Елордамызда өтіп жатқан ЭКСПО көрмесін көруге еліміздің барлық өңірлерінен келушілер көп. Мұнда шынында, әлем елдерінің баламалы қуат көздерін өндіруге қатысты ең озық жобалар бойынша тамашалайтын жайлар аз емес екен.

Елордамызда өтіп жатқан ЭКСПО көрмесін көруге еліміздің барлық өңірлерінен келушілер көп. Мұнда шынында, әлем елдерінің баламалы қуат көздерін өндіруге қатысты ең озық жобалар бойынша тамашалайтын жайлар аз емес екен. 

Өз әріптестеріммен және Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінің ұстаздарымен бірге маған да айтулы көрмені тамашалаудың сәті түсті. Түрлі елдердің павильондарын аралай жүріп, бұрын өзіміз естіп-көрмеген көптеген озық технологияны көзіміз көрді.
Бүгінгі күні елімізде де өзекті мәселеге айналып отырған тұрмыстық қалдықтарды өңдеуге арналған  Францияның технологиясы бізді ерекше таңдандырды. Чехословакияда құрастырылған, саяжайда қолдануға болатын ақылды үй де қатты қызықтырды.
Сондай-ақ, олар осы үйдің қолданыс ретін айтып түсіндіріп, жауын суын ішуге жарамды етіп жедел өңдеуден өткізетін технологияны бейнесурет арқылы көрсетіп берді. Күншығыстағы жапон елінің заманауи электромобилі де атмосфералық ауаны улы газды түтінмен ластамауға молынан септеседі.  Осылайша өзге мемлекеттерге  қатысты көптеген жаңалықтардан хабардар болып, көрмеден көңіліміз толып оралдық.

   Гүлбағдат САҒИЕВА,
Ерейментау аудандық әкімдігінің  ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар