18 Қазан 2014

Тіл жайлы толғаныс

«Сырты – қазақ, іші – басқа, осы біз қайда барамыз», – деген сауал бүгінде бәрімізді болмаса да, біразымызды толғандыратыны бар. Өзінің тілін білмей, мақұрым болған қандастарымызды көріп, қатты қапаланасың.

Өзге емес-ау, өз қаракөздеріміз өзегімізден теуіп жатқаны әсте жақсылық болмаса керек. Бұл қалпымызбен біз қалай қазақ боламыз, қалай өркениет биігіне көтеріледі екенбіз?! Жан ауыртқан басты сауал осы.

Читать далее

«біздің құрмаш» деп арқа тұтатын

Редакциямызға ертеректе Моңғолиядан қоныс аударған Есет Құрманханұлы бауырымыз келді. Амандық-саулықтан соң Алматыда Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы әкесі, көрнекті жазушы Құрманхан Мұқамәдиұлының 90 жасқа толуына орай дөңгелек үстел ұйымдастырғанынан қуана хабардар етті.

Осы кезде менің көз алдымнан сонау 90-шы жылдары Көкшетау облыстық телерадиокомпаниясында бірге қызмет істеген Баман марқұмның бейнесі қылаң берді. Бірер жас үлкендігіне қарамастан, аңқылдаған ашық жан еді. Бірге жолсапарға шығып жүрдік. Ата-жұртқа қоныс аударған жерлестеріне соғып, хал-жағдайларын білуді ұнататын. Бірде Көкшетау қаласының іргесіндегі Бірлестік ауылында тұратын опера әншісі Советхан Долдаұлымен дидарласудың сәті түсті. Ол кісі далада мал бағып жүр екен. Біраз әңгімеден соң Баман оған ән салғызды. Неткен ғажап дауыс дерсіз. Қуатты әуен ен даланы жаңғыртты. Кәдімгі Ермек Серкебаев ағамызша ән шырқады. Сол жолы осы кісінің арқасында Моңғолиядан оралған небір өнерлі азаматтармен танысудың сәті түсті.

Читать далее

Есімі де, өмірі де – еңбек

Елбасымыз «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбегінде кейінгі кезде елімізде нағыз еңбек адамына деген құрметтің азайып кеткенін жасырмады. Солардың ішінде біз еңбексүйгіш ағаларымызды ұмытпағанымыз жөн. Біздің толқын еңбек адамдарын құрметтеп өсті, ал ол кездегі адамдар ортақ мүдде үшін жұмыс істейтін. Солардың бірі – білікті басшы әрі қоғам қайраткері Еңбек Қабданов десек, артық емес.

– Мен 1934 жылы қазіргі Зеренді ауданының  Еленовка селосына жақын жерде орналасқан  Қарағай ауылында дүниеге келдім. Әкем Қабдан Исенов жергілікті кеңшарда малшы болып жұмыс істейтін. Отбасымызда алты бала болғандықтан, анамыз Шайза үй шаруасымен айналысты. Ол кезде ауылда отызға тарта үй, бастауыш мектеп болды. Мен осы мектепті бітірген жылы әкем болашағымызды ойлап, Көкшетау қаласына қоныс аударды. Біз қысты күні бүкіл дүние-мүлкімізді бір атшанасына сыйдырып, көшіп келдік. Әкем автобазаға жүргізуші болып орналасып, мен қазақ орта мектебінде оқуымды жалғастырдым. Уақыт осылайша өтіп жатты. Ұлы Отан соғысы басталған кезде әкем ел қорғауға аттанып, шешемізге еңбекке араласуына тура келді.

Читать далее

Сыйлыққа – 500 кітап

«Жас Отан» жастар қанатының Ақмола облыстық филиалының бастамасымен «Жастар – Отанға!» жобасы аясында «Кітап – ең құнды сыйлық» атты қайырымдылық іс-шарасы болып өтті.

Читать далее

Телеарналарды дұрыс таңдайық

 Басылым беттері мен ғаламторда «Триколор», «НТВ+», «Радуга», «Телекарта» секілді операторлардың жерсеріктік  қондырғыларын сату мен желіге қосылу қызметтерін жарнамалаған хабарландырулар тұнып тұр. Бір жағынан онда тұрған не бар деп ойларсыз? Алайда, «Лицензия беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында  телевизиялық және радиохабар таратуды ұйымдастыру лицензияланатын қызмет түрі болып табылады.

Читать далее

Қара шаңырақтың орнына қарттар үйі...

Шіріген жұмыртқа

– Шіріген жұмыртқа, – деді еңкіш бойлы сары әйел, – сенің балаң шіріген жұмыртқа! Ондай баланың барынан жоғы жақсы. Құдайым-ау, осында сол бала сені сағынып келеді дейсің бе, зейнетақыңды алуға келеді. Әйтпесе, анам бар деп өліп-өшіп тұрса, бірге отырмас па едіңдер. Қайта менің бала таппағаным қандай жақсы болған. Әйтпесе, балам бар деп сен құсап, әр күн сайын терезеге мөлиіп тосумен күнім өтер еді. Бала да жоқ, бай да жоқ. Ешкімге ренжімеймін.

Читать далее

Қоғамымыздың басты құндылығы

Гүлжанар ШӨКЕЕВА,
облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы

Қазақ елі қашанда өркениеттердің алтын арқау ошағы, батыс пен шығыстың әртүрлі діни және мәдени үдерістерінің  мәмілелі мекені болғаны анық. Сондықтан, бүгінгі  ұрпақтың рухани салада  бабалар салған даңғыл жолды жалғап, сан ғасырдан бері үйлесім тапқан ынтымақты жарастырып отырғаны жақсылықтың нышаны. Осындай ортақ мүдденің арқасында кең байтақ елімізді мекен еткен жүздеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Читать далее

Ақтаудан шығып, Көкшетауға жетті

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына баруы «Менің елім – Мәңгілік ел: Каспийден Алтайға дейін» этнографиялық экспедициясының  қолға алынуына түрткі болған еді. Қазір жер-жерде осы бастама аясында әртүрлі шаралар ұйымдастырылуда.

Мұндай шараларда жастарға еліміздің сұлулығын паш етіп, оның бірегей табиғатын құрметтеу, отаншылдық сезімін ояту басты назарда ұсталады. Экспедицияға қатысушылар облыс орталықтарында өңірдің туристік, білім және экономикалық ахуалын көрсететін фотокөрмелер мен танымдық шаралар өткізеді. Екі айға жуық уақыт ішінде 5 отандық автокөлік Қазақстанның барлық өңірлерін аралап шығады. Жоба соңында экспедицияға қатысушылар сапардан алған әсерлері туралы фильм түсіріп, фотоальбом шығармақшы.

Читать далее

Мектеп салынуда

Аудан орталығында жаңа 200 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде.

Читать далее

Топырақ Мәдинеден бұйырды

Биыл Құрбан айтының алдында Аллаға құлшылық ету үшін Қазақ-станнан бес мың адам Меккеге аттанған еді.

Осы отандастарымыздың ішінен екі кісі өздерінің қажылық сапарлары барысында қайтыс болғандары туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы  баспасөз қызметінің хабарынан белгілі болды. Марқұмдардың бірін жолаушылар тасымалдайтын автобус соғып, мерт болса, екіншісі жүрек-қан тамырлары ауруынан көз жұмған  көрінеді.

Читать далее

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 7173
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 4363813