Елі үшін аянбаған нар тұлға

 

Облыс орталығындағы  тарихи-өлкетану музейінде  ел тәуелсіздігінің  25 жылдығы шеңберінде  «Алаш арысы – Әлихан Бөкейхан»  тақырыбында музей сабағы өтті.

 

Сабаққа мектеп оқушылары, студенттер мен  өңіріміздің зиялы қауым өкілдері қатысты.  Аталмыш іс-шараның  мақсаты – жастарға Алаш арыстарының бірі Әлихан Бөкейхановтың мұрасын таныстыра отырып,  олардың бойына адамгершілік, патриоттық сезімді  ұялату.
Шара барысында Көкшетау қаласындағы №21 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Ашықкүн Жақанова Әлихан Бөкейхановтың қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарының сақталуы үшін тер төккен азаматтардың бірі екендігін баса айтып,  азаматтық болмысы жайында әңгімеледі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі  Бисара Мәкенова  әуезді әндерімен кештің ажарын ашты.  Осылайша жастар  Алаш қозғалысының көсемі  Әлихан Бөкейханов  жөнінде ажарлы әңгіме естіп, білім көкжиегін молайта түсті.

Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар