Елінің тарихын екшеген

 Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, әріптесіміз Сайлау Байбосынның Павлодар қаласындағы «ЭКО» баспасынан «Қанжығалылар» деп аталатын тарихи-танымдық кітабы басылып шықты.

  Аталмыш кітап – «Шежіре немесе тіліміздің төркіні  – Түркі жұрты», «Көрұғылы» дастаны және Қанжығалы этнонимі», «Түркі-Қыпшақ дәуіріндегі Қанжығалылар», «Қанжығалылар Алтын Орда және Қазақ хандығы тұсында», «Ерейментау өңірі және Қанжығалы елі», «Орыстың отарына айналу», «Ақмола сыртқы округінің ашылуы, «Үшбұлақ сыртқы округінің ашылуы және алғашқы Қанжығалы болыстарының құрылуы», «Қамажапар-Қанжығалы немесе Қоржынкөл болысы», «Жетіру-Қанжығалы немесе Ереймен болысы», «Тентек-Қанжығалы немесе Ақкөл болысы», «Әжібай-Қанжығалы немесе Шақшан болысы» тәрізді тараулардан тұрады.
Сондай-ақ, Ерейментау өңірінің діни қайраткерлері деген тарауда – Қазақстан мұсылмандарының қазиы болған діни ғұлама, ақын, аудармашы Сәкен халфе Ғылмани, оның ұстазы Ақтамақ (Ахмет) халфе Ғосманұлы, сол аймақтан өткен дін қайраткерлері Мұхаметжан Біржанұлы, Байдүйсен хазірет Түйтеұлы, Әбен молла Әлімбетұлы, Құндыбай хазірет Таңжарықұлы, Ғали-Әкбар (Әкбар) халфе Жортпаұлы, Ақтан халфе Жақияұлы секілді адамдар жайлы деректер берілген.
Сонымен бірге, Ереймен-Сілеті өңірінде дүниеге келген, бұрындары әдеби айналымға кірмеген Молдажан Жадайұлы, Қуат Арабданұлы, Есіргеп Бөгенбай ақындардың шығармалары ұсынылды. Молдажан мен Қуат ақынның өлеңдері Қазақстан Респуб-ликасы Ғылым академиясының сирек қолжазбалар қорынан алынған. Аталмыш еңбекте Ереймен жерін жайлаған Қанжығалы елінің тарихын бүгінгі күнге жалғастырушы болған Ғалымжан Мұқатов, Өмірбек Тұқпиұлы, Ниғмат Ғабдырахманұлы секілді адамдар жайлы әңгімеленеді.
Кітапта сондай-ақ, Баянауыл өңірін жайлаған Әжібай-Қанжығалы елінен шыққан Есімбай би Дүйсенұлы (ел ішінде ол кісіні Әбеннің Есімбайы деп атаған); Ерейментау, Ақкөл өңірін жайлаған Тентек-Қанжығалыдан шыққан Әлжан батыр Қазанғапұлы, Жетіру-Қанжығалыдан шыққан Байбек шешен Итқұлақұлы, шежіреші Арыстанның Мақаны сияқты бұрындары аттары көп аталмай келген адамдар жайлы әңгіме-деректер ұсынылады.
Кітап қалың оқырманға арналған.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар