72 жылдан кейін туған жердің топырағы бұйырды

«Қаза тапқан ең соңғы жауынгердің денесі жерленгенше, соғыс аяқталмайды» – деген орыстың даңқты қолбасшысы Александр Суворовтың сөзімен айтқанда, осыдан жетпіс жылдан астам уақыт бұрын аяқталды деп айтылып жүрген Ұлы Отан...


Толығырақ...

Журналистермен келелі мәселелер жөнінде пікірлесті

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин аймақ басшысы болып тағайындалғанына жүз күн толуына орай, өңірлік коммуникациялар қызметінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен және республикалық басылымдардың меншікті тілшілерімен баспасөз...


Толығырақ...

Көрермен көзайымына айналуда

«Халық – айна, халық – сыншы» деген қазақпыз. Ғұмыр жолым мәдениет саласымен байланысты болғасын ел, өңір жаңалықтарын қалт жібермей, үнемі назарда ұстап отыруға тырысамын.


Толығырақ...
123

Күнтізбе

« Маусым 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Маусым 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қонақ

Қазір 214 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Облыс бюджеті мен қылмысқа қарсы күрес мәселелері қаралды

 

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин мен облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдиннің қатысуымен өткен алтыншы шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті 12-ші сессиясында 2016 жылғы облыс бюджетінің орындалуы,  жергілікті полиция қызметінің жұмысы жайындағы есептері тыңдалды.
Аудан әкімдері мен облыстық басқармалардың басшылары қатысқан сессия жағымды жаңалықтан басталды. Облыс әкімі А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің  президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Сағынтай Елубаевты ҚР Ұлттық академиясының академигі болып сайлануымен құттықтады. Депутат Елена Мащинскаяның Сағынтай Зекенұлының өңірімізді дамытуға қосып келе жатқан үлесі үшін облыстың құрметті азаматы атағына ұсыну жөніндегі пікіріне Ғалым Бекмағамбетов пен Қайрат Сұлтанов тәрізді депутаттар қолдау білдірді.
Мәслихат депутаты Ирина Жукованың басшылығымен өткен  сессияның күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтенов баяндама жасады. Әлемді шарпыған экономикалық дағдарысқа қарамастан, өткен жылы облыс шаруашылықтары мен өнеркәсіп кәсіпорындары біршама жақсы жұмыс істеген. Жалпы, ішкі өнім көлемі 1287 миллиард теңгені құрап, оның алдындағы жылға қарағанда өнім көлемі біршама өскені байқалды. Өндіріс саласындағы қалыпты жұмыс салық түсіміне де оң әсерін тигізіп,  164,2 миллиард теңге қаржы жиналды. Бұл болжамды деңгейдің 100,2 пайызы. Алайда, игерілмей қалған қаржы көлемі  1,7 миллиард теңге болды. Қаржының игерілмеу деңгейі құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларында жоғары болып отыр. Оған 288,5 миллион теңге көлеміндегі алдыңғы жылдардан қалған дебиторлық қарыз қосылған.
Жарыссөзге шығып сөйлеген облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Мереке Мұстафин мен облыстық мәслихаттың  экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Серік Аяғанов өткен жылғы бюджет қорытындысын жан-жақты саралап өтті.
Жергілікті полиция қызметінің қылмысқа және құқық бұзушылыққа қарсы күрес бағытындағы атқарып жатқан жұмыстары жөнінде жергілікті полиция қызметінің бастығы Серік Баймұқанов баяндап берді. Өткен жылдың қорытындысына сай, ауыр қылмыс көлемі 26 пайызға, қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыс саны 20 пайызға азайған. Жол апаттары 13 пайызға қысқарған. Сонымен бірге, учаскелік инспекторлардың қылмысты ашу көрсеткіші 10 пайызға көбейген. Осы жансыз цифрлардың тасасында жергілікті полиция қызметінің жыл бойы атқарған ауқымды жұмыстары жатқаны белгілі. Жергілікті полиция қызметінің бастығы сондай-ақ, шешімін күткен мәселелерге де тоқталып өтті. Ол – жетіспей отырған айықтырғыштар жайы. Сонымен бірге, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс көлемі де өткен жылдармен салыстырғанда өсе түскені байқалуда.
Депутаттық әдеп, заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Әсен Жақсылықов қылмысқа қарсы күрес бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, назар аударатын жайларға көңіл бөлді. Сессияда қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 6354
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 3554582