14 Қазан 2014

Оқырмандар көп болса деп...

Аудан орталығында «Кітапханашылардың инновациялық қызметі» тақырыбы бойынша семинар өтті.

Семинарды «Орталық кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің директоры Гүлнәр Дүйсембаева және мекеме әдіскері Динара Сәдуақасова ұйымдастырды.

Читать далее

Парасатты полицейлер керек

Облыс полицейлері арасында «Парасатты полицей» байқауы ұйымдастырылды.

«Таныстыру» кезеңінде «Көкше сақшылары» тобының Абылай хан өмірін суреттеген сахналық қойылымы көрермендер мен әділқазылар алқасына ерекше әсер етті. Бейнебаян көрсетіп, өз қызметтері жайлы айтып берді.
«Сегіз қырлы, бір сырлы» кезеңінде сайыскерлер өздерін әртіс, әнші ретінде таныта алды. Соңғы үшінші кезеңде қатысушылардан полицейдің күнделікті өмірінде орын алатын жағдайларды түсіндіріп беру талап етілді. Қазылар алқасы сайыскерлердің мемлекеттік тілді қолдану деңгейін де назарда ұстады.

Читать далее

Суреттер сыр ақтарғанда...

Аудандық  мәдениет  үйінде  суретші  Бектас  Кәрімұлының жеке көрмесі  өтті.

Көрмеге   суреттер ғана емес, сондай-ақ  жануарлар сүйегінен жасалған шаңырақ, сан алуан ою-өрнектерімен нақышталған  бір топ туындылар қойылды. Бектас Кәрімұлы көптеген облыстық, республикалық сайыстардың жүлдегері. Қазіргі уақытта ауданның мәдениет үйінде көркемдеуші- суретші қызметін атқарады. Оның үстіне балаларды бейнелеу өнеріне баулып келеді.
– Өскелең ұрпаққа өз білгенімді үйрету арқылы ұлттық өнердің дамуы мен сақталуына өз үлесімді қосқым келеді, – дейді суретші. Қылқалам иесіне шығармашылық табыс және дарынды шәкіттері көп болғай демекпіз.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Шортанды ауданы.

Читать далее

Өзіміз де құрметтесек, өзгелер де сыйласа

«Delta Consulting Group 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің және облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Ақкөл, Бұланды және Сандықтау аудандарында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Читать далее

Өмір жолы өнеге

Менің замандастарымның өмірі екі кезеңге бөлінеді. Біріншісі, кеңес үкіметі дәуірі де, екіншісі, еліміздің тәуелсіздік алып, егемен ел болып, нарық заңымен өмір сүріп жатқан қазіргі кезең. Біздің тәрбиеміз анамыздың ақ сүтімен, әке-шеше тәрбиесімен өрбіп, оған қоса, кеңес үкіметі заманында коммунистік тәрбиені көріп өстік.

Біз өмірімізді атақ-данқ, дүние үшін емес, халқымызға, елге арнадық. Коммунистік партия қайда жұмсаса, сонда еңбек еттік. Тағдырдың маған берген сыйы, өмірімде үлгілі, парасатты, жақсы адамдармен кездесіп, солармен қызметтес болдым, солардан үлгі алдым, үйрендім, соларға ұқсауға тырыстым. Олардың ішінде ел басқарған, елге тұлға болған ағалар: Еркін Әуелбеков, Мақтай Сағдиев, Өзбекәлі Жәнібеков, Қаратай Тұрысов, Оразбек Қуанышев, В.Демиденко, Кенжебек Укин, Н.Князев, В.Двуреченский, Кеңес Әубәкіров, тағы басқа да асыл азаматтар өмірлерін ел болашағына арнап, барлық білімі мен тәжірибесін ел үшін аянбай еңбек етуге жұмсады. Олардың сөзі мен ісінде алшақтық болмайтын және қойылған мақсатқа жетер жолда өзін де, өзгені де аямайтын.   

Читать далее

Боздақтар аруағы риза

Бейнелеп айтар болсақ, ғұмыр-дария бастауын биік асқарлардан алатын тау бұлағына ұқсайды екен. Зәулім биіктен ту-ту төменде жатқан еңіске қарай екпіндей аққан таудың асау да арынды бұлағы кей жерінде аспанға шапшып ақса, енді кейбір иірімдерде адуынды ашуы басылып, сабасына түсіп, екі жағалауындағы көк майсаға нәрін шаша, жаймашуақтанып ағады екен.

Еңістен тұрып жоғарыға көз салсаң, бұлақ баста-уына жанарың жетпес еді. Адам да солай. Бал күлкілі балалық шағында ғұмыр шетсіз-шексіз, таусылып бітпестей көрінер. Бұлқынып аққан бұла бұлақтай өзінің ағысымен зымырап, еңкейген еңіске жеткенде жылдардың жүгі қай иірімнің қойнауында қалғанын да аңғара алмай қаласың.

Читать далее

Үздік әлеуметтік жобалар

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы «Ақмола облысындағы үздік әлеуметтік жобалар» атты көрме ұйымдастырды.

Көрмеге облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов пен бірқатар басқармалар мен департамент өкілдері қатысты. Бұл шараның мақсаты мүмкіндігі шектеулі жарымжан жандарды қолдау, оларға әлеуметтік көмек көрсету болатын.

Читать далее

Есеп беру-сайлау науқаны басталады

Биылғы жылдың 15 қазанында  «Нұр Отан» партиясының есеп беру-сайлау науқаны  бастау алмақшы. Бұл тұтастай партияның, сонымен бірге, оның бастауыш ұйымдарының қызметіндегі маңызды кезең болып табылады.
Еліміздегі жетекші партияның есеп беру-сайлау науқаны қалай өтеді және болашақ жоспарлары қандай деген сауал төңірегінде «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының ұйымдастырушылық-бақылау жұмыстары бөлімінің басшысы Азамат  Біржанов газет тілшісімен ой бөліседі.

Читать далее

Несие алып, кәсібін ашпақшы

Ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда.

Балкашино селосының тұрғыны Мұрат Қарымсақов осы бағдарламаның мүмкіндіктерін ескере келе, өз кәсібін ашуға бел буып отыр. Оның айтуынша, аталған бағдарламаның кәсібін дөңгелеткісі келетін ауыл тұрғындары үшін өте қолайлы көрінеді.

Читать далее

Құс фабрикасы бой көтереді

«Үш бұлақ–2005» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа құс фабрикасы салынуда.

Серіктестік директоры Дияс Испановтың айтуына қарағанда, жаңадан салынып жатқан құс фабрикасы жылына 90 миллион дана жұмыртқа өндіруге мүмкіндік беретін көрінеді. Бағдарлама шеңберінде қолға алынған бұл жоба 2 миллиард 302 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Читать далее

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 7145
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 4347185