Екі жылдың қорын жасады

Биылғы жылы шөп бітік шықты. Мал азығының қоры – ауыл шаруашылығының маңызды саласы болып табылатын мал шаруашылығын дамытуға ықпал етеді.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметі бойынша биылғы жылдың шөп шабу науқанында жауапкершілігі шектеулі «Заречное», «Агро-Олдиви» серіктестіктері мен «Ас-Мади», «Тней» шаруа қожалықтары көш басынан көрінді. «Агро-Олдиви» серіктестігі негізінен астық өсірумен айналысады. Кәсіпорын биыл шөп шабу науқанын белсене жүргізді. Пішеншілер 1812 гектардың шөбін шауып, 2318 тонна шөп маялады.  Дайындалған шөптің 220 тоннасы серіктестіктің жұмысшылары мен пайшыларына таратылды. Бұзлық ауылының зейнеткерлері де шөпсіз қалған жоқ. Шөптің шығымдылығы мен ерен еңбектің арқасында серіктестік шөптің екі жылдық қорын жасады.
«Агро-Олдиви» серіктестігі 1998 жылы құрылған. Шаруашылықта негізінен жергілікті тұрғындар жұмыс істейді. Серіктестіктің тәжірибелі ұжымында №7 агротехникалық колледждің студенттері тәжірибеден өтіп, қажетті білім алады. Биылғы жылы олардың алтауы жұмыс істепті.
– Механизаторлар Серік Сейітов, Владимир Овчаров, Дмитрий Горбатюк, Александр Игонин және Алексей Коленныхтың адал еңбектерін атап өткен жөн. Шөп шабу науқанына 12 адам және 11 техника тартылған. Шаруашылықта шөп шабу науқаны аяқталды, – дейді серіктестік басшысы Рамзан Салтаев. Қазір диқандар алдағы орақ науқанына дайындықты бастады. «Агро-Олдиви» серіктестігінің машина-трактор паркінде жөндеу жұмысы қарқынды жүргізілуде. Олар бұл жұмысты 5 тамызда аяқтамақшы. Сондай-ақ, серіктестік биылғы жылдың жазында астық қоймасын қалпына келтірді. Қойма жаңа астықты қабылдауға дайын.
  Ләззат ЖОЛДЫБЕКОВА.

Суретте: серіктестік басшысы Рамзан Салтаев механизаторлармен бірге.

Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар