«ForteBank» кеңсесі ашылды

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин Көкшетау қаласында «ForteBank»  акционерлік қоғамының жаңа кеңсесінің ашылу салтанатына қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Бұл банк қазіргі таңда Қазақстандағы банктердің алғашқы ондығына кіретін, ең ірі әрі тұрақты қаржы институттарының бірінен саналады. Енді «Қазпошта» акционерлік қоғамының филиалы ғимаратының жанынан ашылған жаңа кеңседе жоғары білікті банк қызметкерлері жұмыс істейді. Заңды және жеке тұлғаларға арналған банк қызметінің барлық түрі көрсетіледі. Осы күні облыста аталмыш банктің 30 мыңға жуық клиенті болса, оның 1 мыңы заңды тұлғалар. Көкшетауда жаңа филиалдың ашылуы банк қызметкерлері үшін де маңызды.
– Еліміздегі қаржы институттарының ішінде «ForteBank» акционерлік қоғамының алар орны ерекше. Сондықтан, ақмолалық кәсіпкерлермен өзара бірлескен жобалар жасауға, облыстағы өнеркәсіп пен шағын және орта бизнес саласына несиелік жәрдем көрсетуге септігі тиеді деген сенімдемін, – деді өңір басшысы құттықтау сөзінде.
Шара барысында облыс әкімі Мәлік Мырзалин және «ForteBank» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Мағжан Әуезов өзара әріптестік туралы екіжақты меморандумға қол қойды. Қазірдің өзінде банк облыста 8 жобаға 1 миллиард 350 миллион теңге инвестиция салып отыр.

 

Аслан Оспанов.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар