Ана тәрбиесімен ұрпақ санасы қалыптасады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы Аналар кеңесінің рөлі» тақырыбында өткен республикалық форумда Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола филиалы жанынан құрылған Аналар кеңесінің жұмыс тәжірибесі басқа аймақтарға үлгі ретінде ұсынылды....


Толығырақ...

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады

Министр кездесуде Мемлекет басшысына жанар-жағармай нарығындағы қазіргі ахуал мен мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту барысы жөнінде мәлімделді.


Толығырақ...

Ұлт батыры – Кейкі Көкембайұлы

Кейкі батыр! Халқымыздың жадынан өшпеген, санасынан кетпеген Кейкі Көкембайұлы жастайынан аңшылығымен, мергендігімен және өжеттілігімен кеңінен танылған 1916 жылы Торғай көтерілісінің батыры болды.


Толығырақ...
123

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Қазан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қонақ

Қазір 406 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Өз ісінің майталманы

Құрылысшылар жер бетіндегі ең жасампаз мамандықтың иесі. Себебі, еліміздің дамуына осы бір мамандық иелерінің қосып жатқан үлестері зор. Менің баяндағалы отырған кейіпкерім осынау игі мамандықтың қыр-сырын меңгерген шебер де білікті құрылысшы – Зарап Кәрібайұлы.

 

Әркімнің болашақ мамандығы оның бала кезінен әуестенетін, қызығушылық танытатын әрекеттерінен көрініп тұрады. Зарап көп балалы қарапайым отбасында дүниеге келгендіктен бе, әйтеуір кішкентайынан қолынан балғасы мен балтасын тастамайтын еңбекқор, елгезек, қара жұмысқа жақын болып өсті. Үлкендер оны нағашы атасы Құлмұханбетке тартып, ұста болады-ау деп жорамалдайтын.   «Баланың жақсысы нағашыдан» дейтін сөз бар емес пе, мүмкін шынымен де оның еңбекқорлығы нағашыларынан дарыған болар. Бала жастан бойына дарыған осы қасиет Зарап Кәрібайұлын белді құрылысшы атандырды.
Ол бұрынғы Көкшетау облысының Айыртау ауданындағы Қарақамыс ауылында дүниеге келді. Әкесі Кәрібай ауылдық кеңестің хатшысы болса, анасы үй шаруасымен, бала тәрбиесімен айналысты, соған қоса, ауылда газет-журналдар мен хаттарды таратып, пошта саласында да біраз еңбек етті. Ол кезде газет-журналдарға адамдар өз еріктерімен көптеп жазылатын. Пошта қызметкері  елге сыйлы қадірлі мамандық саналатын. Міне, осы отбасында үш қыз бен төрт ұл дүниеге келді. Бала-шағаның қамын ойлаған ата-ана мына өмірдің ыстығы мен суығына төтеп беріп, отбасының берекесі үшін қысқа жіптің күрмеуін тауып, балаларын өсіріп жеткізді. Зарап ер балалардың кенжесі еді.
Ол орта білім алған соң, жоғары оқу орнын тәмамдады. Құрылысшы-инженер мамандығын жүрек қалауымен таңдап алды. Мамандық иесі атанбай тұрып, ол еңбек жолын Ресейдің Түмен облысындағы Ханты-Мансийский округінде олимпиада қалашығы салынып жатқан кезде бастады. Сол құрылыс басында ағалары Тоқтарбек, Әлімбек үшеуі еңбек етті. Бұл жерде істеген жұмысы ол үшін үлкен тәжірибе мектебі болды. Ресейде бір-екі жылдай жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған соң, туған еліне оралды. Көкшетау қаласында «МГТ-Астана» атты елордалық серіктестікке жұмысқа орналасты. Бұл құрылыс мекемесі тоқырау кезеңдерінде бірнеше жылдар бойы тоқтап қалған тұрғын үй нысандарына жан бітіріп, қала тұрғындарына жаңа пәтерлер салып берді. Зарап осы серіктестіктің құрылыс шебері болды. Кейін бюджеттен құрылыс саласына қаржы бөлініп, қаламызда күрделі ғимараттар бой көтере бастады. Солардың бірі – Бурабай спорт сарайы еді. Оның алғашқы қазығы қағылғаннан бастап, ол сол құрылыс учаскесін басқарды. Қарамағына жас мамандар алып, жұмысқа қызу кірісіп кетті. Әрине, құрылыс алаңындағы жұмыстың бәрі ойдағыдай бола бермейтіні мәлім. Бірде қаржы мәселесі туындайды, енді бірде материалдар дер кезінде жеткізілмейді. Әйтеуір, не керек жоба толықтай іске асырылып, спорт сарайының ғимараты белгіленген мерзімде пайдалануға берілді. Сырт көз сыншы дегендей, сол кезде құрылыс саласында жүрген азаматтар жас маманға сенімсіздік танытып, бірнеше мәрте тексеру жұмыстарын ұйымдастырған. Бірақ, ол кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің арқасында нысанның жобаға сай салынып, тұрғызылғандығын дәлелдеп берді. Осынау тексерістердің бірінде өзім де бірге болдым. Сонда құрылысшының майталман мамандарға өз жұмысының нәтижелі, жобаға сай екендігін дәлелдей білгеніне риза болдым. Қазіргі уақытта бұл зәулім ғимарат қала тұрғындарының спортпен шұғылданатын үлкен нысанына және  демалыс орнына айналды.
Зараптың жұмысына берілген майталман және кәсіби маман екендігін аңғартатын тағы бір құрылыс нысандарының бірі – Көкшетау әуежайы. Әуежай ғимараты қайта жаңғыртылды. Ұшақтарды қабылдау алаңын әлемдік стандартқа сай етіп, қайта салдырып, түбегейлі өзгерістер жасады.
Бүгінгі күні Астанадағы бүкіл әлем назарын өзіне аудартып жатқан ЭКСПО-2017 көрмесінің қалашығын тұрғызуға да оның қосқан үлесі бар. Қазақстанның «Нұр Әлем» ғимараты құрылысының темір конструкцияларын құрастырып, дәнекерлеу жұмыстарына атсалысты. Осындай жауапты жұмыстың басы-қасында жүрген Зараптың еңбегін астаналық құрылысшылар да жоғары бағалайды.   Қазіргі кезде ол Назарбаев университетінің алаңында 42 метрлік стелла орнату жұмыстарымен айналысып жүр. Оның құрылысын қыркүйек айына дейін тапсыру көзделіпті.
Білімді, ұйымдастыру қабілеті жоғары, алдындағы кедергілерге төтеп бере алатын маманның бойынан жауапкершілік пен ұқыптылық, кішіпейілділік пен   сыйластық лебі әрқашан тілдесе қалсаң байқалып тұрады. Кеңес кезеңінде осындай белсенді құрылысшыларды ерекше марапаттап, қолдайтын. Қазір де бар. Бірақ, Зараптай азамат «менің атым аталмаса, оған ренжімеймін. Себебі, қалың жұрттың қуанышы – менің қуанышым. Өз қолыммен соққан тұрғын үйлердің тұрғындарының шаттыққа толы жүздерін көрудің өзі мен үшін үлкен бақыт. Міне, менің еңбегімнің жемісі» дейді ол.
Құрылысшылар қауымының кәсіби мерекесі қарсаңында Зарапқа кәсіби шеберлігіңді нығайтып, асулардан аса бер дегім келеді. Оның жеткен жетістіктері де, алда алар асулары да көп.

Жәдігер ЕРМҰҚАНБЕТ,
зейнеткер.
Көкшетау қаласы.

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 7143
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 4338770