Ерлік ешқашан ұмытылмайды

Облыстық мәдениет басқармасы мен Көкшетау қаласының тарихи мұражайы бірлесіп Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған акция ұйымдастырды.

Игі шараға еліміздің Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери-техникалық мектебі Щучинск филиалының сарбаздары, соғыс және еңбек ардагерлері қатысты. «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, қан майданда қаза тапқан жауынгерлер бір минуттық үнсіздікпен еске алынды. Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы полковник Владлен Лесничий, тыл еңбеккері Нина Василенко сөз алып, кейінгі ұрпақ өкілдеріне өздерінің игі тілектерін жеткізді. Онан әрі акция қатысушылары облыс орталығындағы Ұлы Отан соғысымен байланысы бар орындарға саяхат жасады.      
«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар