18 Желтоқсан 2014

Бекбол – күміс жүлдегер

Ресейдің Оренбург қаласында ерлер мен әйелдер арасында белбеу күресінен әлем кубогы сарапқа салынды.

Бұл жарысқа Ресей, Армения, Әзірбайжан, Австралия, Қазақстан, Эстония, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Швеция, Грузия, Франция және басқа да мемлекеттер қатысты. Қазақстан құрама командасының сапында 82 келі салмақта сынға түскен Целиноград ауданының балуаны Бекбол Нұрланұлы ақтық сында ресейлік атлет Мурат Татаркуловқа есе жіберіп, күміс медальмен марапатталды.
Бекбол спорттың осы түрін әкесі Нұрланнан үйренуде. Қазақстанда өз салмағы бойынша топ жарып жүрген ол бірнеше халықаралық жарыстардан жүлдемен оралып жүр. Бекбол Нұрланұлының 2013 жылы белбеу күресінен әлем чемпионы атанғанын да айтып өткен ләзім.

Қоржын толы медаль

Өскемен қаласында ауыр атлетикадан өткен ел чемпионатында ақмолалық зілтемір көтерушілер қоржын толы жүлдемен оралды.

Бұл жолы 63 және 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Фаина Сиванбаева мен Анна Нұрмұхамбетоваға алтын медаль бұйырды. Юлия Жукова екінші, ал, Бота Қалымова (+75 келі) үшінші жүлдегер атанды.
Ерлер бәсекесінде 77,85 және 105 келі салмақтарда облыс намысын абыроймен қорғаған Жасұлан Қалиев, Ербол Мейірманов және Сергей Райлян қола медальмен қуантты. Қалған спортшылар жүлдегерлер санатынан көрінбесе де мол тәжірибе жинақтай алды.
Өскеменде өткен ел біріншілігі мен ел кубогы бәсекесіне 136 ауыр атлет қатысты. Сөйтіп, бұл сайыста республика бойынша 15 жаңа чемпион жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілгенін айтып өткен ләзім.

«Astana Arlans» сапында – 4 ақмолалық боксшы

Қазақстанның бетке ұстар былғары қолғап шеберлері Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) бойынша 5 маусымға дайындықты бастап жіберді. Боксшылардың жаңартылған құрамы мен білікті бапкерлер Бүкіләлемдік бокс академиясында жаттығу жасауда. «Astana Arlans» командасының құрамына біздің облыстан Теміртас Жүсіпов (49 келі), Нұрсұлтан Қосшығұлов (56 келі), Нұрдәулет Жарманов (81 келі) және Алмат Серімов (91 келі) еніп отыр.

 

Читать далее

Біздегі қуаныш!

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы-драматург, Ақмола облыстық «Арқа ажары», қалалық «Көкшетау» газеттерінің бұрынғы бас редакторы, елімізге танымал тұлға Жабал Ерғалиев Тәуелсіздік күніне орай, мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастыққа қосқан елеулі үлесі үшін Елбасы Жарлығымен Отанымыздың жоғары наградасы – «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл жақсы хабарды біздер, қаламдас әріптестері де  ортақ қуанышымыз деп білеміз.

Читать далее

Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні құрметіне «Мәңгілік ел –мәртебелі тіл» атты облыстық ақындар мүшәйрасы өткізілді.

Мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізілген мүшәйраның ашылу салтанатында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Арман Бердалин сөз сөйлеп, ақындарға сәттілік тіледі.

Читать далее

Жазар жақсылығымыз, жеткізер қуанышымыз көп болсын

Кез-келген саланың қызметкерлері төл және кәсіби мерекелерін ел алдындағы есебі деп біледі. Өзің қалаған кәсіптің жауапкершілігі де осында. Бұл орайда, 95 жылдық торқалы тойын атап отырған «Егемен Қазақстанның» мойнындағы жүк-салмақтың деңгейін әлгі «95» дейтін санмен безбендеп көрсек те болғандай. Әсте жеңіл міндет арқалап отырған жоқ бұл басылым.

Читать далее

Жастарға керек емес

Жыл сайын 9 желтоқсан–Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні ретінде аталып өтіледі.

Читать далее

Екі жаққа да жайлы болды

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров Тәуелсіздік күніне орай өткізілген ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесін аралап көрді.

Читать далее

Үлгілі елді мекен

Жылдың соңғы айы Родина ауылдық округінің тұрғындары үшін жағымды жаңалықтарымен есте қалып отыр.

Мемлекеттік мерекелер өз алдына. Мұның басқа да өзіндік себебі бар. Жылда көктем туысымен Родина ауылының тұрғындары ешқандай ескертусіз-ақ көгалдандыру жұмыстарын қолға алып, басқалардан бұрын үйлерінің маңын, елді мекендерін мұнтаздай ғып тазалауды әдетке айналдырған.

Читать далее

Аккредитация – медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартудың жолы

Даналықты өмірдің өзінен дарытқан халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп сан ғасырдың сырын бір ауыз сөзбен түйіндеген болатын. Шынында да адамзат үшін сарқылмайтын қазына, таусылмайтын байлық денсаулық екендігінде дау жоқ.

Читать далее

Өнім азаймайды

Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін жасау бағдарламасы одан әрі іске асырылуда.

Читать далее

Табысымыз айшықталды

Достық үйінде «Жайнай бер, тәуелсіз Қазақстан» атты тақырыппен Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара болып өтті.

Читать далее

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 7145
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 4347185