Ана тәрбиесімен ұрпақ санасы қалыптасады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы Аналар кеңесінің рөлі» тақырыбында өткен республикалық форумда Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола филиалы жанынан құрылған Аналар кеңесінің жұмыс тәжірибесі басқа аймақтарға үлгі ретінде ұсынылды....


Толығырақ...

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады

Министр кездесуде Мемлекет басшысына жанар-жағармай нарығындағы қазіргі ахуал мен мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту барысы жөнінде мәлімделді.


Толығырақ...

Ұлт батыры – Кейкі Көкембайұлы

Кейкі батыр! Халқымыздың жадынан өшпеген, санасынан кетпеген Кейкі Көкембайұлы жастайынан аңшылығымен, мергендігімен және өжеттілігімен кеңінен танылған 1916 жылы Торғай көтерілісінің батыры болды.


Толығырақ...
123

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Қазан 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қонақ

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Шипагер

 

Оны көпшілік тек білікті медицина қызметкері  ретінде ғана емес, кеңпейіл ана,   қамқор әпке, отбасының шуақты отанасы ретінде қадір тұтады. Бір әулеттің береке-бірлігінің ұйытқысы, бір ауылдың үлгі тұтар қадірлісі болып отырған  Сайран Зейнолдақызы өскелең ұрпаққа өзінің өнегелі ғұмыр жолымен үлгі болар жан.

 

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген қазақ.  Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Сайран Зейнолда Аршалы ауданына қарасты Бірсуат фельдшерлік-акушерлік пунктінде медбике болып қызмет атқарады. Медицина қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында біз осы бір аяулы жанмен жақынырақ танысып, сөзге тарқан едік.
–  Ауру азабын тартып, көмек сұрай келген науқасқа қарайласу, қолдан келген медициналық көмек көрсету менің кәсіби міндетім әрі адами парызым. Дәрігер болу бала күнгі арманым десе де болады. Мен 1965 жылы Баян-Өлгей аймағында дүниеге келдім. 1985 жылы Моңғол Халық Рес-публикасы медициналық ғылыми колледжін ойдағыдай тәмамдадым, – деп бастады әңгімесін дәрігер,–  Қазақстан егемендік алып, дербес ел атанған кезде төбеміз көкке жетті. Ата қонысқа оралу ата-бабамыздың асқақ арманы еді. 1992 жылы біз осы көкейде жүрген асыл арманды жүзеге асырып, ата-қонысқа көшіп келдік. Елге оралған соң Арқалық қаласындағы мұғалімдер даярлайтын педагогикалық училищесінде бастауыш сынып мұғалімі мамандығын меңгеріп, алдымен Жақсы ауданында ұстаз болып қызметке тұрдым. Ана болғаннан соң өз басым кішкентай балаларды жақсы көремін. Сәби көрсем жүрегім елжіреп тұрады. Қалай дегенмен де алғашқы меңгерген дәрігерлік мамандығымды аңсап, сағынып тұратыным жасырын емес еді.  2004 жылы Аршалы аудандық ауруханасына жұмысқа орналасу бақыты бұйырды. Аурухана басшылығы еңбегімді бағалап, мені 2006 жылы Бірсуат ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктіне меңгеруші етіп тағайындады. Содан бері осы ауылда еңбек етіп келемін. Қазіргі таңда біздің ФАП-қа 750-дей адам тіркелген. Күніне 15-ке жуық емделуші қабылдаймыз. Мекеме  заманауи технологиялармен жабдықталған. Науқастарды қажет болған жағдайда дер кезінде республикалық клиникаларға емге жіберуге тырысамыз.  Ауылдың адамдары бір әулеттің ұрпағы сияқты. Бірі туған бауырым, бірі ағам, бірі ақылшы анамдай, енді бірі қорған болған асқар тау әкем сияқты. Сол себепті де, ауыл дәрігері болғанымды мақтан тұтамын. Туғандарыма бүйрегім қалай бұрып тұрса, өз
ауылдастарыма да қамқорлық көрсетуге тырысып бағамын,–деді дәрігер өз ойын ортаға салып.
Ол өзі туралы айтудан гөрі, әңгіме желісін қайта-қайта ұжымына қарай бұра бергеннен-ақ кеңпейілді, әрі көпшіл жан екенін аңғартқандай. Әрине, мұның өзі бар ғұмырын медицина саласына арнаған, өмірдің ыстық-суығына шыңдалған адамның бойына сіңірген әдеттері емес, қанында бар қасиеттері болса керек.
– Ауылдық ФАП-та Айгүл Амангелдіқызы мен Эльмира Үстембекова есімді екі көмекші қолқанатым бар. Қыздардың қай-қайсысы болмасын өз ісіне тиянақты, еңбексүйгіш, кәсіби міндеттеріне байыппен қарайтын білікті мамандар. Жүріп-тұруы қиын қарт адамдардың үйлеріне барып, емделуіне жағдай жасаймыз,–дейді дәрігер.
Сайран Зейнолда осы жылдар  аралығында бейнеттің зейнетін де көріп, талай марапатқа ие болды.  Ол үнемі кәсіби міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарайды, көп іздене біледі. Өз тәжірибесінде жаңа емдеу тәсілдерін қолданады. Өзінің теориялық білімі мен іс-тәжірибесін ұштастыра білетін, білімін шыңдап,  арттырып отыратын маман ретінде кейінгі жас мамандарға үлгі болып жүрген дәрігердің бойынан инабаттылық пен ибалық, мейірімділік мен ізгілік, кісілік пен кішілік, парасат пен пайым сияқты адамгершілік қасиеттер көптеп кездеседі.  Ауылдағы жас аналар жаңа туған сәбилері ауырып-сырқап қалған жағдайда күн-түн демей Сайран апайдың көмегіне жүгінеді екен. Шипалы қолдарының қуаты жүздеген сәбиді ауру азабынан құтқарса керек.
– «Келін қайын ененің топырағынан» деген бар емес пе. Ұлым жеке кәсіпкер болса, келінім де өзім секілді дәрігер. Астана қаласындағы «Ана мен бала» орталығында еңбек етеді. Қызым да дәрігерлік мамандықты таңдаған. Жолдасым «Жедел жәрдем» көлігінің жүргізушісі. Астанадан немерелерім келгенде төбем көкке жеткендей қуанамын.  Жалғанда бала күлкісінен әдемі дүние көрген жоқпын. Тәуелсіз еліміз аман, ал, желкілдеп өскен жас ұрпақ осылай алаңсыз, бейбіт күннің құшағында өмір сүрсе екен деп тілеймін,–деп ағынан жарылды ол.
Қолы қалт етсе болғаны қолына гитара алып, ән шырқайтын ақ халатты дәрігердің өнегелі ғұмыр жолы осындай.  Шуағы мұзды еріткен күндей нұрлы шуақты күндер шаңырағыңызды нұрға бөлей берсін деген тілек бар бізде де.
Ұлмекен  ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ.

Аршалы ауданы.

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 7143
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 4340596