Маусым 2016

28 Маусым 2016

Қоғамдық ойдың қайнар көзі

 Қазақ халқының табиғаты өнер атаулымен тамырлас. Оның ішінде сөз өнерінің алатын орны мейлінше ерекше тұр. Ұлы Абайдың «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, қиыннан қиыстырар ер данасы» деуі көп нәрсені аңғартып тұрған жоқ па?!.

 Заман тынысы ауызшадан жазбашаға ауысқан кезде қазақ қоғамының көңілі бүгіндері бұқаралық ақпарат құралына айналған газет-жорналдарға қарай ауды. Жер-жердегі көкірегі ояу білімділеріміз баспасөз жанрына жан бітірмеп пе еді сонда.
Читать далее

«Сталин туынан» «Арқа ажарына» дейін

«Авторсыз газет – аққусыз көлмен тең» деген екен Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов ағамыз. Кез-келген басылымның негізгі тірегі оның оқырмандары екендігі белгілі. Яғни, газеттің таралуы да басылымның оқырман ойынан шыға білуіне тікелей байланысты. Ол үшін әрине, журналистер қауымының да шеберліктері жоғары, жарық көретін мақалалардың шынайылығы мен мазмұнының терең болуы шарт.

 

Читать далее

Рәкеңнен қалған бір әңгіме

Әне бір жылдары, бұрынғы Көкшетау облысы кезінде телерадио хабарларын тарату компаниясында Рәшат Иманов есімді ағамызбен қызметтес болдық. