Бақылау заңсыздықтың жолын кеседі

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында «Жергілікті атқарушы органдардың сатып алу бағасын заңсыз көтеруіне арналған мемлекеттік сатып алу қорытындыларының мониторингі» атты семинар-кеңес болып өтті.


Толығырақ...

Денсаулық пойызына тұрғындар дән риза

«Саламатты Қазақстан» пойызы Ерейментау қаласына келіп, дәрігер мамандар екі күн бойы аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсетті.


Толығырақ...

Жапон павильонына келушілер саны 500 мың адамнан асты

Көрменің алғашқы күндерінде келушілердің орта саны шамамен 6000-ға жуықтаса, тамыз айы басталғалы 8000-ға жетті.


Толығырақ...
123

Күнтізбе

« Тамыз 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қонақ

Қазір 315 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Қажетті шөп қоры жасалуда

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша биыл өңір пішеншілері 118,4 мың тонна, яғни, біржылдық шөп қорын дайындауды жоспарласа, бүгінгі күнге дейін 1033,4 мың тонна шөп дайындалып, маяларға салынды.

Бұл – қолда бар мал үшін қажетті біржылдық шөп қорының 92,4 пайызы. Бүгінгі таңда Атбасар, Бұланды, Жарқайың және Шортанды аудандарының пішеншілері жоспарланған шөп қорын толық да-йындап үлгерсе, Қорғалжын, Зеренді және Ақкөл аудандары бұл науқандық жұмысты аяқтауға жақын.
  Ерейментаулықтар негізінен мал шаруашылығымен айналысып, 44,3 мың бас ірі қара, 26 мың жылқы мен 105,5 мың қой-ешкі бағады. Бұл облыс бойынша ең жоғары көрсеткіш. Шаруашылықтардың қыстан қысылмай шығуы үшін мал азығын мол дайындау қажет. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Абылай Иманжүсіповтың айтуынша, биылғы жылы жергілікті пішеншілер 124 мың тонна шөп дайындауды жоспарлаған. Қазір 115 мыңға жуық тонна шөп маяларға салынды. Бұл қажетті мал азығының 92,5 пайызы. Олжабай батыр ауылдық округінің әкімі Қасымхан Хабжәлел өз сөзінде округте он екі шаруа қожалығы, «Бақат», «Береке-2017», «Қызыл қайың» және «Новокаменка» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері мен жеке тұлғалар мал шаруашылығымен айналысатынын айтып өтті. Мұнда 6 мыңға жуық ірі қара, 7 мыңға жуық қой және 1,5 мың жылқы бағылады. Осы мал үшін биылғы жылы жоспарланған 11,9 мың тонна шөп толық дайындалды. Жоспар орындалса да науқандық жұмыс одан әрі жалғасуда. Пішеншілер бір жарым жылдық шөп қорын дайындауды межелеген. Сондай-ақ, Еркіншілік ауылдық округі 16,3 мың тонна, Күншалған  ауылдық округі 5,6 мың тонна шөп дайындап үлгерді. Бүгінгі таңда ерейментаулықтар біржылдық және көпжылдық шөпті шабуға кірісті.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.
Ерейментау ауданы.

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 6738
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 3909721