Достықтың дәнекері

«Ассамблея – бірлікке бастар жол» мега-жобасының аясында облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен жер қатынастары басқармалары «Достық кітабын» облыстық құрылыс басқармасы мен сәулет және қала құрылысы басқармаларына салтанатты жағдайда табыс етті.

Аталған шараға құрметті қонақ ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері шақырылды. Мега-жоба барысында  дастарханға  қазақ, орыс, украин, поляк, өзбек, шешен-ингуш халықтарының ұлттық тағамдары қойылып,  өңірімізді мекен еткен өзге де ұлттардың  билері биленді, әндері шырқалды.
Жиналғандар Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында барлық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарды аралайтын «Достық кітабы»  шынайы достықтың дәнекеріне айналып, ынтымағымызды арттыра түседі деген ниетте.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар