Екінші рет үмітті

Биылғы жылы «Көкше-Цемент» ӨБ» серіктестігі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша үздіктерді анықтайтын «Парыз» конкурсының «Экологияға қосқан үлесі үшін» аталымына қатысуға  өтінім берді. Серіктестік 2015 жылы осы конкурстың «Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпорын» аталымы бойынша лауреат атанған еді. 

Кәсіпорын 2007 жылдан бері қуаты жылына 2 миллион тонна өнім шығаратын цемент зауытының құрылысын жүргізуде. Зауытта 20 маркадан астам жоғары сапалы цементті құрғақ әдіспен өндіру қарастырылған. Бұл цемент құрылыстың барлық жүйесінде пайдаланылады. Технология мен технологиялық қондырғыларды цемент саласының әлемдік көшбасшыларының бірі – Данияның  «FLSmidth» компаниясы тасымалдайды. Цемент зауыты құрылысының жобасы алдыңғы қатарлы технологияның бірегейі және инвес-тиция тарту көлемі бойынша ауқымдысы. Бүгінгі таңда зауытта қондырғыларды құрастыру және жүктемені топтық сынау жұмысы аяқталды. Зауыттың зертханасы аттес-
таттаудан өтті. 56 қондырғыны пайдалануға рұқсат алынды. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Заводская» темір жол станциясын және он төрт темір жолды уақытша пайдалануға беру актісіне қол қойды. «Көкше-Цемент» ӨБ» серіктестігінің бас директоры Мұрат Молтұсынов өз сөзінде тестік тәртіпте 4200 тонна клинкер және 4500 тонна цемент өндірілгенін айтып өтті.
– Сондай-ақ, цементті өңдеудің екінші желісінде, екі цемент силосында, Биг Бэгиге салу және темір жол транспортына арту бөлімдерінде құрастыру және іске қосу жұмысы жүргізілуде. Бүгінгі таңдағы дағдарыс жағдайында кәсіпорында тұрақты қаржылық жағдай сақталды. Еңбекақы әр айдың онына дейін толық көлемде төленеді. Еңбеккерлерге толық әлеуметтік пакет ұсынылады. Кәсіпорынның салық және өзге де төлемдер бойынша қарызы жоқ. Еңбеккерлердің орташа айлық еңбекақысы 92 мың теңгені құрайды. Қазір кәсіпорында облыс аумағында тұратын 545 адам жұмыс істейді. Өткен жылы сексеннен астам адам жұмыспен қамтылды. Зауыт пайдалануға берілгенде еңбеккерлер санын 650 адамға дейін көбейту жоспарланған, – деді серіктестіктің бас директоры.
«Көкше-Цемент» ӨБ» серіктестігінің әлеуметтік көмек көрсетуі аясында Заозерный селосының тұрғындары жыл сайын ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, кәріз жүйелерін тазалайды. Серіктестік қыс айларында жолдарды қардан аршиды. Жалпы, бұл жұмыстарға 4,5 миллион теңге жұмсалады. Жаңа жылда кәсіпорын жергілікті орта мектептегі бастауыш сыныптардың оқушыларына сыйлық жасады. Осы мектепке спорттық құрал-жабдықтар сатып әперді. Жеңіс күні жергілікті Ұлы Отан соғысы ардагеріне демеушілік көмек көрсетті. Кәсіпорын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және инфрақұрылымды дамытуға 8 миллион теңге қаржы бөлді. Степняк қаласындағы мешіттің жөндеу жұмысын қамтамасыз ету үшін жиырма тонналық контейнер бөлді. Өткен жылы тұрғындарға көрсетілген демеушілік көмектің жалпы көлемі 12,3 миллион теңгені құрады. Зауыт еңбеккерлері 2007 жылдан бері Мемлекет басшысы алдарына қойған жоғары мақсатқа қол жеткізу үшін еңбек етіп, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға өздерінің үлесін қосты. Бұл міндетті бірлескен күшпен орындайтындарына сенім мол.

Рамазан БАЯҚҰЛЫ.

Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар