Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Өз ерін ұмытпайды

Көкшетау қаласында еліміздің ардақты азаматы, белгілі тіл жанашары Амангелді Байкенұлы Жақыпбековке арналған Мұрат қажы Ыдырысұлының «Қазақ қазақты іздесе»  атты естелік кітабы жарық көріп, тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. 

Қазақ тілінің өркендеп дамуы үшін ерен еңбек атқарған есіл азаматты  жиналғандар тебіреніспен еске алды. Көпшілік қауым Амангелді Байкенұлының қаламыздың тіл мәдениетіне қосқан үлесімен бірге жалпы, мәдениет  саласы саңлақтарына көрсеткен  қамқорлығын тілге тиек етті.
– «Қазақ қазақты іздесе» атты  естелік кітапқа марқұмның туған жерінің тарихы, замандастарының сырлы естеліктері, ағайын-туыстың сағынышқа толы лебіздері, өмір деректері мен отбасы жөнінде мағлұматтар енгізілді, – дейді кітап авторы Мұрат қажы Ыдырысұлы.
Қамқор ағаның қадірін  білер іні ретінде арда азаматтың туған бауыры  Әжібай Жақыпбеков былай деді:
–Амангелді ағамыздан біздің жасымыз әлдеқайда кіші. Ол кісі әкеміз  қайтқан соң, барлығымызға әке орнына әке болды. Сондықтан, кіші іні-қарындастары ағамызды  «Бапа» деп атадық. Бәрімізді өсірді, жеткізді, үй қылды. Ғұмырының соңына дейін  қарағайдай қасқайып қамқоршы болып өтті. Бүгін міне, Мұрат  ағамыздың қолдауының арқасында естелік  кітап жарық көріп, Бапамыздың өзі тұрған үйіне  ескерткіш тақта қойылды. Сондықтан, сауапты іске қолдау көрсетіп, қамқорлық  білдірген барша азаматтарға  отбасымыздың атынан алғыс  айтамыз.
Елін сүйген ерді қашанда елі сүйген! Кітаптың тұсаукесері өткен жиында облыс өнерпаздары әннен шашу шашты. Амангелді Байкенұлының көзін көргендер оның бойындағы ел біле бермейтін асыл қасиеттері туралы айтып берді.
Қымбат-Ай ТОЙЛЫБАЙ.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 7143
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 4341727