07 Қазан 2014

«Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Әкімшілік бөлімінің басшысы, D-О-3 санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық еңбекақысы еңбек өтіліне қарай 84 563 теңгеден 114 032 теңгеге дейін.
Негізгі қызметтік міндеттері: Басқарманың қызметін құқықтық қамтамасыз ету. Шарттарды уақытылы жасасуды, олардың заңнама талаптарына сәйкестігін үйлестіруді қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін әзірлеу. Жеке және заңды тұлғалардың тұрғын үй мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша есепті жасау. Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою мәселелері бойынша қызметін үйлестіру. Мемлекеттік сатып алу конкурстарын дайындауға және өткізуге қатысу. Бөлім құжаттарының, жоғары тұрған органдар мен басқарма басшылығы берген тапсырмалардың уақытында және сапалы орындалуын бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласындағы жоғары білім. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
2) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыс-тарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Рес-публикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізінде өткізіледі.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушы ретінде тіркеу үшін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне жүгіну қажет.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынадай құжаттарын тапсырады:
1) қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) белгіленген нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама (№ 086/У);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында әңгімелесуден өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру «Арқа ажары», «Акмолинская правда» газеттерінде соңғы жарияланған күнінен
бастап 10 жұмыс күні ішінде құжат тігілетін мұқабаға салынып тапсырылуы қажет.
Мекен-жайы: 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі,  89,  № 507 бөлме, анықтама үшін телефон: 40-22-64, факс: 25-04-24, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетiн жерге келу және қайту, тұруға арналған шығыстар және т.б.) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.


Назар аударыңыздар: тендер!
«Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» акционерлік қоғамы (әрі қарай – «АЭҮК» АҚ) бір лот бойынша мүлікті иеліктен шығару бойынша ашық тендерді өткізетіні туралы хабарлайды: Ақмола облысының Ақкөл және Ерейментау аудандары, Степногорск қаласында орналасқан, Қосалқы станция (ҚС), ӘЖ 0,4, ЖТҚ, ғимарат, құрылыс, ЖТҚ және ҚС бойынша есеп құралдары, ҚС-да ЭКЕДЖ және байланыс жабдықтары. Мүлікті иеліктен шығарудың толық тізімі «АЭҮК» АҚ тендерлік құжаттаманың №1 қосымшасында көрсетілген.
Келісім жасасу орны: Ақмола облысының Ақкөл және Ерейментау аудандары, Степногорск қ.
Лот бойынша бастапқы құны: 1 778 482 000 (бір миллиард жеті жүз жетпіс сегіз миллион төрт жүз сексен екі мың) теңге.
Кепілдемелік жарна көлемі иеліктен шығарылатын мүліктің 10 пайызын құрайды.
Тендерге қатысуға тендерлік құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі.
Мүлікті иеліктен шығарудың негізгі талаптарына сатып алушы да ие болып табылады:
–6-110 кВ электрлік желілерде жедел басқаруды іске асыратын жедел диспетчерлік қызметі;
–0,4-35 кВ электр қондырғыларда жұмыс істейтін бригадалардың жіберілуін қамтамасыз ету және жедел ауыстырып қосуды орындауға жедел шығу бригадалары;
–жөндеу және өндірістік базалардың, сонымен қатар, 0,4-110 кВ желі кернеуімен және ҚС жөндеуді және қызмет көрсетуді іске асырушы мамандандырылған қызметтің болуы;
–технологиялық процестің үздіксіздігін қамтамасыз ету, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдарының (ДТБҚ) болуы:
–сатып алушы электр энергияны үлестіру және/немесе беру – қызмет түрі бойынша табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркеудің жергілікті бөліміне қосылуы қажет.
Тендерлік құжаттама пакетін 2014 жылғы 20 қазан күні сағат 12.00-де Астана қ., Циолковский к., 2 үй, №303 бөлмеде, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін алуға болады.
Әлеуетті қатысушыларға, мөрленген конверттерде, тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерді, «АЭҮК» АҚ-да Астана қ. Алматы ауданы, Циолковский к., 2 үй, №303 бөлмеде ұсынылады.
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2014 жылғы 21 қазан 10.00-ге дейін.
Тендерлік комиссиямен тендерлік өтінім конверттері 2014 жылы қазан айының 21 күні 12.00-де келесі мекен-жай бойынша ашылады: Астана қ., Алматы ауданы,
Циолковский к., 2 үй, №201 бөлме.
Кепілдемелік жарнаны қабылдау үшін банктік реквизиттер: ЖСК КZ309420122030000286, «Эксимбанк Казақстан» АҚ, БСК ЕХКАКZKA, БСН 010240000404.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7172) 37-32-12 телефоны бойынша алуға болады.


«Целиноград ауданы әкімінің аппараты» ММ  мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

1. Аудан  әкімінің  орынбасары, санаты Е-1 санаты.
Лауазымдық жалақысы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты 115954 теңгеден 156314 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық  міндеттері: Ауылдық және селолық округ әкімдерінің, жетекшілік ететін мәселелер бо-йынша ауданның мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру және бақылауды жүзеге асыру. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының, байланыс, жол шаруашылығы, жол жөндеу, ТЖ, темір жол көлігі кәсіпорындарының қызметін үйлестіру. Жұмылдырулық даярлау мәселелері. Өрт қауіпсіздігі бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын бақылау. Ауданның елді мекендерін жайлыландыру, көгалдандыру, санитарлық тазарту, экономикалық жоспарлау және дамыту қызметін үйлестіру, инвестициялық және салық саясаты, бюджеттік жос-
парлау, бюджет аралық қатынастарды жетілдіру, банктермен қарым-қатынас мәселелерін үйлестіру. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс, жекешелендіру, мемлекеттік мүлікті және коммуналдық меншікті басқару, мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру, табиғи монополия субъектілерінің қызметін реттеу, жер қойнауын пайдалану мәселелеріне жетекшілік ету. Жетекшілік ететін мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлемдік экономика) немесе құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар  немесе әскери іс және қауіпсіздік (өрт қауіпсіздігі) немесе өнер (сәулет) немесе кызмет көрсету (тасымалдауды ұйымдастыру және көлікті пайдалану) саласындағы жоғары білім.
Мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.
2. Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, Е-3 санаты
Лауазымдық жалақысы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты  78798 теңгеден 106345 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық  міндеттері: Жалпы басшылық және бөлім қызметін ұйымдастыру.  Жоғары тұрған органдардың құжаттарын, аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін және бөлім құзыретіне жататын аудан әкімі аппараты жетекшісінің тапсырмаларын дер кезінде орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Аудан әкімінің қатысуымен шаралардың дайындығы мен өткізілуінің ұйымдастырылуын қамтамасыз ету. Бақылаудағы құжаттар мен тапсырмалардың орындалуы жөнінде басшылықты хабардар ету, тапсырмалардың орындалу сапасына мониторинг жүргізу. Әр түрлі деңгейдегі кеңестерінің хаттамаларын жүргізу. Ауданның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша материалдар әзірлеу және ұсыну. Сайлау туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, референдум, Президент, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, жергілікті биліктің өкілетті органдарының депутаттарын, ауылдық және селолық округтердің әкімдерін сайлауға дайындық және өткізуге қатысу. «Сайлаушы» ААЖ бағдарламасы бойынша аудан сайлаушыларының тізімін түзету,  аудан сайлаушыларының тізімін ай сайын салыстыру, сайлаушылардың саны туралы тоқсан сайын есеп дайындау. Аудан бойынша алқабилердің алғашқы тізімдерін құру. Аппараттың ұйымдастырушылық жұмысын регламенттейтін құжаттарын әзірлеуге қатысу. Аудан,  ауылдық және селолық округ әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулерін өткізу бо-йынша ұйымдастырушылық қамтамасыз ету.
Халықпен есеп беру кездесулерінде берілген аудан әкімінің тапсырмаларын орындау және аудан әкімінің есеп беру кездесулерінде айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін жүзеге асыру барысын бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары немесе қызметтер саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау секторының меңгерушісі, санаты E-R-3.
Лауазымдық жалақысы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты 78798 теңгеден 106345 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық  міндеттері: Бөлімдегі жұмысты ұйымдастыру. Бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру және есеп жүйесін қамтамасыз ету. Әлеуметтік қаражат сметалары бойынша кіріс, шығыс және басқа да бюджеттен тыс операцияларының есебі. Еңбек ақысын есептеу, төлеу. Бекітілген мерзім бойынша бухгалтерлік, салық және статистикалық есебін жасау және ұсыну. Қаржыландыру жоспарын ұсыну және оларға есеп беру.  Арнайы тағайындалған және ашық шектеуіне сәйкес қаражаттың дұрыс және тиімді пайдалануын бақылау. Қаржыландыру жоспарын орындау барысында пайда болған есебін уақытылы өткізу. Бекітілген стандарты бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің мониторингі. Бөлім басшылығымен  белгіленетін басқа да қызметтерді атқару.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар
болуы; жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің бар болуы.
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы (бала күтіміне байланысты негізгі қызметкердің демалысы мерзіміне), санаты E-R-4.
Лауазымдық жалақысы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық  міндеттері: Бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру және есеп жүйесін қамтамасыз ету.  Әлеуметтік қаражат бойынша кіріс, шығыс және басқа да бюджеттен тыс операцияларының есебі. Төлем ақысын есептеу, төлеу. Бекітілген мерзім ішінде бухгалтерлік есепті құру және ұсыну. Құжаттардың уақытылы дұрыс дайындалуын, операциялардың жүзеге асырылуын бақылау. Ақшалай қаржылардың есебін және  материалдық бағалы мүліктің есебін жүргізу, мүлікті түгендеу. Бөлім басшылығымен белгіленген басқа да қызметтерді атқару.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы, санаты E-R-5.
Лауазымдық жалақысы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты 49969 теңгеден 67907 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық  міндеттері: Құжаттарды қабылдау, тіркеу және жәрдемақы тағайындау. Жәрдемақы тағайындау кезінде әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету, азаматтармен жұмыс жүргізу. «Балаларға беретін мемлекеттік жәрдемақылар», «Әлеуметтік карталар мониторингі» компьютерлік базаларын жүргізу. Бекітілген стандарты бо-йынша мемлекеттік қызмет көрсетудің мониторингі. Бөлім басшылығымен  белгіленетін басқа да қызметтерді атқару.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе қызмет (әлеуметтік жұмыс) саласындағы жоғары немесе ортадан кейінгі білім.
6. Мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің  басшысы, Е-3 санаты.
