Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Туған жердің музейі

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында Широкое ауылдық округіне қарасты Богородка селосында тарихи-өлкетану музейі ашылды. 

Қарттар айлығы аясында өткізілген бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Гүлнәр Қадырова мен ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Назымбек Кәрімжанов және «Широкое» серіктестігінің басшысы Валерий Дынько қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Селолық клубтың бір бөлмесіне орналасқан музейге өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы сауатсыздық жою курсына қатысқандардың фотосуреттерінен бастап, Ұлы Отан соғысы, тың игеру жылдарындағы  ауыл және жекелеген тұрғындардың өміріне қатысты деректер мен фотосуреттер, басқа да заттар қойылған. Ауыл тұрғындары музейді көріп көзайым болған соң, жергілікті өнерпаздардың ұйымдастырған концертін тамашалады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Сандықтау ауданы.

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 7143
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 4341727