Елбасы – ел тірегі

1-ші желтоқсаннан бастап Қазақстан халқы Тұңғыш Президент күні мерекесін алтыншы мәрте тойлап жатыр. Тағы да еске салар болсақ, 2011 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Яғни, дәл сол уақытта 1 желтоқсанды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні етіп белгіледі.
Расында да, Қазақстан Тәуелсіздік алған уақытта қазақ тарихының тың дәуірі басталды. Дербес Қазақстанды құру туралы бабалардың арман-мақсаты 1991 жылы орындалып, 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланған еді.
Елбасының арқасында тоқсаныншы жылдардың басында Қазақстанда ұлтаралық шиеленістің ұшқыны да болған жоқ. Алдымен ұлтаралық келісімді негізге алған Қазақстан халықаралық дәрежедегі шараларды абыроймен өткізді. Соның ішінде
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің орны бөлек тұрары даусыз. Тұңғыш Президенттің бастамасымен Қазақстанда басынан аяғына дейін кемшіліксіз өткен әлемдік көрме арқылы Қазақстанның абыройы арта түсті.
Бұл мереке біздің Ақмола облысының халқы үшін де аса зор мәртебелі мереке есебінде аталуда. Ақмолалықтар Тұңғыш Президент күні қарсаңында және осы мереке күндері «Елбасы – ел тірегі» атты түрлі шаралар шоғырын зор өрлеумен өткізді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Беларусь Республикасына жасаған ресми сапары берік әріптес саналатын екі ел арасындағы қарым-қатынастардың ашық әрі сенімді сипаты бар екенін тағы да айғақтады.
– Бүгінде біздің арамызда өзара оңтайлы шешімі табылмаған мәселе жоқ. Біз екіжақты күн тәртібінің кең ауқымды мәселелерін қарастырдық. Мен біздің сауда номенклатурамызды кеңейту бағытында жұмыс істеуді ұсындым. Өнеркәсіп кооперациясын нығайтуға және екіжақты сауда-саттық көлемін арттырудың нақты деректеріне айрықша мән берілді. Соңғы алты жыл ішінде Қазақстан мен Беларусь арқылы тасымалданатын Қытай мен Еуропа арасындағы жүк көлемі 100 есеге жуық артты. 2018 жылы бұл көлем екі есе өседі деп күтілуде. Біз осы саладағы Астана мен Минскінің ынтымақтастығы жөніндегі одан әрі іс-қимылдарын белгіледік, – деді Қазақстан Президенті.
Қазақстан Президентінің Беларусь Респуб-
ликасына ресми сапары аясында маңызды құжаттарға қол қойылды. Елбасы екі ел арасында өткен келіссөздер барлық ауқымды өзара іс-қимыл бойынша Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастықтың дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар