Ана тәрбиесімен ұрпақ санасы қалыптасады

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы Аналар кеңесінің рөлі» тақырыбында өткен республикалық форумда Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола филиалы жанынан құрылған Аналар кеңесінің жұмыс тәжірибесі басқа аймақтарға үлгі ретінде ұсынылды....


Толығырақ...

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады

Министр кездесуде Мемлекет басшысына жанар-жағармай нарығындағы қазіргі ахуал мен мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту барысы жөнінде мәлімделді.


Толығырақ...

Ұлт батыры – Кейкі Көкембайұлы

Кейкі батыр! Халқымыздың жадынан өшпеген, санасынан кетпеген Кейкі Көкембайұлы жастайынан аңшылығымен, мергендігімен және өжеттілігімен кеңінен танылған 1916 жылы Торғай көтерілісінің батыры болды.


Толығырақ...
123

Күнтізбе

« Қазан 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қонақ

Қазір 634 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Жергілікті өзін-өзі басқару жетілдіріледі

Көкшетауда облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің қатысуымен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар мен кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқаруға, дербес бюджет пен коммуналдық мүлкін енгізудің тетіктері мен ережелерін түсіндіруге арналған республикалық форум болып өтті.
Форумға Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов, Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші және бесінші шақырылымдарының депутаты Айгүл  Соловьева және Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Ақмола облыстары әкімдерінің орынбасарлары, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар мен кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері қатысты. Белгілі журналист Сергей Понамаревтің модераторлығымен еркін пікір алмасу форматында өткен форумда мазмұнды баяндамалармен қатар тың ұсыныстар да айтылды. Форумды ашқан облыс әкімі Мәлік Мырзалин жиналғандарға шараның маңыздылығын айта келе, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында жергілікті жерлердегі мәселелерді шешуде тұрғындарды тарту арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бағытында қойылған міндеттерінің өңірде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. 

 

Облыс әкімі  Мәлік Мырзалиннің сөзі: Құрметті форумға қатысушылар!
Сіздерді аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар мен кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне арналған республикалық форумда қарсы алғаныма қуаныштымын. Ақмола облысына қош келдіңіздер!  Ең алдымен, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне елдің солтүстік өңірлері үшін Ақмола облысында осындай ауқымды форум өткізгеніне алғысымды білдіремін.
2004 жылдан бері Қазақстанда бірқатар функцияларды жергілікті атқарушы органдарға беру жолымен мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жүргізуде. Ауылдық елді мекен әкімдерінің рөлін күшейту жұмысы одан әрі жалғастырылуда.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, азаматтардың жергілікті маңыздағы барлық мәселелерді шешуге қатысу аясын кеңейту қажеттігі туралы  атап көрсеткен  болатын.
2018 жылдан бастап Ақмола облысында өз бюджеті тұрғындар саны 2 мыңнан астам 69 елді мекенде,  2020 жылдан бастап қалған 177 ауыл-селода  енгізілетін болады. Сөйтіп, бұл көрсеткіш барлығы 246 елді мекенді қамтиды.
Біздің облыс жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңның әзірленуіне белсене қатысты. Облыс өңірлерін өз бюджеттеріне көшуге дайындау жөнінде үлкен жұмыс атқарылды. Әкімдердің аппараттары жоғары жылдамдықтағы  үздіксіз интернетпен толық көлемде қамтамасыз етілген, ауылдық әкімдіктерді осы заманғы компьютерлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілуде.
 Салық салынатын базаны анықтау мақсатында мәліметтердің мемлекеттік базасындағы деректерді салыстыру және өзектендіру іске асырылды. Анықталған тіркелмеген объектілер бойынша оларды әділет органдарында тіркеу жөнінде шаралар қолданылуда, мұның өзі селолық округтер бюджеттерінің кіріс бөлігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Республикамыздың барлық аймақтарындағыдай, селолық деңгейде кадрлармен қамтамасыз ету проблемалары сақталуда.  Жергілікті атқарушы органдардың штаттық санының тиімді лимитін анықтау жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстың шеңберінде аталған мәселе таяу уақытта оң шешіледі деген сенімдеміз.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының кадрлық құрамның сапасын арттыру мақсатында бюджетті жоспарлау және жұмсау, салық салу, мемлекеттік сатып алулар мәселелері бойынша ауылдық округтердің әкімдері мен олардың аппараттары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөнінде жұмыстар атқарылуда. Ақпараттық-түсіндіру топтары  жергілікті жерлерде әкімдіктердің өз бюджетін және коммуналдық меншікті енгізу мәселелері бойынша оқыту семинарларын өткізді.
Селолық округтердің әкімдері Көкшетау және Астана қалаларында Ұлттық экономика министрлігі «Зерде» оқу орталығымен бірлесіп ұйымдастырған арнайы оқыту курс-тарынан өтті.
Аймақтық мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығының базасында тұрғындар саны 2 мың адамнан асатын селолық округтердің әкімдері, әкімдер аппараттарының мамандары, сондай-ақ, аудандық экономика және қаржы бөлімдерінің қызметкерлері, барлығы 160 адам арнайы курстарда оқып шықты.
Алдағы уақытта тұрғындарды жергілікті проблемаларды шешу, әлеуметтік және азаматтық белсенділікті, азаматтардың өз жеке тағдыры үшін жауапкершіліктерін арттыру ісіне тарту жөніндегі жұмыстар одан әрі жалғастырылатын болады. Өзін-өзі басқаруды дамыту азаматтық қоғамды және әлеуметтік бағдарланған экономиканы қалыптастыру үдерісін айтарлықтай жеделдете түспекші.
Форумның барлық  қатысушыларына жемісті жұмыс, қызғылықты пікір-таластар, жаңа қызметтік және достық байланыстарға жетуді тілеймін. Пікір алмасулар, проблемалық мәселелерді талқылау жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі алға қойылған міндеттерді табысты шешу үшін пайдалы және тиімді болады деген сенімдемін.  Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

 

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұловтың сөзі:
Ауылдық округ әкімдерінде бұдан былай жеке бюджет болатындықтан, елді мекеннің әрбір тұрғынынан түсетін салықтың да маңызы арта түспек. Өйткені, салық көп болса, бюджеттің көлемі де соған сай болмақ. Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов өз баяндамасында осы мәселеге жан-жақты тоқталды. Жаңа жылдан бастап жаңа жүйемен жұмыс істейтін ауылдық округ әкімдеріне үш айды күтпей қазірден бастап өздеріне тиесілі өңірдегі жылжымайтын мүліктерді, өзге де дүниелерді тіркеуге алу керектігін ескертті.
«Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институты» жеке мекеме директоры Сергей Худяковтың келешекте комиссия құрамына енетін ауыл тұрғындарын ауыл әкімдері секілді біліктілікті арттыру курстарына жіберу жөніндегі ұсынысы да көпшілік тарапынан қолдауға ие болды.
Қазақстан Республикасы Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек бойынша ақпараттық жүйені сүйемелдеуді дамыту департаментінің директоры Қалел Енқұлов сөз сөйлеп, «Е-халық» ақпараттық жүйесі ауылдық округ әкімдерінің шаруашылық жөніндегі кітапшасының электрондық нұсқасы екенін, ол халықтың саны мен құрамын ескеру, ауыл бюджетін қалыптастыру және шығыстарды жоспарлау үшін пайдалануға болатынын айтып өтті.
–Тұрғындар олардың мүлкі мен жері есепке алынбаса, төртінші деңгейдегі бюджетті жасау мүмкін емес. Осы орайда, өткен жылы «Е-халық» ақпараттық жүйесін жасадық. Мұнда тұрғындардың мал - мүлкі мен жері есепке алынған. Бұл есеп ауылдық округ әкімдіктерінде шаруашылық жөніндегі кітапшасы арқылы жүргізіледі. Кітапшада әр отбасының мүшелері жөніндегі ақпарат та тіркелген. Біз бұл кітапшалардағы ақпаратты толықтырып, электрондық базаға енгіздік. Аталмыш базаны мемлекеттік органдардағы жеке тұлға, жылжымайтын мүлік және өзге де база жүйелеріндегі ақпаратпен салыстырдық. Нәтижесінде елді мекендердегі үй шаруашылығы жөнінде ақпарат жинадық. Бүгінгі таңда бұл жүйе Ақтөбе облысының 148 ауылдық округінде жұмыс істейді. Бұл базадан округ тұрғындары, мүгедектер мен кәмелеттік жасқа толмаған балалар жөнінде толық ақпарат алып, жұмыс жоспарын құруға болады. Мәселен, есепке алынбаған нысандар анықталады. Балалар саны көп болса, жаңа мектеп салу жоспарланады. Ардагерлер де ұмытылмайды. Қазір автокөліктерді тіркеу жүйесінің сұлбасын жасаудамыз. Аршалы мен Қорғалжын аудандарының барлық округтерінде ақпараттық жүйе жасау бойынша жұмыс жүргіздік. Елді мекендердегі көші-қон мәселесімен таныстық. Қорғалжын ауданында 9 мыңға жуық адам тұрады. Мұнда жаңа туған балалар мен зейнеткерлер де аз.
Біздің ақпараттық жүйемен қорғалған арна арқылы жұмыс істеуге болады. Арна байланысы үшін айына 24 мың теңге төлеу керек деді,– департамент директоры. Бұдан соң қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4-5 шақырылымдарының депутаты Айгүл Соловьева сөз сөйлеп,  форумның саяси маңыздылығына тоқталды.
–Ауыл әкімдеріне бюджет пен мемлекеттік меншік беріледі. Сөйтіп, жергілікті өзін-өзі басқару кезең кезеңмен дамиды. Дамыған елдердің қатарына кіру үшін еуропалық хартияны басшылыққа алып, жергілікті тұрғындармен бірлесіп жұмыс істеу керек. Қоғамдық бақылаудың арқасында елді мекендерде атқарылатын жұмыстың сапасы жақсарады. Шеттен келетін серіктестіктер өз филиалдарын ашып, салықты жергілікті бюджетке төлеуі керек. Ауыл округі әкімдігі мамандарының санын көбейту, әкімдердің біліктілігін арттыру орталығын ашу мәселелерін қарау қажет,–деді қоғам қайраткері.
Форум жұмысы «жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін жоспарлау және орындау», «жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару» тақырыбындағы оқу семинарымен жалғасты.

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі  Айбатыр Жұмағұлов өз сөзінде былай деді:
– Заң жобасында жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті мен коммуналдық меншікті енгізу, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджеттік процесі мен коммуналдық меншікті басқару өкілеттігін кеңейту көзделген. Өздеріңізге белгілі, еліміздің бюджет жүйесі үш деңгейден тұрады. Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер деңгейінде дербес бюджет жоқ. Олар шамамен 2,5 мың әкімшілік бірлікті құрайды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2 мыңнан астам тұрғыны бар ауылдық округтің деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджетіне мемлекеттік бюджеттің төртінші деңгейі енгізіледі, 2020 жылдан бастап барлық жерде қамтылады. Елімізде 2 мыңнан астам адам тұратын 1 066 елді мекен бар.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджетінің кірісі жеке табыс салығынан, жеке тұлғалардың мүлік салығынан, жеке және заңды тұлғалардың көлік салығынан, жер салығынан және өзге де төлемдерден қамтылады. Оған қоса, ол бюджеттің салықтық емес түсімдерден де қалыптасатынын жеткізді.
Заң жобасымен сегіз заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Олардың ішінде еліміздің Азаматтық кодексі, Бюджет кодексі, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жарнама туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Кәсіптік одақтар туралы» заңдар бар. Құжат аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің дербес бюджетін, яғни, бюджеттің жаңа төртінші деңгейін кезең-кезеңмен енгізуді, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншік институтын енгізуді көздейді. Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін қалыптастыру, бекіту және орындау тәртібі заңнамалық түрде бекітіледі. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджет процесін және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктері нақтыланып, толықтырылады.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшілері.

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 7143
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 4341727