Еңбек ұжымдарымен кездесті

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов жұмыс сапарымен Степногорск қаласында болып, бірқатар кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

  Еңбек ұжымдарымен өткен кездесулер барысында Ғалым Бекмағамбетов Елбасының халыққа арнаған Жолдауында атап өтілген міндеттер, халықты әлеуметтік қолдау, тұрмыстарын жақсарту, еліміздің экономикасын көтеру бағытындағы атқарылып жатқан істер жа-йында айтып, Мемлекет басшысының «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына қатысты ойларымен бөлісті.  Кітапханалар жүйесі және емдеу орындарының қызметкерлері белсенділік танытып, «Туған жер» бағдарламасына қатысты түрлі сауалдар қойды. Осы күні «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тоғыз адамға партиялық билетті табыс етті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар