16 Желтоқсан 2014

Жылдар жемісі

Өз Отанының тағдырына жауапкершілік сезіммен қарайтын, еліміздің біртұтас халқын құрайтын барлық қазақстандықтар үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – ең басты мереке.

Елбасымыздың көреген басшылығының арқасында экономикамыз жан - жақты дамып, әлеуметтік сала нығайып, демократиялық жаңғырулар жүзеге асып жатыр.

Читать далее

Нұрлы жолмен мұратқа жетеміз

Қазақстан, Тәуелсіздік, егемендік деген ұғымдар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз ұштасып жатыр. Олай дейтінім, ел тәуелсіздігінсіз Ұлт Көшбасшысын, Елбасынсыз ел тәуелсіздігін көз алдымызға елес-тету мүмкін емес. 

Читать далее

Сол бір қуаныш күні бүгінгідей есімде

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні – халқымыздың сан ғасырлар бойғы аяулы арманының орындалғанымен құнды, қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің жан жүрегіндегі түпкі мақсаты орындалып, ендігі арада қазақ елі ұзақ жыл бастан кешкен бодандықтың қамытынан құтылып, өз алдына шаңырақ көтеруі Алаш баласының жүрегінде атойлаған қуаныш деп ұғуымыз керек.

 

Читать далее

Көк Туым желбіреген

«Көкшетау» мәдениет сарайында Тәуелсіздік күніне арналып өткізілген салтанатты шарада облыс әкімі Сергей Кулагин жиналысқа қатысушылар мен барша ақмолалықтарды қасиетті мерекемен құттықтап сөз сөйлеп, Елбасы Жарлығымен мемлекет наградаларына ие болған жерлестерімізге орден-медальдар мен Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарын тапсырды.

Читать далее

Мерекенің маңызы

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде Тәуелсіздік күні құрметіне қоғамдық өмірде және еңбекте қол жеткізген елеулі жетістіктері үшін бір топ ақмолалықтар облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Читать далее

Кемел биігімізге жалғасар жол

Әлемдегі соңғы қым-қуыт оқиғалар ХХI ғасырдың бірінші ширегінде монополярлы, бір полюсті дүниенің артта қалғандығын айқын көрсетті. Елбасымыз осы қалыптасып келе жатқан жаңа әлемдік  архитектурада  Қазақстан өз орнын алуға тиісті деген көзқарасты ұстанады. Түрлі интеграциялық құрылымдар  еліміздің саяси тәуелсіздігіне, дербестігіне зиян келтірмеуге тиісті.

Читать далее

Бергенім әлі аз деп ойлаймын

Тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміздің қол жеткізген табыстары саяси-экономикалық жетістіктері ғана емес, әрі халықтың әл-ауқатының жақса-руымен өлшенетін сияқты.

Бұл тұрғыдан алғанда, Құдайға шүкір, тәуелсіздік қолымызға тигелі көшіміздің күн санап түзеліп келе жатқандығын айтқым келеді. Өз өмірімнен мысал келтіре айтар болсам, сол тоқсаныншы жылдардың басында совхозда агроном едім. Екі мыңыншы жылдары мені «Қима» совхозының директоры етіп тағайындады. Бұдан кейінгі уақытта  «Агрофирма ТНК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрамына кіретін «Жаңа жол» серіктестігіне басшылық етіп келемін.

Читать далее

Тұла бойды намыс кернеп...

− Сіздер бақыттысыздар. Біздің тұсымызда қазақ жастары қағажу көріп өсті ғой. Көрінген жерде «екінші сұрыпты» халықтың баласы екенімізді, мал бағып, жабайы болып кеткен жерімізден өздерінің «адам» қылып алғандарын олар ұдайы есімізге салып, реті келгенде, қағытып қалып отыратын, − деп бастады бізбен әңгімесін 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушы Дәуіт Сүгірәлин.

Читать далее

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық  және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мыналар наградталсын:

Читать далее

Беделді, берекелі елміз

Жақында еліміздің бетке ұстар бір азаматының теледидар  арқылы  келтірген мысалының куәсі болған едік. Жас та болса үлкен өнер иесі атанып, әлемдік дәрежеде керемет табыстарға қол жеткізе алған  бұл азамат өзінің шеберлігінің шыңдалу жолдары мен дарындылығының арқасында әлемге танымал болуы себептеріне тоқтала келе, шет елде мыңдаған өнерсүйгіш қауымның алдына алғаш шығар алдында қатты қобалжығанын, тіпті, сахнаға шығуға тайсалып, өнерін көрсетуден бас тартуға барып қала жаздағанын  толғана айтып отырды.

Читать далее

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 7145
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 4347185