06 Желтоқсан 2014

Жарайсың, Салтанат!

«Большая опера» атты телебайқаудың үшінші маусымы биылғы жылғы 29 қарашада П.И.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының Үлкен залында өткізілді. Ақтық сайыста көрермендердің ұялы телефон арқылы дауыс беру қорытындысы бойынша Салтанат Ахметова жеңімпаз атанды. Бұл әсіресе көкшетаулықтар үшін үлкен жеңіс. Өйткені, Салтанат осы өңірдің тумасы.  Анасы Көкшетау қаласында тұрады.

Читать далее

Мен Еркешті сағынып жүрмін

Беу, дүние-ай десеңші, уақыт шіркінде тұрлау да, тоқтам да жоқ. Таудан аққан тас бұлақтай екпіндей ағып, бұлықси толқып, жан-жағыңа қарауға да мұршаңды келтірмей, зулап, зырлап өтіп барады. Жалғыз-ақ ерекшелігі суда өрнек қалмаса, адамда із қалады. Бәрін де бірдей емес, ел үшін еңбек еткенінде ғана. Ал, уақыт жүйрік, тым жүйрік. Атам қазақ мұндайда «туған ай туралған етпен бірдей» деп тегін айтты дейсіз бе. Егізімнің сыңарындай күн кешкен, ет жақын туысымдай сырласқан, мұңдасқан, қынабынан суырылған алмас қылыштай жарқылдап жүретін, жадырап күлетін, елі үшін сан талай ауыртпалықты көтерген, табаны тастан таймаған тарланбоздай күнді түнге, түнді күнге ұластырып қисапсыз еңбек еткен, ел ардағы Еркеш бауырымның да мынау жарық дүниеден көшкеніне жыл толып қалыпты-ау.

Читать далее

Облыс халқы – 735571 адам

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2014 жылдың 1 қазанында облыс тұрғындарының саны 735571 адамды құрады.

Читать далее

44 мың түп ағаш егілді

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында Ақмола облысы жастар және студенттік еңбек жасақтарының кезекті еңбек маусымының жабылу салтанаты болып өтті.

Читать далее

АҒАМЕН ӨТКІЗГЕН БІР КЕШ

Сәкен аға деп отырғаным, кәдуілгі Сәкен сері атанып кеткен Қазақстанның халық жазушысы Сәкен Жүнісов. Сәкен Нұрмақұлы бұл жалғанда тірі жүрсе, биыл 80 жасқа толар еді және өзі сүйген Көкшесінде мерейтойын дүркіретіп тойлар еді. «Таулар алыстаған сайын асқақ көрінеді» деген рас-ау, Сәкен ағаның арамыздан кеткеніне біраз жылдар болып қалды. Енді ол кісі туралы жылы лебіздер мен жақсы естеліктер айтылатын болды.

Читать далее

Өгей ұлдары ғана менсінбейді

Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді. Бұл әрі ата-баба  алдындағы ұлы парызымыз іспеттес. Сондықтан, әркім өз ана тілі арқылы өзгені танып, рухани кемелденетіні анық.

Читать далее

Көзқарас дұрыс болуы керек

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысында Көкшетау қаласы мен Есіл ауданында кәсіптік және техникалық білім берудің жай-жапсары қаралып, талқыланды.

Читать далее

Қымыздың артықшылығы дәмінде

Астананың іргесіндегі бұл шаруашылық қымыз өндіруді 2008 жылдан бастап мықтап қолға алған. Мұнда жыл санап мама биелер саны өсіп келеді. Сонда да, жұмыстың біразы күні бүгінге дейін қолмен атқарылады.

Читать далее

Өмірдің мәнін ұққан

1954 жылдың сегізінші желтоқсанында КСРО Жоғарғы Кеңесіне сайлау өтіп жатқан мерекелі де берекелі күні дүниеге келген  ұл балаларына  Ұлы Отан соғысының ардагері Кәрібай аға мен Балғын апаның қуаныштары қойнына сыймай, нәрестенің атын  Сайлау деп қойыпты. 

Читать далее

Ниеттенген несібесіз қалмайды

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» облыстық филиалы облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі  басқарма мамандарымен бірлесіп,  аудан тұрғындарына «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері туралы заңдық тұрғыдан ақыл-кеңестер берді.

Читать далее

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 6738
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 3920990