Discovery телеарнасы қазақ тілінде сөйлейді

1 наурыздан Қазақстанда Discovery Showcase HD телеарнасы хабар таратуын бастады.

Ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап Discovery Networks CEEMEA, серіктесі – «Қазтелерадио» акционерлік қоғамымен бірлесе отырып, Қазақстанда жаңа – Discovery Showcase HD арнасын №126 HD және №102 SD сапада іске қосады.   Арна  «OTAU TV» жерсеріктік хабар тарату желісінің «Толық» ақылы арналар топтамасында қолжетімді болмақ.
Discovery-дің ең үздік саналатын Discovery Channel, Animal Planet, TLC, Discovery Science және ID Xtra секілді телеарналарының қызықты оқиғалар, зерттеулер мен эксклюзивті материалдар, сүйікті шоулар, теңдесі жоқ, ең үздік танымдық-ойын-сауық бағдарламаларын HD сапада Discovery Showcase HD арнасынан мемлекеттік тілде көруді ұсынамыз. 

Бірінші кезеңде көрерменге телебағдарламалар қазақ тілінде прайм-тайм уақытында ұсынылады (18.00-ден 24.00-ге дейін). Жыл бойы қазақ тіліндегі бағдарламаларының үлесі ұлғаятын болады және 2018 жылғы қаңтардан бастап барлық мазмұны толығымен қазақшаланады. Сонымен бірге, көрермен өзінің қабылдағышының параметрлерінен арнаны орыс және ағылшын тілдерінде көруді таңдай алады. Бірінші болып қазақ тіліне «Морган Фрименмен жаһан құпияларын тану», «Таңғаларық мұхит», «Аляска: ормандағы отбасы», «Кит аулауға қарсы соғыс» сынды бағдарламалары және Discovery Networks-тың басқа да маңызды жобалары аударылады.
«Біз абоненттерімізге қазақстандық нарық үшін бірегей жобаны ұсынғанымызға қуаныштымыз. Енді OTAU TV абоненттері бүкіл әлем телекөрермендерінің жүректерін жаулаған анағұрлым рейтингі жоғары бағдарламаларды қазақ тілінде көре алады. Бұл жобаның айтарлықтай ерекшелігі ұлттық жерсеріктік OTAU TV телевизиясы желісі  жаңа телеарнаны көрермендерге бірінші болып ұсынып, біздің миллионнан астам абоненттер эксклюзивті контентке абоненттік төлемнің артуынсыз қол жеткізе алады. Естеріңізге сала кетейік, OTAU TV жерсеріктік телевизиясы желісінде шамамен 120 телерадио арналар ұсынылған, ай сайынғы жазылу құны 2500 теңгені құрайды, сондай-ақ, 17 наурызға дейін акция ретінде базалық топтаманың абоненттері үшін де «Discovery Showcase»(№102) телеарнасы тегін хабар тарататын болады», – деп атап өтті «Қазтелерадио»
АҚ-ның коммерциялық директоры
Евгений Галкин.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар