Ана тәрбиесімен ұрпақ санасы қалыптасады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы Аналар кеңесінің рөлі» тақырыбында өткен республикалық форумда Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола филиалы жанынан құрылған Аналар кеңесінің жұмыс тәжірибесі басқа аймақтарға үлгі ретінде ұсынылды....


Толығырақ...

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады

Министр кездесуде Мемлекет басшысына жанар-жағармай нарығындағы қазіргі ахуал мен мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту барысы жөнінде мәлімделді.


Толығырақ...

Ұлт батыры – Кейкі Көкембайұлы

Кейкі батыр! Халқымыздың жадынан өшпеген, санасынан кетпеген Кейкі Көкембайұлы жастайынан аңшылығымен, мергендігімен және өжеттілігімен кеңінен танылған 1916 жылы Торғай көтерілісінің батыры болды.


Толығырақ...
123

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қонақ

Қазір 368 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Жағармай бар... Бағасы да өсе қоймас...

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев кезекті Үкімет отырысында Мемлекет басшысына бензин мәселесіне байланысты Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау жөнінде ұсыныс енгізетінін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Үкімет басшысының шешімімен Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қызметінен босатылды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының президенті Сауат Мыңбаевқа да өзінің орынбасары Данияр Берлібаевты қызметінен босату тапсырылды. Елімізде жанар-жағар май мәселесі тағы ушықты. Кей аймақтарда оның тапшылығы байқалуымен бірге, бағасы да күрт өсіп кетті.
Қазір қолданылған шаралардың нәтижесінде аймақтарда жанар-жағар майға қатысты жағдай ептеп тұрақтала бастады. Ақмола облысында осы күндері шынын айту керек, басқа жерлердегідей бензин тапшылығы тақа сезіле қойған жоқ. Жанар-жағар май бағасы да онша көтерілмей, негізінен бірқалыпты ұсталуда деп айтуға болады. Дегенмен, республика бойынша орын алып отырған осы дүрбелеңнің салқыны бізде де ептеп сезілмей қоймауда.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Досхан Әміреновтың мәлімдеуінше, Ақмола облысында барлығы 194 жанар-жағар май құю станциясы бар көрінеді. Оларда бүгінгі таңда АИ-92 бензинінің 1134 тонна, АИ-95 бензинінің 483 тонна, 80-інші бензиннің 419 тонна және дизель отынының 974 тонна қоры бар. Бұл – алдағы бес-алты күнге жететін қор. Енді осы жанар-жағар майдың бағасына келсек, АИ-92 бензинінің бір литрі қазір облыс бойынша орта есеппен  152 теңгеден, АИ-95 бензині – 164 теңгеден, 80-інші бензин 89 теңгеден және дизель отыны 150 теңгеден сатылуда. Яғни, жанар-жағар май бағасының көтерілмей қоймағаны байқалады. Мәселен, өткен айда бензин 3-7 пайызға, дизель отыны 4-9 пайызға қымбаттаған.
Бұған бүгінгі таңда іргедегі Павлодар мұнай өңдеу зауытының жөндеуде тұрғаны себеп болып отыр. Өйткені, облыс бензин және дизель отынын негізінен осы кәсіпорыннан алады. Ал, осындай жөндеуден жаңа ғана өткен Шымкент мұнай өңдеу зауыты жұмысқа енді кірісіп жатыр. Осыдан келіп жанар-жағар майдың жетіспеушілігі байқалуда. Бірақ, тұйықтан шығудың басқа да жолы бар. Ол – бензин мен дизель отынын Ресейден алу. Қазір Қазақстан бойынша мұнай өнімдерінде импорттың үлесі 40 пайыз. Осы салада өзіміздегі қалыптасқан жағдайға байланысты әрі қарай да бензинді көршілес мемлекеттен алуға мәжбүрміз. Үкімет отырысында антимонополиялық комитет тарапынан бұған ешқандай кедергі қойылмайтыны айтылды. Қазірдің өзінде Қостанай облысында осылай істеліп жатыр. Бізде де жанар-жағар май станцияларына мәселені солай шешу ұсынылды. Мұндай жағдайда баға көтеріледі, бірақ, жанар-жағар майдан тапшылық болмайды.
Ақмола облысына мұнай өнімдеріне деген қажеттілікті толық өтеу үшін айына 8 мың тонна АИ-92 бензині, 7-8 мың тонна 80-інші бензин, 11-12 мың тонна дизель отыны керек. Күніне орта есеппен 833 тонна жанар-жағар май жұмсалады. Осы қазан айында бұл жағынан қиындық туындамауы тиіс. Келер айларда да бензиннің болатыны сөзсіз. Жалпы, облысқа министрліктен бөлінетін лимит бүкіл қажеттілікті жаппайды. Оның жетіспеген бір бөлігін жанар-жағар май станциялары өздері іздестіріп табады. Үкімет қазір облысқа бөлінетін 80-інші бензиннің көлемі мен бағасын ғана өзі реттеп отыр.  Яғни, бұл істің бәрі кәсіпкерлердің қолында. Соған қарамастан, жанар-жағар май станцияларының жұмысы мен ондағы баға мәселесі бақылауда ұсталуда.  Айталық, бүгін «ҚазМұнайГаз Өнімдері» жанар-жағар май станцияларында АИ-92 бензинінің 1 литрі 152, «Есіл» және «Юна» станцияларында тиісінше 154 және 155 теңгеден босатылуда. Ал, Астана-Бурабай автобанының бойындағы жекелеген жанар-жағар май станцияларында бензинді ақшаға ала алмау, оның тек кәртішкемен берілу оқиғаларының орын алып қалуының өзіндік себебі бар. Егер бүкіл бензин қолма-қол ақшаға босатылып қойса, кәсіпорын-ұйым, мекемелермен жасалған келісім-шарттардың орындалуына қауіп төнеді. Мұндай жағдай уақытша басқа жерлерде орналасқан кейбір жанар-жағар май станцияларында да байқалып отырғанын жасырмаймыз. Бірақ, бұл бүгін-ертең  шешілетін мәселе. Міне, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында тағы да елді алаңдатып тұрған бензин туралы сұрастырып білгеніміз осы. Соған қарағанда, облыста жанар-жағар май тапшылығы орын алмайды, бағасы да күрт өсе қоймайды деп сенейік.

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 7143
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 4341439