Есеп беру нәтижелері нақтылы өзгерістерден байқалады

Елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар, мемлекеттік индустриялды-инновациялық бағдарламаларды іске асыру, ауылды, тұрғын үй құрылысын дамыту, адамның өмір сүру деңгейін жақсарту жөніндегі мәселелерді шешу, сондай-ақ, одан әрі қоғамды жұмылдыру туралы халықты ақпараттандыруды арттыру үшін, 2018 жылғы 15 қаңтар мен 23 ақпан аралығында облыс өңірлерінде барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулері өткізілді.
Есеп беру кездесулерінде 1194 адам сөз сөйледі, 781 ұсыныс енгізілді, мемлекеттік органдар басшыларының атына сыни ескертулер айтылған жоқ.
776 ұсыныс әлеуметтік сипатта болды, 4 –экономикалық
сипатта, 1 – мемлекеттік қызмет көрсету бойынша, саяси сипаттағы ұсыныстар келіп түскен жоқ.
688 ұсыныс бойынша түсініктеме берілді, 81 ұсыныс өңірлердің оларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларына енгізілді. Облыс әкімінің өкімімен 8 ұсыныс бақылауға алынды, 2018 жылғы 1 сәуірге дейінгі жағдай бойынша барлық ұсыныстар орындалу сатысында, олардың орындалу мерзімдері аяқталған жоқ.
Барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерінде халықтан келіп түскен ұсыныстардың орындалуы туралы барынша толық ақпарат облыс әкімінің сайтына орналастырылды.
Қанат Шөкенов,
Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы.

Пікір қалдыру

Міндетті өрістер таңбаланған Обязательные поля помечены *