Ана тәрбиесімен ұрпақ санасы қалыптасады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы Аналар кеңесінің рөлі» тақырыбында өткен республикалық форумда Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола филиалы жанынан құрылған Аналар кеңесінің жұмыс тәжірибесі басқа аймақтарға үлгі ретінде ұсынылды....


Толығырақ...

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады

Министр кездесуде Мемлекет басшысына жанар-жағармай нарығындағы қазіргі ахуал мен мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту барысы жөнінде мәлімделді.


Толығырақ...

Ұлт батыры – Кейкі Көкембайұлы

Кейкі батыр! Халқымыздың жадынан өшпеген, санасынан кетпеген Кейкі Көкембайұлы жастайынан аңшылығымен, мергендігімен және өжеттілігімен кеңінен танылған 1916 жылы Торғай көтерілісінің батыры болды.


Толығырақ...
123

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қонақ

Қазір 510 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Ауласы гүл, іші нұр Ақкөл қаласындағы «Арайлым» балабақшасының қуанышты бір күні

Иә, рас тылсым табиғаттың тілін біліп, сырын ұғу тек Тәңірге ғана тән дүние. Бірақ, неге екенін қайдам, маған нәзік гүлдің жаны – жүрегі сыршыл, көңілі пәк адаммен егіз сияқты көрінетін де тұратын.

Ақкөл ауданының тұрғыны, ұлағатты ұстаз Қуаныш Қайратқызы қай жерде жүрсе де өз ортасын нұрға, шексіз сұлулыққа бөлей білетін жан екендігіне бұрыннан хабардар болатынбыз. Өз ғұмыр жолын табиғаттың тылсым сырын зерттеумен байланыстырып биология пәнінің мұғалімі мамандығын да таңдағаны осыдан. Сұлулыққа жаны іңкәр осы бір абзал жанмен жуырда жақынырақ танысудың сәті түскендей.   Біз ауданға барған іссапарымызда Қуаныш Қайратқызын арнайы іздеп бардық. Қазіргі таңда ол аудандағы іргелі білім мекемелерінің бірі «Арайлым» балабақшасының меңгерушісі болып қызмет атқарады екен. Балабақша табалдырығын аттай бергенімізде көкірегімізді аңқыған жұпар иіс керней жөнелді. Таныс иіс. Жазиралы даланың төскейінде кекілінен күн сүйіп, жасыл жусанда жалаң аяқ жүгіріп, ойнап өскен ауылдың қызы көк белдерде өсетін жауқазын гүлінің иісін қалай ұмытсын?!. Иә, иә дәл солай...
Балабақшаның кіре берісінен-ақ мұнтаздай тазалықты байқайсыз. Ал, ауланың ажарын ашқан, көз суырар көркем гүлдерді айтсаңызшы! Қызылды-жасылды үлбіреген жауқазын гүлдер ауланы бойлай өсіпті. «Қыздың көзі қызылда» демекші мына бір тылсым сұлулық бізді еріксіз өзіне ұмсындырып, қызықтырып әкетті. Үп деген самал желге жапырақ жаны дір еткен, көз жауын алатын раушан гүлдері жайқалып тұр. Алдымыздан гүлдей жайнап Қуаныш апай да шыға келді. Жүзінен мейірімі, сөзінен парасаты мен ақ пейілі сезілген ұстаз бізді жылы шыраймен қарсы алды.
– Гүл өсіру әуестігім ғой менің. Біз ұрпақ тәрбиелейміз. Сол себепті де жас-
тайынан табиғатты аялап, сүйіп өскен бала болашақта өз елін, туған жерін құрметтей білетін азамат болып өседі деп ойлаймын. Жалпы, гүл бар жерде сұлулық тұнып тұрады емес пе. Осының өзі жақсылық қой. Әр күніміз осындай әсемдікке толы болсын деген ниетпен жүрген жерімді гүлмен көмкеруге тырысамын, – деп бастады тағылымды әңгімесін ұстаз. – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев білім беру жүйесіне баса назар аударуда. Өйткені, ұрпақ болашағы – ұлт болашағы. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жер-жерде жаңа балабақшалар ашу үрдісі оң жолға қойылды. Бүгінгі күнге дейін аудан орталығында төрт балабақша жұмыс істеп келсе, 2015 жылы олардың қатары тағы бір ғимаратпен толыға түсті. 140 орынға арналған «Арайлым» балабақшасының құрылысын мердігер компания «KazConstructionCompanyGroup» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп, жобаның жалпы құны 170 миллион теңгені құраған. Қазіргі таңда бізде 4 қазақ тобы мен 3 орыс тобы бар. Ұжымда 19 педагог жұмыс істейді. Баланың жасына сай сабақтар, сонымен қатар, қосымша ағылшын тілі, тіл дамыту, айналамен таныстыру секілді тағы басқа пәндер оқытылады. Ән-күй, дене тәрбиесімен айналысатын арнайы залдар жұмыс істеп тұр. Бүлдіршіндерді би өнеріне баулимыз. Ұжымда тәжірибелі педагогтар бүлдіршіндердің танымын кеңейтіп, бірлікке, ынтымаққа, достыққа шақырып, білімдерін ән-бимен, өлеңмен, бейнелеу өнерімен ұштастыруда. Олардың туған жерін сүюге, өз елінің патриоты болып өсуіне барынша жағдай жасалған. Біздегі мақсат балаларға саналы тәрбие, сапалы білім беру болып табылады. Ұрпағын өз халқының патриоты етіп тәрбиелеу – қай халықтың болмаса да тәрбие жүйесіндегі негізгі талаптарының бірі. Ал, біздің халқымызда бұл талап ежелден жоғары болған,– дейді білім мекемесінің меңгерушісі Қуаныш Тоқтасина.
Біз балабақшаны аралап, балғындармен де таныстық. Іші мұнтаздай таза, қай жерге көз салсаңыз да балалардың өздері жасаған қолөнер
туындылары.
– Төрт жасқа енді аяқ басқан кішкентай қызым күнде таңертең балабақшаға қуана-қуана барады. Балабақшаға барғаннан бері белгілі бір тәртіпке үйреніп, қолына қалам-қарындаш ұстап, оқу-білімге деген қызығушылығы артып келеді. Тілі қазақша шығып, күн сайын жетіліп, өсіп келе жатқанына қуанамын. Бұл балабақша аудандағы ең үздік білім мекемелерінің қатарында. Материалдық базасы да мықты. Ұжым да білікті мамандардан жасақталған. Үй тазалығы табалдырықтан көрініп тұратындай, ауласының өзі кірсе шыққысыз. Осындай әсемдікті көріп өскен жауқазын да болашақта жаны таза, сұлулыққа іңкәр адам болып өсетініне сенімім зор, – деді бізбен өз ойын бөліскен осы балабақшаның ата-анасы Ғалымжан Ержанов.
Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейтесті мәселесі. Еліміздің ертеңі бабаларымыздың мұрасын, халқымыздың жақсы дәстүрлерін бойымызға сіңіріп, жалғастырып, жаны таза елжанды ұрпақ болып өсуі үшін балабақша тәрбиешілері мен ата-аналардың атқарар міндеті орасан зор ғой. Ауласы гүлге, іші нұрға бөленген Ақкөлдегі «Арайлым» балабақшасына қарап, бақытты балалықтың бал мекені осы ма дерсің!        
Ақкөл ауданы.

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 7143
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 4341439