Ана тәрбиесімен ұрпақ санасы қалыптасады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы Аналар кеңесінің рөлі» тақырыбында өткен республикалық форумда Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола филиалы жанынан құрылған Аналар кеңесінің жұмыс тәжірибесі басқа аймақтарға үлгі ретінде ұсынылды....


Толығырақ...

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады

Министр кездесуде Мемлекет басшысына жанар-жағармай нарығындағы қазіргі ахуал мен мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту барысы жөнінде мәлімделді.


Толығырақ...

Ұлт батыры – Кейкі Көкембайұлы

Кейкі батыр! Халқымыздың жадынан өшпеген, санасынан кетпеген Кейкі Көкембайұлы жастайынан аңшылығымен, мергендігімен және өжеттілігімен кеңінен танылған 1916 жылы Торғай көтерілісінің батыры болды.


Толығырақ...
123

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қонақ

Қазір 562 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Талап күшейе түсті

Жақында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы қолданысқа енгізілді.  Аталмыш заңға сәйкес «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне және «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 

Оның ішінде кодекс 301-1-бабымен («Электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптарды бұзу») және 301-2-бабымен («Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты уақытылы, анық бермеуі») толықтырылды.
Мәселен,  электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру тәртібі мен мерзімдеріне қойылатын талаптар бұзылатын болса, онда кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма бес айлық есептік көрсеткіштен жүз айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Ал, электр желілеріне қосуға арналған құжаттарды қабылдаудан немесе техникалық шарттарды беруден бас тартатын болса, кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіштен екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл қарастырылған. Сондай-ақ, энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты уақытылы, анық бермесе кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептік көрсеткіштен төрт жүз айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу көзделген. Сонымен қатар, энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар туындаған технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты жасыратын болса, екі жүз айлық есептік көрсеткіштен бір мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.
Кодекстің 305 және 690-баптарына да өзгерістер енгізілді, яғни, кодекстің 305-бабына сәйкес (қарамағында электр желілері бар ұйымның келiсiмiнсiз электр күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтардың орнатылуына байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзу, алаңдарды, автокөлік тұрақтарына, базарларды, құрылыстарды, ғимараттарды орналастыру, материалдарды жинап қою, қоршаулар мен дуалдарды соғу, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағар май материалдарын шығарып тастау және төгу) жұмыстары жүргізілетін болса, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынады. Бұдан басқа, электр энергетикасы туралы заң 5-2, 13-1-баптармен толықтырылды және осы заңның кейбір баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.      
Жоғарыда көрсетілген баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарастыруды және әкімшілік жаза қолдануды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті жүзеге асырады. Толғандырған мәселелер болса, 8 (7162) 25-78-67, факс: 8(7172) 25-13-16 телефон нөмірлері немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасы арқылы хабарласуға болады.

Марат ОСПАНОВ,
ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық
қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола
облысы бойынша аумақтық департаментінің бас маманы.                                                                           

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 7143
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 4341727