Лауазымдық жалақысы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты 78798 теңгеден 106345 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық  міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық жасау және жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік органның мүдделерін сотта, сондай-ақ, мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін басқа ұйымдарда қарау кезінде белгіленген заң тәртібімен ұсыну. Аудан әкімінің және әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілерінің мониторингін жүргізу. Мемлекеттік мекемемен әзірленетін нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын дайындауға қатысу, оның ішінде мемлекеттік мекеменің басқа құрылымдық бөлімшелермен оларды дайындау жағдайында келісу жолымен. Аудан әкімінің қол қоюына ұсынылған өкімдер, шешімдер, аудан әкімдігінің қаулылары жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру. Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың және өзінің құжаттарының уақытылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Аудан әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру-құқықтық және ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету. Аудандық және облыстық прокуратураның ұсынымдарымен және наразылықтарымен жұмыс істеу, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу. Аудан әкімі, аудан әкімдігі, селолық және ауылдық округтер әкімдері қабылдаған нормативтік-құқықтық актілердің мониторингісі мен түгендеуі. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының тапсырмасымен құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерінің жобасын әзірлеу және құжаттарын дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау бойынша жыл сайынғы шаралар әзірлеу және жүзеге асыру, мемлекеттік органда құқықтық жалпыға міндетті оқу ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шаралар әзірлеу және жүзеге асыру,  шаралардың орындалуын бақылау. Әкімдік жанында құрылған түрлі комиссияларды құқықтық қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бо-йынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.
7. Құрылыс бөлімінің  басшысы, санаты E-R-1.
Лауазымдық жалақысы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты 109548 теңгеден 147986 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық  міндеттері:  Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру. Мемлекеттік қадағалау органдарының және табиғатты қорғау талаптарын міндетті түрде сақтаумен жоба-сметалық құжаттаманың, жоба мен құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын пәрменді бақылауды қамтамасыз етумен жоба алды, жобалық және құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру бойынша тапсырыс беруші – сайлаушының міндеттерін орындауға бағытталған бөлімге басшылық етуді іске асыру. Белгіленген тәртіпте бекітілген және оның келісуін орындаумен сәулет және қала құрылысы бөлімімен және жоба-іздеу және құрылыс ұйымдарымен бірлесіп орындау,  жоба алды және жобалық құжаттаманы дайындау. Қызмет көрсететін жеткізушілерді анықтаудың тендрлік жүйесін, құрылыс барысын техникалық қадағалауды, шарттық міндеттемелерді орындауды бақылау, уақытылы қаржыландыруды, құрылысы аяқталған объектілерді мемлекеттік қабылдауға дайындауды ұйымдастыру. Аудан аумағында қала құрылысы тәртібін сақтау және салу бойынша бюджеттік бағдарламаларды орындауды жоспарлау мен үйлестіру бойынша капиталдық салымдарды, еңбек және материалдық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етумен  құрылыс жобаларын іске асыру барысын қадағалауды атқару. Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және  технологиялар (құрылыс)  өнер (сәулет) саласындағы жоғары білім.
Жұмыс өтілі төмендегі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бо-
йынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; ғылыми дәрежесінің болуы; мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.
8. Құрылыс бөлімінің бас маманы, санаты E-R-4.
Лауазымдық жалақысы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық  міндеттері: Бюджеттік қаржыны мақсатты пайдалануды камтамасыз ету; бухгалтерлік есептерді жүргізу. Қаржылық жылға бюджеттік хабарламаны құрастыру. Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметтер мемлекеттік нормативтері және заңнама нормасын сақтау жөнінде, қала құрылысы, сәулет және басқа қалақұрылыстың жанындағы жер игеру жобалық құжаттарды бақылауды қамтамасыз ету. Қаржылық жоспарларды орындау және жоспарлау. Бөлім басшысы белгілейтін басқа өкілеттіліктерді  жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес (экономика немесе есеп және аудит немес қаржы) саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
9. Құрылыс бөлімінің бас маманы, санаты E-R-4.
Лауазымдық жалақысы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық  міндеттері: Құнның көлемі мен атқарылып жатқан жұмыс сапасының сәйкестігін, құрылыс барысын техникалық қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік қабылдап алу комиссиясы қабылдап алғаннан кейін құрылысы аяқталған объектілерді, жоба-сметалық құжаттаманы және тұрғын үй құрылысы объектілерін пайдаланушы ұйымдарға беру. Бөлім басшысы белгілейтін басқа өкілеттіліктерді  жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және  технологиялар (құрылыс немесе құрылыстық материалдар өндіру, өнімдер және конструкциялар немесе стандарттау және сертификаттау) немесе өнер (сәулет) саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
10. Ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекші маманы, санаты Е-R-5.
Лауазымдық жалақысы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты 49969 теңгеден 67907 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық  міндеттері: Аудан бо-
йынша себілген тұқымның мөлшері мен сапасы туралы қорытынды есепті жасау. Заңды және жеке тұлғалардың, меншіктің барлық нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдардың тұқым шаруашылығы бойынша ҚР нормативтік-құқықтық актілердің, мемлекеттік стандарттардың және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттардың сақталуын бақылау. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру шарттарын жасау бойынша міндеттердің орындалуын бақылау. Қаражаттандырылған тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды іске асыру. ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау. Тұқым шаруашылығы бойынша есептерді жасау. ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитеті әзірлеген нысандар бойынша есептілікті жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Ауыл шаруашылығы ғылымдары немесе  техникалық ғылымдар және технология салаларындағы (ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу өндірісінің технологиясы) жоғары немесе ортадан кейінгі білім.
11. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы, санаты E-R-4.
Лауазымдық жалақысы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық  міндеттері: Қазақстан Рес-публикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны, «Бизнестің жол картасы–2020», «Жұмыспен қамтудың  жол картасы–2020» бағдарламаларын, басқа да жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағдарламаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету, шағын кәсіпкерлікті қолдауды, инфрақұрылым нысандарын дамытуды жүргізу, шағын бизнес субъектілерінің белсенділігін арттыру, сараптамалық кеңестің жұмысын қамтамасыз ету, бағалар мен тауар айналымының мониторингін жүргізу, сауда мен қызмет көрсету кәсіпорындарының қызметін үйлестіру, шағын және орта бизнеске жетекшілік ету, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу, кәсіпкерлік қызметке консультациялық қолдау көрсету, жәрмеңкелерді, көрмелерді, байқауларды, семинарларды өткізуге қатысу, жоғары тұрған органдарға есептер, басқа да органдардың сұрауы бойынша материалдар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
12. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы, санаты E-R-4.
Лауазымдық жалақысы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық  міндеттері: Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялдық-инновациялық дамыту бағдарламасын және туризм саласындағы жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың басқа да бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету. Қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың, қызмет көрсету нысандарының және жол бойғы сервис қызметтерін үйлестіру, шағын және орта туристік бизнесті дамытудың мониторингін жүргізу, туристік инфрақұрылымдар объектілерінің дамуын қамтамасыз ету, нормативтік-құқықтық актілер әзірлеу, туристік қызмет саласында консультативтік қолдау көрсету, туристік көрмелер, конкурстар, семинарлар өткізуге қатысу, жоғары тұрған органдарға есептер және басқа да органдардың сұрауы бойынша материалдар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптар дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық немесе қызмет көрсету (туризм немесе мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі немесе әлеуметтік-мәдени сервис)  саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
13. Жер қатынастары бөлімінің бас маманы, санаты E-R-4.
Лауазымдық жалақысы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық  міндеттері: Жеке және заңды тұлғалармен жер пайдалану және жер салығы үшін төлемдердің өз уақытында және толықтығын қамтамасыз ету, 28.12.2001 жылғы №1793 ҚР МГД бұйрығына 26,27,28,68,69,70,71,72 қосымшалары бойынша реестр құру және есебін жүргізу. Жер учаскелерін беру бойынша ауданның жергілікті атқару органының шешімдерінің жобалары мен ұсыныстар дайындау; жер учаскелерінің иеленушілері менжер пайдаланушылардың есебін жүргізу. Жер саудаларын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру. Жер учаскелерін сауда-саттық шарттары мен жалдау келісімдерін жасасу. Ауыл шаруашылығы тағайындауындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру. Жер қатынастары бөлімінің мүдделерін құқық қорғау органдарына, барлық инстанциядағы соттарға ұсыну. Жер учаскелерін беру бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Иесіз қалған жер учаскелерін есепке қою. Жерді пайдалану және қорғау  мәселелерін қозғайтын қалалық,  аудандық бағдарламаларға, жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізу. Бөлім басшылығымен  белгіленетін басқа да қызметтерді атқару.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қызмет (жерге орналастыру немесе кадастр немесе бағалау) немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары (агрономия немесе топырақтану және агрохимия) немесе құқық саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
14. Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, санаты E-R-4.
Лауазымдық жалақысы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық  міндеттері: Олимпиялық, бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамытуға байланыс-ты кешенді жұмыстарды жүзеге асыру. Дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру. Есептілік құру, ауданда  дене шынықтыру және спортты насихаттау және үгіттеу. Спорт шараларын ұйымдастыру және өткізу, командалар мен спортшыларды облыстық жарыстарға қатысуға дайындау. Дене шынықтыру және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, дене шынықтыру саласында ведомствоға қарасты ұйымдарды бақылау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Дене шынықтыру және спорт немесе білім (дене шынықтыру және спорт) немесе қызмет (туризм) саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
15. Ветеринария бөлімінің бас маманы, санаты E-R-4 (№21-03).
Лауазымдық жалақысы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық  міндеттері: бухгалтерлік есепті бюджеттік заңнамаға сәйкес жүргізуді қамтамасыз ету. Қаржыландырудың жеке жоспарын жоспарлау мен орындауды жүзеге асыру. Бюджеттік қаражаттарды мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету. Айлық есептілік пен ақпаратты жоғары ведомстволық органдарға уақытылы  ұсыну. Мемлекеттік сатып алуларды, соның ішінде электрондық мемлекеттік сатып алулар жүргізу арқылы ұйымдастыру және өткізу жөніндегі рәсімдерді жүзеге асыру. Бөлімнің қағаздарымен іс жүргізу. Мемлекеттік қызметтерді ұсынуда талдау жүргізуге жауапты болуы және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапалығы мен мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша статистикалық деректердің жинағына бақылау жүргізу. «ТӨБЕ» ААЖ (жеке және заңды тұлғалардың үндеулерін тіркеу) электрондық базасын жүргізу. Бөлім жетекшілігімен белгіленген басқа да қызметтерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес (экономика немесе есеп  және аудит немесе қаржы) саласында жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
16. Ішкі саясат бөлімінің бас маманы, санаты Е-R-1. 
Негізгі функционалдық  міндеттері: Жоғары тұрған органдардың құжаттарын уақытылы орындалуын қамтамасыз ету. Бөлім жұмысын жоспарлау және талдау, жастар, этно мәдени орталықтармен, діни және қоғамдық бірлестіктермен басқа да орталықтармен, БАҚ-пен қарым-қатынас жасау, жастар саясаты мен саясатты іске асыру, ҚР мемлекеттік рәміздерінің қолданылуын және ҚР Президенті саясатының іске асырылуына бағытталған көрнекі ақпарат құралдарының дұрыс ресімделуін қадағалау. Әлеуметтік сұранымдар жүргізу арқылы қоғамдық-саяси жағдайды реттеу, талдау және мониторинг жүргізу. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс. Целиноград ауданы әкімінің сайтын ақпаратты қамсыздандырылуын ұйымдастыру және жүргізу. Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес  (политология немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе жұртшылықпен байланыс немесе әлеуметтану) немесе білім (тарих немесе орыс тілі мен әдебиеті немесе қазақ тілі мен әдебиеті) немесе гуманитарлық ғылымдар (философия немесе халықаралық қарым-қатынас немесе тарих немесе мәдениеттану немесе филология немесе дінтану немесе аударма ісі) саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі
17. Сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, санаты E-R-4.
Лауазымдық жалақысы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты 56376  теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық  міндеттері: Ауданның елді мекендерінің картографиалық  материалдарына  мекен-жайларды  енгізумен  «Мекен-жай  тіркелімі» атты ақпараттық жүйені жүргізу. Қолданыстағы  ережеге  сәйкес,  картографиалық материалдарға  және  ережелерге  сәйкес  ғимараттарға,  жер  учаскелеріне тиісті бұйрықпен  мекен-жай беру. Көрнекі сыртқы жарнамаларды қоюға рұқсат беру, көрнекі жарнама туралы есеп құрастыру және салық мекемелеріне тапсыру. Бөлімнің іс қағаздарын жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысын жүргізу. Бөлім басшылығымен белгіленген басқа да өкілетіктерді жүзеге асыру. 
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика және бизнес немесе  өнер (сәулет) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар  саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
18. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімінің бас маманы, санаты E-R-4.
Лауазымдық жалақысы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты 56376 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық  міндеттері: Жолаушылар көлігі кәсіпорындарының нысандарын дайындау бойынша жұмысын үйлестіру. Бөлім алдында мемлекеттік қаржыны бөлу жөнінде қойылған талаптарды орындау бойынша ұсыныстарды дайындау. Жолаушыларды тасымалдау саласындағы нормативтерін сақтау мәселесін бақылауды жүзеге асыру. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайды болдырмау бойынша іс шаралар кешенін құру. ТЖ, су тасқынына қарсы, жол қауіпсіздігі және абаттандыру комиссияларының жұмыстарына қатысу. Бөлім құзырлығына кіретін мәселелері бойынша өткізілетін кеңестеріне, жиналыстарына материалдарын дайындау. Бөлім басшылығымен белгіленетін өзге өкілеттіктерді орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Техникалық ғылымдар және технологиялар  немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
19. Талапкер селолық округі әкімінің орынбасары, санаты E-G-1.
Лауазымдық жалақысы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты 94173 теңгеден 126845 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Коммуналдық шаруашылығының жұмысын ұйымдастыру мәселелері. Әлеуметтік-экономикалық дамуын және тіршілік әрекетін қамтамасыз ету бойынша осы сала кәсіпорындарының, қоғамдық бірлестіктердің (ПИК) қызметтерін үйлестіру, төтенше жағдайлардан ескерту және олардың зардаптарын жою бойынша мәселелер, объектілерді салуға жер учаскелерін бөлу бойынша мәселелер. Аумағының санитарлық жағдайы, жайлыландыру және көгалдандыру мәселелері. Тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, мәдениет, білім, денсаулықты сақтау саласындағы бағдарламаларды жүзеге асыру, БАҚ-ты, спорт пен туризмді дамыту мәселелері. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша мәселелер. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау. Жол жағдайын, көшелерді жарықтандыруды бақылау. Ауылдық округ әкімі аппаратының мамандарының қызметін бақылау. Ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді көрсету сапаларын бақылау. Басшылықпен белгіленетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе өнер немесе жаратылыс ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары немесе қызметтер немесе әскери іс және қауіпсіздік немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету  (медицина) немесе ветеринария саласындағы жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы; жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.
20. Максимовка селолық округі әкімінің аппараты бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс мерзіміне), (1 бірлік), Максимовка (1 бірлік), Шалқар (1 бірлік), Воздвиженка (1 бірлік), Қосшы (1 бірлік), Ақмол (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы мерзіміне), (1 бірлік), Тасты (2 бірлік), Со-
фиевка (1 бірлік), Приречный (2 бірлік), Қоянды  (1 бірлік), Оразақ (1 бірлік), Рақымжан Қошқарбаев (1 бірлік), санаты E-G-3, (14 бірлік).
Лауазымдық жалақысы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты 53813 теңгеден 72391 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Жоғары тұрған органдардың және өз құжаттарының уақытылы орындалуын
қадағалау. Азаматтардың халактілерінің жазылуын тіркеу және есепке алу, көп балалы аналарды марапаттау жөніндегі материалды дайындау, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-саяси салаларының мәселелері бойынша ақпарат дайындау. Нотариалдық іс-әрекеттерді орындау. Шаруашылық кітабының, тұрғындарының, тұрғындардың малдарының, құрылыс, жасыл желеңді есепке алынуының дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету. Ауылдық округінде комиссияның қызметін үйлестіру. ӘЕС бойынша іс-қағаз жүргізу және құжаттарды сақтау. Әскери есепке алу нұсқаулығына сәйкес әскери міндеттілерді есепке алуды және шығаруды жүзеге асырады, әскерге шақыру алдындағылардың медициналық комиссия өтуіне дайындау, актілерді жасау. Жеке тұлғалардан мемлекеттік салықтарды қабылдау, құжаттарды мұрағатқа тапсыру. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, мәдениет, әлеуметтік көмек көрсету бойынша мәселелерге қатысу. Тұрғындардың әлеуметтік картасын жүргізу. Ауылдық округі аумағында азаматтардың келу және кету есебі бойынша жұмыс жүргізу. Істер номенклатурасына мемлекеттік мұрағатының келісімін алады. Мемлекеттік органның басшылығымен белгіленетін өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе өнер немесе жаратылыс ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары немесе қызметтер немесе әскери іс және қауіпсіздік немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) немесе ветеринария саласындағы жоғары білім; Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
21. Максимовка селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Новоишимка селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, санаты E-G-4 (2 бірлік).
Лауазымдық жалақысы  еңбек сіңірген жылдарына байланысты 48047 теңгеден 64703 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Халықтың, шаруа-фермерлік шаруашылықтардың шаруашылық басын есепке алу кітабын жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру. Экология, санитарлық жағдай, аумақтарды көгалдандыру, жайлыландыру мәселелері. Тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері. Тарихи және мәдени мұраларды сақтау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Туысқансыз адамдарды жерлеуді және зираттармен басқа жерлеу орындарын тиісті жағдайда күтіп ұстау бойынша қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру. Ауылдық округ аймағындағы әскери міндеттілерді және әскерге шақыру алдындағылардың есебін жүргізу. ӘЕС бойынша іс-қағаз жүргізу және құжаттарды сақтау. Әскери комиссариатқа әскери міндеттілердің жеткізілуін қамтамасыз ету. Әскери есепке алу нұсқаулығына сәйкес әскери міндеттілерді есепке алуды және шығаруды жүзеге асырады, әскерге шақыру алдындағылардың медициналық комиссия өтуіне дайындау, актілерді жасау. Мемлекеттік органның басшылығымен белгіленетін өзге өкілетттіктерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе өнер немесе жаратылыс ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе қызметтер немесе әскери іс және қауіпсіздік немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) немесе ветеринария саласындағы жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйырығымен бекітілген «Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясының қалыптастыру қағидалары» негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға  ниет білдірген азаматтар келесі құжаттарды тапсырады:
1) қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2)  3х4 үлгідегі суретпен осы қағыдалардың 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі:
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куаландырылған көшірмесі;
5) (№ 086/У) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен  емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілермен тапсырлатын осы тармақтың  3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды олар жұмыс істейтін  мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі куаландыра алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда әңгімелесуден өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен
бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылуға тиісті.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушы ретінде тіркелу үшін конкурс жариялаған мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметіне жолығу керек.
Мекен-жайы: 021800, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 14, анықтама алу үшін телефон: 8 716 51 31-278, факс: 8 716 51 31-109, электрондық пошта:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.


«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік
әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

1. «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, санаты Е-R-4, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 56 376 теңгеден  76 235 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Нормативтік-құқықтық актілерді орындауды және бақылауды іске асырады. Ішкі саласында мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларды ұйымдастырады және бақылайды. Ішкі саясат саласындағы жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, құзырлыққа кіретін сұрақтар бойынша бұйрықтар, қаулылар, өкімдер, шешімдер жобаларын, тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге қатысу. Саяси партиялар, этномәдени, діни және тағы басқа қоғамдық бірлестіктермен байланыс орнату. Жастар саясатын жүзеге асыру. Аудандағы қоғамдық-саяси жағдайға болжау және талдау жасау, ақпараттық-үгіт топтарының жұмысын қадағалау. Координациялық кеңестердің, комиссияларын өткізу мен ұйымдастыруды қадағалау. Қоғамдық-саяси жағдай бойынша БАҚ-тың жалпы және тақырыптық шолуларын ұйымдастыру. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функциялар мен міндеттерді орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес  немесе қызмет немесе білім салаларындағы жоғары білім.
Орта білімнен кейінгілер жоғарыда аталған мамандықтар бойынша мемлекеттік қызметтің кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына   сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда жіберіледі.
2. Сандықтау ауданы «Барақпай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты Е-G-3, 1 бірлік.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 53 813 теңгеден 72 391 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Нормативтік-құқықтық актілерді орындауды және бақылауды іске асырады. Мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларды ұйымдастырады және бақылайды. Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамыту стратегиясын іске асырады. Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселесіне талдау жүргізеді, тиісті ұсыныстар мен кепілдемелер дайындайды. Өзінің құзырына қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды, қарайды және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде қабылданған шешімдер туралы өтініш иесіне хабарлайды. Мемлекеттік тілді тиісті қолдануға, іс жүргізу ережелерін сақтауға, мемлекеттік орган жұмысының стилін және әдістерін жақсартуға бағытталған шараларды іске асырады. Жиналыстар мен басқа да ауылдық округ әкімімен өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыру, техникалық дайындау және ақпараттық қамтамасыз етеді. Ауылдық округтың әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Өзінің құзырына қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функциялар мен міндеттерді орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе өнер немесе жаратылыс ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе  ауыл шаруашылық ғылымдары немесе қызметтер немесе әскери іс және қауіпсіздік немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) немесе ветеринария салаларында жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда жоғарыда аталған мамандық бойынша ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2013  жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген «Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары» негізінде өткізіледі.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығын және әділдігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына бақылаушылар жіберіледі. Бақылаушы ретінде тіркеу үшін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне жүгіну қажет.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынадай құжаттарын тапсырады:
Орнатылған үлгі бойынша өтініш, 3х4 үлгідегі суретпен белгіленген нысанда толтырылған са-уалнама, бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi, еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қазандағы бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу реестрінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 тіркелген) нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі, құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсынылуға тиісті.
Мекен-жайы: 021400, Ақмола облысы, Балкашин ауылы, Абылай хан көшесі, 117, анықтама алу үшін  телефон: 8 (71640)9-14-41, факс: 8 (71640)9-14-41, электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен
бастап 5 жұмыс күні ішінде «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде әңгімелесуден өтеді.
Конкурсқа қатысу бойынша шығындарды (конкурс өтетін жерге жету және кейін қайту, түнеу және т.б) азаматтар өз есебінен жүргізеді.

Читать далее

Премьера

Біржан салдың шідері

Қазан айының 1-і күні Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры он сегізінші мәрте шымылдығын айқара ашып, рухани байлыққа жан-тәнімен құштар, көзі қарақты көрерменімен қайтадан қауышты.

Жаңа он сегізінші маусым үлбіреген үміт пен нық сенімге толы. Көрермен қауымның аңсай күткен сәті жазушы-драматург Баянғали Әлімжановтың «Біржан салдың шідері» атты қойылымымен басталды. Қойылымның алдында театрда қаламгердің шығармашылық жолын қамтитын көрме ұйымдастырылды. 

Читать далее

Келбет

Халқының жанашыры

Бүгінде өткен өмір сорабына ой көзімен қарап, шыққан биігіне, алған асуына көз салса, Қарағанды мемлекеттік педагогика институтының физика-математика факультетін бітіріп, Ақкөл ауданына қарасты Кеңес орта мектебі директорының оқу-өндіріс жөніндегі орынбасары болып тағайындалысымен-ақ қиындықтарға жолыққан екен.

Читать далее

Жақын жерде өсірілген көкөніс

астаналықтарды осы өнім түрлерімен қамтамасыз етуге өте тиімді

Қосшы елді мекені аймағында көкөніс өсірумен жете айналысып жатқан шаруашылықтар қатары соңғы жылдар ішінде көбейе түсті. Солардың бірі – “Green Star” агрофирмасы 2012 жылдан Астананың азық-түлік белдеуіне барынша атсалысып жатқанын айтпасқа болмайды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры Иманғали Чункуновтың айтуынша, олардың өсірген картобы, сәбізі мен қызылшасы қала тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие болуда.

Агрофирмаға бөлінген 363 гектар жерде ірі көкөніс қоймалары, автогараждар мен тағы да өндіріске қажетті материалдық-техникалық нысандар орналасқан. Негізгі құнарлы жерлер азықтық құнары мол өнім өсіруге бейімделіпті. Шаруашылықтың бұған қоса, суармалы тәсілмен жоңышқа мен арпа да өсіретінін көзіміз көрді.

Читать далее

Ұлытау тарихының тағылымы

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде  Елбасы сұхбатына байланысты «Ұлытау - ұлы тарихымыздың ұстанымы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Шараға студенттер мен университеттің оқытушылық-профессорлық құрамы қатысты. Конференцияны университеттің бірінші проректоры, профессор Темірхан Жандарбеков  кіріспе сөзден бастады.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дәстүрлі Жолдауында ел мәдениетін дамытуға жаңаша серпін беріп, бәсекеге лайықты мәдени менталитетті қалыптастыру керек деген болатын. Яғни, жаңа заманға сай мәдениет кластерін дамытуға бағытталған шараларды белгілеу қажет. Сондықтан, Нұрсұлтан Әбішұлының қасиетті Ұлытау өңірінде жасаған іссапарының рухани салмағы терең. Ұлытау – қазақ елінің кіндігі. Қазақтың үш жүзінің басы қосылған мекен. Бүгінгі мақсат осыдан туындайтын өзекжарды айқын мәселелерді белгілі бір белеске жеткізу, – деді ол.
Конференция барысында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры Қадыржан Әбуев, доцент Сәбит Жәмбек, облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов және оқу орнының  І курс магистранты Жанарай Шартенова мен ІІ курс студенті Мөлдір Демеуова баяндама жасады.
Конференцияның соңында баяндамашылар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Читать далее

Көкейкесті

Көп науқастар донорлық көмекке мұқтаж

Бүгінгі таңда «Медициналық қызметкерлердің құқықтарын қорғау» республикалық қоғамдық бірлестігі 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында ағзаларды трансплантациялау жобасын жүзеге асыруда. Осыған орай, Астана қаласындағы «Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы» акционерлік қоғамының бас маманы, жоғары санаттағы дәрігер Ғани Құттымұратовқа жолығып, әңгімелескен едік.

 – Ғани Мұратұлы, алдымен ағзаларды трансплантациялау тарихынан хабардар етсеңіз.
–Ағзаларды трансплантациялау, яғни ауыстырып қондыру – сырқатты емдеудің басқа әдістері нәтижесіз болған жағдайда қолданылатын жалғыз әдісі. Ағзаларды, оның ішінде бүйректі ауыстыру отасы алғаш рет осыдан 60 жылдай бұрын сәтті жасалды. Қазір көптеген дамыған елдерде бүйрек ауыстырып салу күнделікті тәжірибеде қолданылатын ота болып табылады. Қазақстанда бүйрек ауыс-тырып салу әдісі 1980 жылдан қолданыла бастады. Бүгінге дейін жүздеген ота жасалды. Біздің елімізде бүйрегін ауыс-тыруды қажет ететін мыңдаған пациент барын ескерсек, салыс-тырмалы тұрғыда бұл, әрине, жеткіліксіз көрсеткіш.

Читать далее

Студенттерді мемлекет тарапынан қолдау

1999-2005 жылдары берілген білім кредиттерінің басты ерекшелігі

Қазақстан Республикасында 1999-2005 жылдар аралығында отандық білімнің қолжетімділігін арттыруға елеулі үлес қосқан жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау мемлекеттік білім кредиті бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. 

Читать далее

Өзекті мәселе

Заң пәрменділікпен ғана сақталады

Облыс прокуроры Мұратбек Исадиловтың төрағалығымен облыс прокуроры жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық Кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

Кеңес отырысына қоғамдық Кеңестің мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы, облыстық әкімдіктің, бірқатар ведомстволар мен департаменттер және БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібіне орай, жиында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің инновациялық жобаларының азаматтар, кәсіпкерлік субъектілері және құқық қорғау органдары үшін маңызы, сондай-ақ, облыстың уәкілетті және құқық қорғау органдарында заңсыз еңбек көші-қонын анықтау мен оның алдын-алу жөнінде заңдылықтың сақталу мәселелері талқыланды.

Читать далее

Әкім бол, халқыңа жақын бол!

Нәтижесі – нақты істерде

Еліміздегі қолға алынған әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар, мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру, ауылдық жерлерді, тұрғын үй құрылысын дамыту және адамдардың тұрмыс деңгейін жақсарту мәселелерінің шешілуі туралы тұрғындарды ақпараттандыру деңгейін арттыру, сондай-ақ, қоғамды одан әрі ортақ мүддеге топтастыру мақсатында осы жылдың 13 қаңтары мен 21 ақпаны аралығында облыс аумағында барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен 692 есептік кездесулері өтіп, оған 67525 тұрғын қатысты.

Читать далее

Облыстық әкімдікте

Бар күш жұмылдырылсын

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен мәжілісте күзгі жиын-терімнің барысы және қысқы жылу беру мәселелері талқыланып, сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Мәжіліске облыс әкімінің орынбасарлары мен облыстық құрылымдардың басшылары қатысты. Онда егін орағы науқанының барысы, экспортқа ет өнімдерін шығару, бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің орындалуы және қысқы жылу берудің барысы талқыланды. Бүгінгі күні облыс бойынша 3 миллион 400 мың гектар алқаптың егіні бастырылып, 4 миллион тоннаға жуық астық жиналды. Егін орағын Есіл және Атбасар аудандары бірер күнде аяқтауды жоспарлап отыр.
Осы ретте, облыс әкімі егін орағын тездетіп аяқтаудың мүмкіндіктерін қарастыруды және жылу беру маусымын ойдағыдай бастау үшін бұрыннан қордаланып қалған қарыздар бойынша жұмыс істеуді тапсырды.

Читать далее

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 7145
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 4347185