Ертеңгі күннің қамы бүгіннен

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті облыс орталығындағы мемлекеттік қызметшілер үшін  Ұлт жоспарының бес институционалдық реформасының «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» атты бірінші бағытын жүзеге асыруға арналған семинар ұйымдастырып, келесі жылы өткізілетін кешенді аттестаттау туралы ақпарат берді.

Семинардың жұмысына жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың, басқармалардың басшыларының орынбасарлары, мемлекеттік қызметшілері, персоналды басқару қызметтерінің өкілдері қатысты.
Іс-шараны жүргізген департамент басшысының орынбасары Ерлаз Жайықбаев сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айта келе, 2017 жылдың 1 жартыжылдығына жоспарланған «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кешенді аттестациясын өткізу тәртібін түсіндіріп берді. Жиналған қауым аттестацияны өткізу кезеңдері, лауазымдардың санатына байланысты аттестаттау комиссияларының деңгейлері туралы ақпаратпен танысты. Уәкілетті органның, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіретін аттестаттау комиссиялары жұмысының объективтігін, айқындығын қамтамасыз етуге ерекше мән берілді.

Семинар барысында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, аттестаттау кестесіне сәйкес облыста мемлекеттік қызметшілерді тестілеу бойынша дайындық жұмыстары қаңтар айында өткізіліп, ақпанда басталатындығы айтылды.
Аттестаттау кезінде мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының Заңдары мен заңнамаларына қатысты сұрақтар қойылмайды, тек мемлекеттік қызметшілердің жеке психологиялық трафаретіне құрылған тест сұрақтары беріледі. Тест тапсырмасында берілетін нұсқалардың барлығы дұрыс болады, тек жауап беруші қызметшінің таңдаған нұсқасына байланысты оның білім деңгейі мен қызметіне сәйкестігі анықталады. Семинарда сонымен бірге, белгілі бір топқа жататын қызметшілер аттестаттаудан босатылатындығы айтылды.  Мәселен, зейнетке шығу мерзіміне кем дегенде екі жылдай уақыты қалған мемлекеттік қызметшілер, жалғызбасты аналар, жүктілік мерзімі 12 аптадан асқан немесе 3 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер, мүгедектер аттестаттаудан босатылады.
Облыста 5980 мемлекеттік қызметші болса, олардың 3224-і тестілеуден өтуі тиіс. Аттестаттау үш деңгейде төрт кезең бо-йынша өткізіледі деп күтілуде. Облыс бо-йынша 34 аттестаттау алаңы құрылмақшы. Мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау мәселесіне қатысты түсіндірме жұмыстары облыс аудандары мен қалаларында жан-жақты белсенді жүргізіліп жатыр. Ұқсас семинарлар Көкшетау қаласының Сәтбаев көшесі 1 Б және Абай көшесі 89 мекен жайларында орналасқан мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің қамтылуымен өткізілді. Олардың ішінде табиғи ресурстар және табиғатты реттеу, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, тілдерді дамыту, білім, денсаулық, мәдениет, ішкі саясат басқармалары бар.
Сонымен қатар, аяқ басқалы отырған 2017 жыл қарсаңында мемлекеттік қызметшілерге түрлі мекемелер мен өздерінен төмен құрылымдардың қызметкерлерінен түрлі сыйлықтар жасалатындығы және оған төзбей, сыбайлас жемқорлыққа тән іс-әрекетке жол бермей, оның алдын алу мәселелеріне назар аударылды. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар