Ересектер мен балалар өртте қалмаса екен

«Өрт – тілсіз жау» деп тегін айтылмаған. Одан келетін қайғы-қасірет пен материалдық шығынның орны толмайтын жағдайлар өмірде жиі кездеседі.

Өрттің шығу себептері әртүрлі. Кең таралғаны от жаққандағы, оның ішінде темекі шегу кезіндегі абайсыздық пен балалардың шалағайлығы, сондай-ақ, пешті, электр жүйесін және электрқыздырғыш аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу болып табылады. Оқиғалар кезінде ересектер мен балалар қайғылы қазаға ұшырауда. Өткен жылы Көкшетау қаласы, Станционный, Чайкино кенттері мен Краснояр селосында 135 төтенше жағдай орын алды. 1 адам қаза тауып, 4 адам жарақаттанды. Өрттердің 80 пайызы тұрғын үй секторында болды. Пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзудың салдарынан 32 өрт оқиғасы орын алып, материалдық шығын 10 миллион теңгені құраған. Биылғы жылдың 13 ақпанында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі мен апаттық құтқару жұмыстары мекемесінің күштер мен қаржыны жедел басқару орталығына Көкшетау қаласындағы әкімшілік ғимараттан түтін шығып жатқаны жөніндегі хабар телефон арқылы түсті. Өртті сөндіру барысында аталмыш ғимараттан бөлмені жалға алған фирма қызметкерінің мүрдесі табылды.
2017 жылдың 24 қаңтарында облыс орталығындағы екі пәтерлі тұрғын үйдегі өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілер 3 адамның мүрдесін тапты. Биылғы жылдың 28 қаңтарында Сандықтау ауданының орталығы – Балкашино селосында екі қабатты тұрғын үйдің пәтеріндегі өртті сөндіру барысында 1 және 4 жастағы екі баланың мүрдесі табылды. Үстіміздегі жылдың 28 қаңтарында Аршалы кентінде екі қабатты тұрғын үйдің пәтерінде өрт болып, осы жерден 4 және 5 жастағы екі баланың мүрдесі табылған. Өрттің шығу себептері анықталуда. Ересектер мен балалар өліміне байланысты Көкшетау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындардан жылу беру маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауды өтінеді.
Руслан ҚУАНЫШЕВ,
Көкшетау қалалық төтенше жағдайлар
басқармасының аға инженері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар