Біздің байтақ даланың ойы-қыры ертегі, Аршып алған ұрпаққа құпиясын шертеді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланғаннан соң, әр аймақта өлкетану бағытында арнайы экспедициялар ұйымдастырылып, тарихи маңызы бар орындар қайтадан анықталып, нақтыланып, оларды келер ұрпақ санасында қалдыру үшін түрлі...


Толығырақ...

Майданда шыңдалған достық

Осы уақытқа дейін Ұлы Отан соғысының тарихында өзге ұлт өкілінің, бұрынғы командирінің қазақтың қарапайым ауылына қазақтың қарапайым шалын, бұрынғы қол астындағы сарбазын іздеп келгенін әлі күнге естімеппін.


Толығырақ...

Қарт жауынгер пәтер алып қуанды

Кеше облыс әкімі Мəлік Мырзалин кезекті жұмыс сапарымен Сандықтау ауданында болып, 18 пəтерлі тұрғын үй мен спорттық-сауықтыру кешенінің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйледі.


Толығырақ...
123

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Тамыз 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қонақ

Қазір 294 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Ән әлеміндегі әбестік немесе қазіргі тойдан алар ұлағат пен тағылым бар ма?!

Бала жастан құлын-тайдай тебісіп бірге өскен құрдастың кенже ұлы шаңырақ көтеріп, ақ түйенің қарны жарылған қуанышқа орайластырып той жасаған. Облыс орталығындағы ең үлкен, ең сәулетті мейрамханада ине шаншатын бос орын жоқ. Той дастарханы да тағамнан қайысып тұр.

Толығырақ...

Балауыз мүсіндер көрмесі Көкшетауда

Көкшетауға Санкт-Петербургтің балауыз мүсіндер музейінің көшпелі көрмесі келді. Әлемге танымал музей мұнда ең таңдаулы деген балауыз мүсіндерін әкелген екен. Айта кетерлігі, мұндай көрме Көкшетауға бұдан бұрын да келген болатын. 

Толығырақ...

Қамшыңның сабы сынғаны, сағыңның сынғаны емес пе?!

Қазақтың бір мақалы бар. «Қатын өлді, қамшының сабы сынды»,–   дейді сол мақал. Осы бір ауыз сөзді біреудің өмірлік серігі әрі жан жары, балаларының ең қымбатты адамы, отанасы,  бір шаңырақтың шырағы мен қазан-ошағының  құты мен ырысы, бір үйдің әйелі қайтыс болып, қайғыдан қабырғасы қайысып отырған ер азаматты жұбату үшін әлдебіреудің «жарайды, қатын өлді, қамшының сабы сынды деген бар»,– деп  жеңіл-желпі көңіл айтып, соның өзін жай бір әзілге айналдыра салғандығын естіп, өн бойымның мұздап сала бергені  де  болды. 

Толығырақ...

Виртуалды ақшаға көшетін күн бола ма?

Көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін виртуалды ақша – криптовалюта деген ұғымның пайда болғанына төрт-бес жылдың ғана жүзі болыпты. Алғашқы кезде есіктен имене аттаған криптовалюта кейін құны шарықтап көкке көтеріліп, бүгінде біраз елдердің мемлекеттік деңгейде есеп айырысатын құралына айналып үлгерді. Биткойн деп аталатын криптовалютаның кең таралған түрінің құны  қазір нарықта бес жарым мың доллардан асқан, яғни, бір биткойнды 5, 6  мың АҚШ долларына сатып ала аласыз. Сөйтіп, ол ең құнды зат саналатын алтынды да шаң қаптырып кетті. 

Толығырақ...

Қазақ билері және Ұлы Дала заңдылығы

Ақмола облыстық соты мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті бірлесіп өткізген «Қазақ даласының билер соты – егеменді еліміздің сот-құқықтық жүйесінің негізі» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Қазақ билері, оның ішінде осы Ақмола өңірінен шыққан билер мен шешендер жайында мазмұнды да тартымды баяндамалар жасалған шараға облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, Жоғарғы соттың судьясы, Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі Әділ Құрықбаев, ғалымдар мен құқық қорғау саласының басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Толығырақ...

Жемқорлыққа қарсы тұру қоғамның міндеті

Ақмола облысында жемқорлық қылмыстарын тіркеу төмендеді. Биылғы жылдың жеті айында тиісті органдармен сотқа дейінгі тергеудің бірегей тізілімінде жемқорлық баптары бойынша 57 сотқа дейінгі тергеу тіркелген.

Толығырақ...

Толымды тоғыз ай

Облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік мәжілісінде өңір бойынша ағымдағы жылдың тоғыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары жəне бюджеттің орындалуы, сондай-ақ, алда тұрған міндеттер жан-жақты сөз болды. 

Толығырақ...

Тиімділігі жұмысынан көрінуде

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турында биылғы жылдың наурыз айында Қараөзек ауылында құрылған «Әлихан-Әмір» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің  алғашқы аяқалысымен таныстық. 

Толығырақ...

Құтқару – қиын жұмыс

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының Көкшетау қалалық құтқару бөлімшесінде Құтқарушы күніне орай, баспасөз туры ұйымдастырылды. 

Толығырақ...

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 7173
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 4363197