремизм мен терроризмге қарсы жұмыстарды жіті ұйымдастыру мәселесі шығарылып, бұған дейін атқарылған жұмыс қорытындысы пысықталды.
Бүгінгі таңда аймақтағы діни ахуал бірқалыпты деп атап өтті отырысқа қатысушылар. Жыл бойы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған  әрбір шараның ақпараттық аясы кеңейтіліп, ішкі мәні тереңдетіле жүргізілуде. Сондай-ақ, нақты жұмысты қажет ететін кейбір тұстарда мақсат көздеген істің мәні арттырылып, мазмұны байытылуда.  
Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының директоры Гүлнұр Сатыбалдинаның айтуына қарағанда, 2016 жылы  деструктивті діни идеология мақсатын түсіндіретін 90 мың адамды қамтыған 716 шара өткізілген. Мұндай шаралардың барысында әсіресе, жастарға, діндарларға, бас бостандығынан айырылғандарға көбірек назар аударылды.
Отырыс соңында облыс әкімі ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту бағытында бірқатар тапсырмалар берді. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар