2015-2019 жылдарға арналған Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы

Аймақтың экономикалық дамуы, орташа тездетілген кезеңде теңдестірілген,  жеке және мемлекеттік қаражаттар есебінен индустриалды және инфрақұрылымдық жобаларға, өсіп келе жатқан инвестицияларға бағдарланған ішкі сұранысқа бағытталатын болады.

Ел экономикасын дамытудың болжамдық үрдістеріне негізделіп, азаматтардың тұрмыс ахуалының деңгейін жоғарылату мақсатында шикізаттық емес секторды қарқынды дамыту есебінен жалпы ішкі өнімнің (ЖӨӨ) жыл сайынғы нақты өсу қарқынын 6 пайыздан төмен емес деңгейде қамтамасыз ету жоспарланады. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ өсімі 2013 жылғы 7,2 мың АҚШ долларынан 2019 жылы 15 мың АҚШ долларына дейін артады.
Жаңа жоғары технологиялық өндірістердің жобалық  қуаттарына шығуы, сонымен қатар, Индустрияландыру картасы шеңберінде жаңа жобалардың іске қосылуы өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсуіне мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді жоспарлау кезеңінде инфляциялық процестерді тұрақтандыру инфляцияны 6-8 пайыздық дәлізде ұстауға мүмкіндік беретін болады.
Экономикалық өсудің мақсатты параметріне қол жеткізуге аймақтың инвестициялық белсенділігі, нақты сектор саласының сапалы дамуы  мүмкіндік туғызады.
Әлемдік нарықтағы бидай сұранысын ескере оты-рып, болжамды  кезеңде ауыл шаруашылығы саласы  дамуының басым бағыттарының бірі – астық өндірісі сақталады. Бидайды монодақыл етіп өсіруді біртіндеп азайту шеңберінде басым дақылдардың егістік алқаптарын кеңейту жоспарланады. 2019 жылға қарай майлы дақылдар алқабы 300 мың гектарға дейін, картоп пен көкөніс – 25 мың гектарға дейін артады. Өсірудің осы заманғы технологияларын енгізу, элита тұқым шаруашылығын дамыту және егіншіліктің жалпы мәдениетін жоғарылату есебінен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру жоспарланады.
Мал шаруашылығының әрі қарай дамуы өнімділігі жоғары тұқымды малдың санын көбейтіп, өнімділігін жоғарылату бұл үшін селекциялық-асылдандыру жұмысын жүргізу, ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету есебінен болжанып отыр.
Етті мал шаруашылығын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру ішкі нарық қажеттілігін қамту және экспорттық әлеуетті кеңейту үшін бәсекеге қабілетті сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ет және сүт өңдеудің үлесі де көбейеді.
Бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде 18 мың басқа арналған жеті мамандандырылған бордақылау алаңы құрылды. Одан басқа, облыста тағы 24 шағын және орта бордақылау алаңдары жұмыс істейді. Облыстың барлық бордақылау алаңдарының жалпы қуаттылығы 26 мыңнан астам малды құрайды. Индустриалдық кешенде әрі қарай дамуды жеткілікті шикізат және өндірістік қоры бар салалар – машина жасау, тау-кен металлургия, құрылыс индустриясы, азық-түлік өндірісі қамтамасыз етеді.
Индустриалды дамудың жаңа бағыты – сирек кездесетін металдар негізіндегі өндіріс, күкірт қышқылы өндірісі химиялық сала көрсеткіштерінің өсуіне мүмкіндік береді.
Өнеркәсіптік өндірістің 2015-2019 жылдарға арналған жылдық орта мөлшерінің өсу қарқыны 106-107,5 пайыз деңгейінде жоспарланып отыр. Тұрақты өңдеу үрдісі алтын қазушы компаниялар есебінен сақталатын болады, ол химиялық өнеркәсібін дамыту, үй құрылысы комбинаты, ет және сүт өңдеуші кәсіпорындары арқылы дамымақшы.
Орташа жеделдетілген кезеңде құрылыс жұмыстары көлемінің жыл сайынғы өсуі 104-103,6 пайыз  деңгейінде болжануда. Барлық қаржы көздері есебінен, 1,7 миллион шаршы метр тұрғын  үй алаңын пайдалануға беру  жоспарлануда. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында қымбат емес тұрғын  үй құрылысы қарастырылады және әрі қарай ол құрылыстық жинақтаушы тұрғын үй жүйесі қатысушыларының арасында жүзеге асырылады.
Көлік инфрақұрылымын дамытуда облыс және аудан орталықтарында сапалы көлік байланысын қамтамасыз ету, сонымен қатар, облыс өңірлерінде көлік инфрақұрылымның тиісті жағдайын жасау басым бағыт болып табылады. Жол желісінің сапасын жақсарту бойынша жобаларды іске асыру нәтижесінде 2019 жылы 70 пайыздан кем емес жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болады. Бұл жыл сайын көліктік қызмет көрсету көлемінің орташа алғанда 4-7 пайызға артуына мүмкіндік бермекші.
Сауданы дамытуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру, нақты сектор салаларының жоғары өсу қарқындарына қол жеткізу жағымды ішкі конъюктура бөлшек тауар айналымының өсу үрдісінің сақталуын қамтамасыз етеді. Бөлшек сауда көлемінің жыл сайынғы өсуі орташа алғанда 15, көтерме тауар айналымының  өсуі кемінде 3 пайызды құрайды. 2019 жылға қарай жыл сайын кемінде 10 мыңдай жаңа жұмыс орындарын құру, облыстың еңбектапшылығы кездесетін өңірлерде жұмыс істеуге және тұруға жағымды жағдайлар жасау негізінде жұмыс күшiн тарту шаралары жүйесін әзірлеу есебінен жұмыссыздық деңгейiн 3,8 пайызға дейiн төмендету жоспарланады.
2015-2017 жылдарға арналған облыс бюджетi кірістерінің болжамы макроэкономикалық көрсеткiштердiң орта мерзiмдік кезеңдегі болжамы негiзiнде ҚР Бюджет және Салықтық Кодекстері және басқа да нормативтiк-құқықтық актілерді ескере отырып есептелiнді.
Бюджет кірістерінің өсiмі негiзiнен облыс бюджеті кірістерінде 95,8 пайызды құрайтын салық түсiмдерін ұлғайтудан қамтамасыз етiледi.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында берілген тапсырмаларды ескере отырып, 2015-2017 жылдарға арналған бюджет шығыстарының негiзгi басымдылықтары  мыналар болып табылады:
1. Халықты жұмыспен қамтуды арттыру Тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табыстарын арттыру үшін «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыру одан әрі  жалғастырылады.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде оқыту, қайта оқыту және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, бизнес дағдысына оқыту және микрокредиттерді ұсыну арқылы ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша іс-шаралар қаржыландырылатын болады.
2. Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту, қолжетімді тұрғын үйлермен қамтамасыз ету Халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту қолжетімді тұрғын үйлермен қамтамасыз ету, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жетілдіру, тұрғын үй қорын, тұрғын үй құрылысын жақсарту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау жүйесін дамыту есебінен жүзеге асырылатын болады. Осы бағыт шеңберінде бірінші кезекте 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдіру бағдарламалары бойынша жобалар іске асырылатын болады. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы шеңберінде қолжетімді жалгерлік үйлерді салу арқылы тұрғын үй қорын ұлғайту жоспарланып отыр.
Бұдан басқа мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанға одан әрі көшіру арқылы олардың сапасы мен халыққа қолжетімділігін арттыру бойынша іс-шаралар қаржыландырылатын болады.
3. Адам капиталының сапалы дамуы Әлеуметтік саланы одан әрі жаңғырту мақсатында бірінші кезекте денсаулық сақтауды дамыту бойынша «Саламатты Қазақстан», Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту, «Балапан» бағдарламаларының іс-шараларын қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.
Денсаулық сақтау саласындағы басымдылықтардың бірі медициналық қызмет түрлерінің сапасын арттыруға, алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмекті дамытуға, жұмыс көрсеткішін жақсартуға және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бағытталған  Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін  одан әрі енгізу болып табылады.
Облыста онкологиялық көмек көрсету бағдарламасын дамытуға, туберкулез ауруларын төмендету, ерте анықтау бойынша шараны белсенділендіру және қан айналымы жүйелері ауруларын емдеу сапасын жетілдіру шараларын қаржыландыруға ерекше көңіл бөлінетін болады.
Білім беру саласын одан әрі жетілдіру мақсатында мемлекеттік және жеке меншік бала бақшалардың, түрлі үлгідегі мектепке дейінгі ұйымдардың (шағын орталықтар, мектеп-бақшалар және т.б.) жүйесі дамытылады және  бала бақшалардың ғимараттарын қалпына келтіру, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстар атқарылады.
Оқытудың 12 жылдық үлгісінің талаптарына сәйкес, материалдық-техникалық база жаңартылады. Жергілікті бюджеттер есебінен мектептерді жаңа түрдегі  сервистік қызмет көрсетумен қатар, физика, химия, биология, лингафондық және мультимедиалық  кабинеттермен және оқулықтармен жабдықтау жалғастырылады. Мүмкіншіліктері шектеулі балаларға инклюзивтік білім беруге жағдай жасау және оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар  шешімін табады.
Жастардың қолжетімді кәсіптік білім алуын қамтамасыз ету үшін кәсіптік лицейлер мен жатақханалар құрылысы есебінен оқу орындары көбейтілетін  болады. Сондай-ақ, дене тәрбиесі мен спорттың материалдық-техникалық базасын дамыту жөніндегі  іс-шаралар қаржыландырылады.
4. Мемлекеттің әлеуметтiк мiндеттемелерiн толық көлемде орындау Жергiлiктi бюджеттің қаражатын жұмсаудың басым бағытына бiлiм, денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету, табиғатты қорғау шаралары, тұрғын  үй құрылысы салаларының, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет және спорт нысандарының жобалары жатқызылды.
5.Өңірлік даму  Өңірлерді дамыту бойынша бюджеттік саясаттың негізгі бағыты оптимистiк демографиялық болжамдар және дамытудың келешегі бар елді мекендерде әлеуметтік нысандардың құрылысы, тиiмсiз шығындарды бiр жолғы қысқартумен осы елді мекендерде өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға қолда бар ресурстарды шоғырландыру болып табылады.
Бірінші кезектегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, кәсіпкерлікті белсенді дамыту, халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен моноқалаларды дамыту шегінде Степногорск  қаласын дамытуға  жыл сайын трансферттер бөлінетін болады. Инфрақұрлымды дамыту және ауылдарды абаттандыру үшін Өңірлерді дамыту бағдарламасы шегінде жергілікті өзін-өзі басқару қаржыландырылатын болады.
Өңірлерді, моноқалаларды, Астана қаласының агломерациясын дамыту бағдарламалары, 2011-2014 жылдарға арналған Астана қаласына іргелес елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары шеңберінде инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы дамыту, ТҮКШ жаңғырту арқылы өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар