16 Қазан 2014

ҚАЗАҚ, ҚЫРҒЫЗ АРДАҚТАЙДЫ, ТАНИДЫ, АЛПЫС ЖАСТА АЛАШТЫҢ БАЯНҒАЛИЫ!

Баянғали Тақанұлы Әлімжанов  – ақын, драматург, жазушы, сатирик, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, кинорежиссер, сценарийші, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі, сыншы, кинодокументалист, тележүргізуші, мәдениет қайраткері. Ол 1954 жылы 16 қазанда Ақмола облысы  (бұрынғы Көкшетау) Еңбекшілдер ауданының Степняк қаласында қарапайым еңбекшілер отбасында дүниеге келген. Әкесі Тақан Әлімжанов Ұлы Отан соғысының мүгедегі. Анасы Бәтима Әбішева екеуі де зейнетке шыққанша кеңшарда жұмыс істеген.

Читать далее

Заңға енгізілетін толықтырулар толғандырады

Бүгінгі таңда елімізде көші-қон жайы аса маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Қазір «Көші-қон туралы» Заңға жаңа өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылуда.

Бұл жаңа заң сырттан келетін қандастарымыздың  азаматтық алып, қоныстануын ғана реттеп қоймайды, сонымен бірге, шетелдік жұмыс күшін тарту аясында да мемлекет саясаты жүзеге асырылады. Ең алдымен, көші-қон саясатын жетілдірудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді. Ел аумағына кіру мен қоныс аударудың  бірыңғай шарттарын, оралмандарды әлеуметтік қолдау шараларын жасайды.

Читать далее

Жергілікті басшылар халыққа жанашырлықпен қараса екен

Әлемдік дағдарыс, экономикалық санкциялар – осылардың барлығы біздің экономикамызға әсер етпей қоймауы мүмкін емес. Дербес, егемен мемлекет болғандықтан, туындауы мүмкін экономикалық ауыртпалықтардың алдын алу үшін мемлекет тиісті шаралар қолданып келеді.

Читать далее

Өнім көлемі арта түсті

Ауыл шаруашылығы саласы да қарқынды дамуда.

Ағымдағы жылдың алты айының өзінде сала өнімі 4422,7 миллион теңгеге жетті. Оның ішінде, мал шаруашылығы 1372,0 миллион теңге, егін шаруашылығы 3050,7 миллион теңгені құрады. Ауданда 46 ауыл шаруашылық құрылымы және 402 шаруа қожалығы бар. Биылғы жылы аудандағы машина-трактор паркінің дайындығы мен диқандарға қолайлы жағдайдың жасалуы  жарқайыңдықтарды облыс бойынша астық жинаудың үздігі ретінде танытты.
Қоңыр күзде аудан диқандары 540032 гектар алқаптың астығын ысырапсыз жинап алды. Өнімділік әр гектарынан 11 центнерден айналды. Жалпы аудан бойынша 600 040 тонна астық жиналды. Оның ішінде, бидайдан бөлек 10163 гектардан майлы дақылдар, 195 гектардан картоп, 132 гектардан көкөніс алынды. Сонымен қатар, келер жылға 52,9 мың тонна 1,2 сортты  асыл тұқымды күздік дәнді дақыл егілді.

Читать далее

Ауыз судан тарықпайды

Ауданда «Сапалы су» және «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламалары   ойдағыдай жүзеге асырылуда. 

Бүгінгі таңда осынау бағдарламалардың аясында аудандағы 23 елді мекенінің  18-і бір орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл аудан тұрғындарының 88 пайызын құрайды.
Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен бөлінген 70,9 миллион теңге қаржыға Отрадное және Кенское ауылдарындағы сумен жабдықтау тораптарын қалпына келтіру жұмыстары басталды.   Қала тұрғындарын   үздіксіз  сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, Державинск қаласында ашық көздерден суларды  механикалық тазалау үшін арнайы құрал-жабдықтар сатылып алынып, орнатылды. 

Читать далее

Көпшіліктің арманы – қолжетімді баспана

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында  ел тұрғындарын  баспанамен қамтамасыз ету бағытында қолға алынып жатқан шаралар сөз  болды.

Читать далее

Ардагерлердің үйлерін аралап шықты

Өңірде «Нұр Отан» партиясының «Нұр Отан». Нұрлы болашақ жолында» доктринасы негізінде қолға алынған «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жуырда аудан әкімі, партияның аудандық филиалының төрағасы Ермек Нұғыманов  бірқатар соғыс және еңбек ардагерлерінің үйлерін аралап, оларға тиісті құрмет көрсетті.

Читать далее

Мүгедектер жағдайы назарда ұсталады

«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы облыста сәтті жүзеге асырылып келеді. Жуырда облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың төрағалығымен мүмкіндігі шектеулі жандардың басындағы күрмеуі қиын мәселелерге қоғам назарын аудару, оларды шешу жолдарын қарастыру мақсатында дөңгелек үстел болып өтті.

Читать далее

Ынтымақ-бірлікке ештеңе жетпейді

Рухани келісім күні қарсаңында өңір басшысы Сергей Кулагиннің төрағалығымен Ақмола облысы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

Читать далее

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 7173
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 4363813