Екі рет қайнатылған су адам өміріне қауіпті

Көбінесе қайнатқан суымыз суып кеткенде қайтадан қайнатып аламыз. Бірақ, қайта қайнатқан судың құрамында қандай өзгерістер болатынын білмейміз.

Бұл тақырып маңызды болғанымен, ол мектептегі химия және биология сабақтарында айтылмайды. Ал, расында су қайнаған кезде оның құрамы өзгереді. Су екінші рет қайнағанда, оның химиялық құрамы зиянды жаққа өзгереді. Осылайша зиянды заттар ұшып кетпей, жинала бастайды. Мұндай зиянды заттарға мышьяк, нитраттар мен фторид жатады. Оған қоса басында пайдалы болған заттар шамасынан көп жиналған жағдайда қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы кальций тұзының жиналуының нәтижесінде бүйрек тастарының пайда болуы ықтимал.
Бірнеше рет қайнатылған судың ағзаға зияны:
Мышьяк
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұжырымынша «ауыз су құрамында мышьяк (күшәла) болғандықтан халыққа қауіп төндіреді». Оның ағзаға әсері интоксикацияға әкелуі мүмкін. Интоксикацияның потенциалды зардаптары асқазан ауруларына, диабет, перефириялық невропатияға, жүрек-қан тамырлары ауруларына, бүйрек дисфункциясына, тері аурулары мен қатерлі ісікке дейін алып келуі мүмкін.
Нитраттар
Әлбетте, нитраттар жердің әр бөлігінде, жерде де, суда да, тіпті ауада да бар. Бірақ, бұл қосылыс үлкен температураға тап болса, аса қауіпті затқа айналады. Нитраттар үлкен температурада нитрозаминдерге айналады. Бұл заттар канцерогенді болып табылады.
Нитраттар түрлі қатерлі ісіктермен байланысты. Олар аналық без, тоқ ішек, қуық, ұйқы безі, өңеш, асқазан, қатерлі ісіктері сияқты ауруларға әкеліп соғуы мүмкін.
Фторидтер
Судың химиялық құрамындағы фторид ағзаға қауіпті. Гарвард университетінің 22 жыл бойы жасаған зерттеулеріне сәйкес, фтордың әсері балалардың когнитивті дамуының жағымсыз зардаптарына әкелген.
«Environment Health Science» журналында жарияланған зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ауыз судың құрамындағы фтор балалардың IQ дәрежесінің төмендеуіне әсер етеді.
Дайындаған Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *