Бақылау заңсыздықтың жолын кеседі

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында «Жергілікті атқарушы органдардың сатып алу бағасын заңсыз көтеруіне арналған мемлекеттік сатып алу қорытындыларының мониторингі» атты семинар-кеңес болып өтті.


Толығырақ...

Денсаулық пойызына тұрғындар дән риза

«Саламатты Қазақстан» пойызы Ерейментау қаласына келіп, дәрігер мамандар екі күн бойы аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсетті.


Толығырақ...

Жапон павильонына келушілер саны 500 мың адамнан асты

Көрменің алғашқы күндерінде келушілердің орта саны шамамен 6000-ға жуықтаса, тамыз айы басталғалы 8000-ға жетті.


Толығырақ...
123

Күнтізбе

« Тамыз 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қонақ

Қазір 324 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Жастарды не толғандырады?

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының «Жастарды қолдау» партиялық комиссиясы өңірлік кураторының кезекті  отырысында «Облыс жастарының бос уақыттарын өткізуі және демалысы жайы» талқыланды. 

Шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Ринат Галлямов және облыстық мәслихаттың депутаты Талғат Жалмағамбетов қатысты.
Ринат Галлямовтың айтуынша, облыста жастардың бос уақыттарын тартымды және қызықты  өткізулері бағытында біраз шаруалар жасалған. «Ақмола пікірталас лигасы» қоғамдық бірлестігімен қосылып жастар арасында пікірталас турнирлері дәстүрлі өткізіліп тұрады. Биылғы жылдың сәуір
айында  еліміздің әр аймағынан  40 команданың қатысуымен өткен  «Үш би» пікірталас турниріне ақмолалықтар да қатысып, жақсы өнер көрсеткен. Көңілді тапқырлар клубы жарыстары да үнемі өткізіліп, оған жастар ұжымдары белсене қатысады. Биылғы жылы «Жасыл ел» бағдарламасына облысымыздан жеті жүзден астам студент жастар қатысып, өңірімізді көгалдандыруға өз үлестерін қосты.
Үкіметтің хаттамалық тапсырмаларын орындау мақсатында 2017-2020 жылдарға арналған облыс жастарының бос уақыттарын өткізу жоспары жасалып, бекітілді.  24 бөлімнен тұратын бұл жоспарда жастардың уақытын мазмұнды, қызықты және пайдалы істермен айналысып өткізулеріне жан-жақты көңіл бөлінген. Сонымен бірге, Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде облысымыздан республикалық әлеуметтік бастама картасына кіретін үш жоба ұсынылып отыр екен. «Ақ ниет – ізгілік шуағын төгейік»  жобасында өңірімізде жастардан еріктілер топтарын құрып, тұрмыстары төмен отбасыларды қолдау бағытында жұмыс жүргізілмек. Екінші жоба – «Жастар саябағын» салу. Онда жастардың бос уақыттарын көңілді де қызықты және мазмұнды өткізулеріне жағдай жасау қарастырылады. Бүгінгі күні жастар саябағын салу үшін бюджеттен 80 миллион теңге қаржы бөлінген. Қазір саябақ құрылысы басталып кетті. Келесі жылдың соңына қарай жастар саябағы қызмет көрсете бастайтын болады. Үшінші жоба – «Жастар сарайын» салу. Облыс жастарының мәдени орталығы болатын жастар сарайы жастардың интеллектуалдық, мәдени дамуына игі әсерін тигізбек.
Көкшетау қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Анаргүл Белгібаева  жастармен жүргізіліп жатқан жұмыс жайында әңгімеледі. Еліміздің басқа да өңірлеріндегі сияқты облыс орталығында да жастарды маскүнемдік, нашақорлық және діни экстремистік ағымдардың ықпалынан сақтау өзекті мәселе болып отыр. Орталық осы бағыттарда мақсатты жұмыстар атқаруда.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов  қол жеткен жетістіктер мен атқарылып жатқан жұмысты тізбелеумен шектелмей, орын алған олқылықтарды батыл айтып, соны жою шараларын ойластырған жөн екендігіне назар аударды. Мәселен, Ақмола облысы жастар арасындағы ажырасушылық көрсеткіші жағынан елімізде бірінші орында тұр екен. Статистикалық деректерге назар аударсақ, қазір үйленген әрбір екінші отбасы ажырасуда. Мұның астарында жастармен, оның ішінде жастарды отбасылық өмірге дайындаумен мақсатты айналыспау жатқаны анық. Жастар арасындағы маскүнемдік, нашақорлық сияқты жаман әдеттердің таралуы-
на тосқауыл қою да маңызды міндет.
Еркін пікір алысу түрінде өткен шарада облысымыздың әр өңірінен келген жастар ұйымдарының өкілдері өздерін толғандыратын мәселелер туралы айтып, оны шешудің жолдарын талқылады.
Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 6738
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 3909721