Ересектерге де білім қажет

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және қарттар айлығы шеңберінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Ересектердің өмір бойы білім алу әлеуетін арттыру» тақырыбында халықаралық форум өткізді.

Форум жұмысына облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қатысып,  ардагерлерге деген жүрекжарды жылы лебізін білдіріп, игі шараға сәттілік тіледі.
Биыл төртінші рет өткізіліп отырған айтулы шараның мақсаты қарт адамдардың қоғамдық белсенділігін арттырып, олардың жинаған бай тәжірибелерімен бөлісу. Скандинав елдерінен бастау алған бұл жақсы үрдіс біздің елімізде де қолдау тауып отыр. Үш күнге созылған шараның алғашқы күні ардагерлер Атбасар ауданында бас қосты. Аудандық мәдениет үйінде жұртшылықтың көп жиналуы аталмыш шараға деген халықтың қызығушылығын айғақтағандай. Келесі күні форум Сандықтау ауданында жалғасты. Ал, үшінші күні  аталмыш институттың мәжіліс залында қорытынды басқосу өткізді.
Институт директоры Еркін Исімбаев та өмірге құштар қариялардың қоғамдық істерге белсене араласып, білімдері мен біліктіліктерін әлі де дамытудың маңыздылығын атап өтті. Дат мәдениеті институтының құрметті профессоры Финн Андерсеннің форумға жиналғандарға арналған құттықтауы оқылды. Бұдан кейін Омбы мемлекеттік университетінің доценті Людмила Берестовская, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл ардагерлерге деген ыстық ықыластарын білдірді.
Ресейден осы шараға арнайы келген ЮНЕСКО акциясының ұлттық үйлестірушісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор  Нина Литвинова егде адамдардың өмір бойы білім алуының ерекшеліктеріне және маңыздылығына тоқталып, көптеген құнды ақпараттарға негізделген мәнді баяндама жасады. Одан әрі институт директорының орынбасары Айсұлу Ақышева, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Динара Бекенова, Атбасар қаласындағы №3 орта мектептің директоры Ғазиза Қызкеновалардың мазмұнды баяндамалары тыңдалды. Өз кезегінде педагогика саласының ардагері Мария Габченко білім адамға өмір бойы қажет болатынын өз тәжірибесі арқылы шынайы баяндап берді.
Форумға белсене қатысқандарға институттың арнайы сыйлықтары тапсырылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Марат Мерекеұлы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар