Есте сақтаудың тиімді әдісі

Емтихан тапсырар алдындағы студенттің жағдайын есіңізге алып көріңіз. Қысқа уақыт ішінде қалың кітаптарды оқып, тым болмаса ең қажетті мәліметтерді есімде сақтайын деп жанталасқан ол бар дүниені ұмытады.

Негізгі деген мәліметтерді қайталап оқу миды тез шаршатып, адамды жалықтырады дейді ғылым. Осы орайда, ғалымдар мидың ерекшеліктерін еске алып, интервалды қайталау әдісін ойлап тауып, ұсынып отыр. Қазіргі тәжірибе көрсетіп отырғандай бұл тәсіл жаңа мәліметтерді есте сақтаудың ең тиімді және оңай тәсілі болып табылады. Ол шет тілдерін үйренуге де, емтихан тапсыратын студентке де таптырмайтын құрал екен.
Интервалды қайталау әдісі былай жүзеге асады: мәліметтерді тең бөліктерге бөліңіз, әрбірін сұрақ және жауап түрінде қағазға жазыңыз, содан кейін оларды тақырыптарға бөліңіз. Егер сіз сұрақтарға бір оқығаннан кейін дұрыс жауап берсеңіз, оны жайына қалдырыңыз, яғни, бұл мәліметті жадыма сақтадым деп санауыңызға болады. Егер қағаздағы сауалға жауап беру қиындаса, онда бұл сіздің жиі қарап, қайталайтын мәліметіңіз болмақ.
Ми маңызды деп санаған мәліметті оңай жадында сақтап қалады. Оған күнделікті көріп жүретін жайларымызды жатқызуға болады. Мәліметті жиі қарап, қайталап отыруға негізделген интервалды тәсіл мидың осы ұстанымын пайдаланады. Интервал қайталаулар қарапайым болғанымен, есте сақтауда таптырмайтын тиімді әдіс болып саналады. Ол біздің мәліметті қайта-қайта оқып, жаттығуымызға мәжбүрлейді. Мұның өзі ақылымыздың бұлшық етін жаттықтырғанға ұқсайды. Ми осыған орай әсерленіп, жүйке жасушаларының арасындағы байланысты күшейтеді.
Егер сіз есте сақтау қабілетіңізді жақсартамын десеңіз, онда интервалды қайталау тәсілін қолданып байқауыңызға болады.

Интернет материалы бойынша дайындаған Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар