09 Қазан 2014

«Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

1. Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, санаты E-R-4, 1-бірлік.
Лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына байланысты 56375 теңгеден 76235 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: 4 және 14-бағдарламалар бойынша бухгалтерлік есеп жүргізу және  есеп беру. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру. Бюджеттік өтінімді құру, шығындарды жоспарлау және мемориалды ордерлерге арналған құжаттарды дайындауға қатысу. Салықтық есеп беру.

Читать далее

«Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекетттік мекемесі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

1. Персоналды басқару қызметінің бас маманы (D-О-4 санаты, 1 бірлік).
Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 64 063 теңгеден 86 485 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Бос орын лауазымына конкурстар ұйымдастыру, аттестациялық, тәртіптік және конкурстық комиссиялардың жұмыстарын қамтамасыз ету, жеке істерді, еңбек кітапшаларын ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің міндетті арнайы тексерістен өтуін қамтамасыз ету және бақылауды жүзеге асыру, облыстық әкімдікке және Ақмола облысының мемлекеттік қызмет жөніндегі департаментке мерзімінде есептер беру.

Читать далее

Сергейдің жеңісі

Жақында Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында пауэрлифтингтен Азия чемпионаты ұйымдастырылып, онда 10 елдің 160 спортшысы сынға түсті.

Қазақстан құрама командасының сапында 105 келіге дейінгі  салмақ дәрежесінде біздің жерлесіміз, облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі Сергей Вайгант жатып көтеруден 308 келі салмақты бағындырып, алтын медальмен қоса Азия рекордын жаңартты. Ол бұл күнде білікті бапкер Кирилл Павленконың қарамағында жаттығу жасайды.
Өткен жылы да Азия чемпионатында олжа салған Сергей спорттың осы түрімен ертеден шұғылданады. Оның Қазақстан Республикасы, Азия және Әлем чемпионаттарында алты жылдан бері жеңістің ең биік сатысына көтеріліп жүргенін айтып өткен ләзім.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Читать далее

Жас техниктеріміз жүлдемен оралды

Ақтөбе қаласында өнертапқыштық  және  техникалық шығарма-шылықтан республикалық слет ұйымдастырылып, онда біздің облыстың намысын Аршалы ауданының жас техниктері қорғады.

Аталмыш шараға республика бойынша 19 топ қатысты. Олар әртүрлі тапсырыстарды орындап, өздері құрастырған техникаларды қазылар алқасының назарына ұсынды.

Читать далее

Самал – тіл шебері

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында «Тіл шебері» атты республикалық байқау болып өтті.

Байқауға Алматы, Астана қалалары мен еліміздің әрбір облыстарынан 18-25 жас аралығында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар қатысты. Бұл байқаудың мақсаты жастардың тілге деген қызғушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейту және ұлттық салт-дәстүр мен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырып, халықты біріктірудің маңызды факторы тіл екенін өскелең ұрпаққа ұғындыру болатын.

Читать далее

Ирина салған суреттер-ай!..

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында дарынды жас суретші, балалар көркемсурет мектебінің оқытушысы Ирина Янкенің  «Гүлдер монологы» атты жеке көрмесі ұйымдастырылды.

Алдымен, өнерсүйер қауым  қолынан бал тамған жас суретшінің гүл бейнеленген суреттерімен танысты. Оның «Түнде», «Жаз», «Ақ түс», «Жібек», «Мерекелік», «Ашық жүрек» сынды туындылары көпшіліктің көңілінен шықты деп нық сеніммен айта аламыз.
Ирина Казимировна – дарынды жас суретші, әр деңгейде өтетін көрмелердің тұрақты қатысушысы. Шығармасында майлы бояулар мен гуашь пайдаланады. Оның кескінді бейнелерінде нәзік түстер үйлесім табуда. Суреттердің тақырыбы – сезімге толы тамаша әдемі гүлдер, сол себепті оның картиналарын «гүлдердің портреттері» деп атауға болады.

Читать далее

Ел ағасы елімен қауышты

Жылымды негізгі мектебінде жерлес жазушы Сарбас Ақтаевтың 80 жасқа толуына орай әдеби-шығармашылық кеш болып өтті.

Салтанатты жиынға мерейтой иесімен бірге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы Қойшығара Салғарин,  «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы, жазушы  Жұматай Шаштайұлы және  басқа да зиялы қауым өкілдері  қатысты.
 

Читать далее

Менің рухани ұстазым

Біздің  редакция ұжымындағы қолына қалам ұстаған журналистердің арасында Иван Петрович Перерваға деген ықыласым ерекше. Өйткені, мен  биыл 75 жасқа толып отырған мерейтой иесін рухани ұстазым деп санаймын.

Ойды ой қозғайды демекші, менің есіме сонау 1998 жыл жиі оралады. Сол кезде Көкшетау қаласының ахуалы мүшкіл болатын. Желтоқсан айының соңғы күндері отбасыммен басқа жерге қоныс аударуға белді бекем буған едім.

Читать далее

Жобалар жүзеге асырылуда

 «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының облыстық филиалы республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Көкшетау қаласы, Зеренді және Сандықтау аудандарындағы бірқатар кәсіпорындар мен әлеуметтік сала нысандарына баспасөз турын ұйымдастырды.

Читать далее

Шығаратын кірпішімізге сұраныс артып келеді

Еліміздің экономикасы жыл санап қарқын алып келеді. Елбасымыз белгілеп бергеніндей әлемнің бәсекелестікке қабілетті 30 елінің қатарына қосылу үшін халықаралық стандартқа сай сапалы өнім өндіру қажет екендігі түсінікті. Осынау келелі  міндетті орындауда бюджетке қомақты қаржы құйып отырған ірі кәсіпорындардың үлесі аз болмайтыны анық.

Читать далее

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 6738
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 3909651