Ілкімді істерімен көш ілгері

Таяуда аудан əкімі Қанат Сүйіндіков Ешім жəне Запорожье ауылдық округтерінде жұртшылықпен кездесіп, өткен 2016 жылғы ауданның əлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жылға арналған даму жолдары туралы есеп берді.

Жұртшылықпен кездесу барысында алдымен Ешім ауылдық округінің əкімі Олжас Əбжанов «Округтің 2016 жылғы əлеуметтік- экономикалық дамуы жəне 2017 жылға арналған жоспарлары» туралы баяндама жасады. Баяндамашының уəжіне қарағанда, округ тұрғындарының хал-ахуалы жыл өткен сайын біртіндеп жақсарып келеді. Сөз арасында айта кетелік, округ құрамына Моностырь, Қазақстан, Ешім елді мекендері кіреді. Тұрғындардың да саны едəуір, 1456 адам. Ауыл тұрғындарының негізгі кіріс көзі – ауыл шаруашылығы. Мұнда «Ешім-Астық» ЖШС жұмыс істейді. Біршама қуатты серіктестік 21 мың гек- тардан астам жерге дəнді дақылдар егеді. Серіктестік диқандарының еселі еңбегіне орай, ырыздығы да мол. Өткен жылғы егін орағында гектар берекесі 13,4 цент- нерден айналды. Оған қоса округте 22 шаруа қожалығы бар. Серіктестіктің жəне шаруа қожалығының басшылары ауыл тұрғындарына қарайласуда. Округ- те көгалданыру жұмыстарына көп көңіл бөлінуде. Бұл мəселеге 2016 жылы 325 мың теңге қаржы бөлінді. Бұрын аз- дап жүдеңкіреген парк, стадион жəне ескерткіштерді қалпына келтіруге 125 мың теңге қаржы бөлінді. Жүз мың теңгеге ағаш көшеттері сатып алынып, егілді. Өткен жылы «Аймақты дамыту» аясында Ленин атындағы көшені жарықтандыруға 1 миллион 335 мың теңге қаржы бөлініп, ойға алған жоспар толық жүзеге асырылды. Алдағы жылы елді мекендердің көшелерін жарықтандыру жоспарланып отыр. Осын- дай ілкімді істер атқарылып жатқан ауылда əлі де түйткілді мəселелер көп-ақ. Тұрғындардың талап-тілектерін ескере оты- рып, қоғамдық монша, шаштараз ашу қажет. Ел үшін керекті осындай қызмет орын- дарын ашуға ұмтылған ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алуға қажетті құжаттарын тапсырғанымен кепілдікке қоятын мүліктері болмағасын несие ала алмай отыр. Қазір шындығын айтқанда ерінбей еңбек еткендердің ісі алға басатын заман. Мемлекет тарапы- нан да нақтылы көмек көрсетіліп отыр. Мəселен «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары ауыл тұрғындары үшін өте қолайлы. Осы оңтайлы бағдарламалардың шеңберіндегі көмектің негізінде өз ісін дөңгелетіп отырғандар да бар. Мəселен, Жаслан Қожамбеков пен Ерсін Құсайынов əрқайсысы несиеге 200 бастан қой сатып алды. Осындай кездесу Запорожье ауылдық округінде де болып өтті. Жиында сөз сөйлеген округтің əкімі Олжас Əбжановтың айтуынша, қазіргі таңда бұл елді мекен- де 2711 адам тұрады. Ел еңсесін тіктеп, халықтың əл-ауқатын көтеруге шағын жəне орта бизнестің тигізетін септігі өте мол. Осы орайда, округтегі «Запорожье», «Түгел-С», «ПромМебЦентр» сияқты ЖШС мен 14 шаруа қожалығы халыққа қызмет көрсетіп тұрғандығын айта кеткен жөн болар. Бұл мекемелерде барлығы 598 адам жұмыс істейді. Жыл сайын машина-тракторлар жаңартылып отырылады. Өткен жылы «За- порожье» ЖШС-не 1 миллиард 122 миллион теңгеге 6 Джон Дир комбайны сатып алын- ды. Округте 49 шағын жəне орта кəсіпкерлік тіркелген. Күніне 850 бөлке нан пісіретін екі наубайхана, өткен жылы «ПромМеб- Центр» ЖШС-нің ғимаратында тіс емдеу кабинеті ашылған. Өткен жылы ауылда «Запорожье» ЖШС-нің қаражатына жаңа спорт кешені салынды. Ауыл мəдениеті мен спорты да көпкөрім тəуір. Ауылдық кітапхана қоры жылдан-жылға молайып келді. Сондай-ақ, шағын футбол, баскетбол секциялары жұмыс істейді. Бұдан кейін мінбеге аудан əкімі Қанат Сүйіндіков көтеріліп, тұрғындар алдында «2017 жылға арналған міндеттер жəне 2016 жылғы Жақсы ауданының əлеуметтік- экономикалық даму қорытындылары ту- ралы» егжей-тегжейлі есеп берді. Кезде- суде елді мекендердің хал-ахуалы ортаға салынып, алдағы жұмыстар сараланды. Жиында орта жəне шағын бизнесті, мал шаруашылығын дамыту, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу арқылы аудан тұрғындарының жұмыспен қамтылуын жақсарту, ауылдық округ аумақтарын абаттандыру бағыттарында жұмыстар жүргізілетіні айтылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар