Елімізде Наурыз мейрамы көрісу күнімен басталып кетті

 

14 наурызда еліміздің батыс аймағы көрісу күнін атап өтті.

 

Ақтөбеліктер үшін бұл көнеден қалыптасқан мереке. Бұл күні кішілер үлкенге сәлем бере барады, аға буын төс қағыстырады. Биыл да сол дәстүр назардан тыс қалған жоқ.
Оралда да бұл күні жасы кішілер ақсақалды аталарға, әжелерге, ағалар мен апаларға, құда-жегжатқа барып, қол беріп көрісті, «Бір жасыңызбен!» деп құттықтады. Бұл дәстүр еліміздің батыс өңірінде ежелден қалыптасқан. Ол сонау Кеңес дәуірінде де үзілген жоқ. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысымен көршілес Ресейдің Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор облыстарында, Өзбекстанның Қарақалпақстан өңірінде, Түркіменстанда тұратын қандастарымыз да осы күні «Наурыз айы туды!» деп, «көрісу» салтын бастайды. Бұрын дүрдараз болып жүрген адамдар да наурыз келгенде, құшақтасып көрісіп, барлық реніш-өкпесін ұмытады. Бұл да – халқымыздың бауырмалдық салтының бір көрінісі. Наурыз мейрамы 22 наурызға белгіленгенімен, 14 наурызда көрісу айтын атап өтудің еш артықтығы жоқ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар