72 жылдан кейін туған жердің топырағы бұйырды

«Қаза тапқан ең соңғы жауынгердің денесі жерленгенше, соғыс аяқталмайды» – деген орыстың даңқты қолбасшысы Александр Суворовтың сөзімен айтқанда, осыдан жетпіс жылдан астам уақыт бұрын аяқталды деп айтылып жүрген Ұлы Отан...


Толығырақ...

Журналистермен келелі мәселелер жөнінде пікірлесті

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин аймақ басшысы болып тағайындалғанына жүз күн толуына орай, өңірлік коммуникациялар қызметінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен және республикалық басылымдардың меншікті тілшілерімен баспасөз...


Толығырақ...

Көрермен көзайымына айналуда

«Халық – айна, халық – сыншы» деген қазақпыз. Ғұмыр жолым мәдениет саласымен байланысты болғасын ел, өңір жаңалықтарын қалт жібермей, үнемі назарда ұстап отыруға тырысамын.


Толығырақ...
123

Күнтізбе

« Маусым 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Маусым 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қонақ

Қазір 173 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Қолы жеңіл Кенжетай

 

Макинка қаласында тұратын Мәулітбай деген азамат қоңырау шалды. Бұрынғыдай емес, дауысы біртүрлі. Үнінде бір қобалжу бар.

 

– Щучинск қаласында Кенжетай Тұймақов деген тіс дәрігері бар еді, сол азаматтың мекен-жайын тауып берші,–деді.
– Не болып қалды?
– Көзімнің астына көгеріп, оймақтай ет өсіп келе жатыр, басында түймедей ғана болатын, енді бармақтай болып үлкейді, оң көзімді жа-уып қалатын түрі бар. Өз басым Кенжекеңді ғана қалайды,–деді.
– Мәке, ол кісінің емханасы аудандық ішкі істер бөлімінің жанында ғой.
– Жоқ, ол жерден ауысып кетіпті,– деді.
Ақыры табылды. Алыста емес. Нағыз қаланың орталығы Абылайхан көшесіндегі көпқабатты үйдің астыңғы қабаты. Ертеңіне бейтаныс мекен-жайға арнайы барсам, сырқатына саулық іздеп отырған адамдардың қарасы әжептәуір екен. Кезектерін күтіп отыр. Мен де жайлы орынға жайғастым.
Кезегім келіп ішке кірсем, Кенжекең орта жастағы әйел адамның тістерін протездеп жатыр екен. Еңбекшілдер ауданына қарасты, Аңғал батыр ауылынан келіпті. Ұлты орыс болса да, қазақ тілінде ағып тұр.
– Біздің ауданда тіс дәрігері бар. Барсақ алдына бас сұға алмаймыз. Иін-тірескен кезек,–дейді ол. – Сондықтан, тісім ауырса бірден осында келемін. Қолы жеңіл дәрігер қашанда
өз ісіне ерекше мән беріп, адамның жан дүниесін бірден түсінеді,– деп ағынан жарылып, ойымен бөлісті.
Иә, шындығында солай. Осыдан төрт жыл бұрын жағыма үлкейген «жировик» деген бірдеңе өсті. Ауырмайды, бірақ, күннен-күнге үлкейіп келеді. 9 мамыр мерекесі болатын. Көшеде Кенжетай ағам кездесті. Амандық-саулықтан кейін ананы-мынаны айтып тұр едік.
– Ана бетіңдегіні алып тастайын, келсеңші,–деді.
– Қашан?
– Мейрамнан кейін кел.
Жарты сағатта сылып алды да тастады. Әрине,  ем-шара жасайтын мекеменің тиісті ақысын төледім.
Кенжетай Тұймақовтың стоматологиясында тіс жұлу, протездеу, бетке шыққан түрлі жарақаттарды сылып тастау сияқты оталарды жасап, медициналық тұрғыда кеңестерін беріп, көмегін аямайды. Жалғыз біздің ауданға қарасты елді мекендерден келмейді, тіпті, облыс орталығынан да сырқаттар келіп ем-домдарын алып, алғыстарын білдіріп жатады. Қазақ «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»–дейді. Міне, шипалы қол, ақ халатты абзал жанның қолының жеңілдігі  ішкі әлемі осындай. Оны халқы да жақсы біледі, кәсіби шеберлігін жоғары бағалайды.
Жеңіс ОСПАНОВ.
Бурабай ауданы.

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 6354
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 3554512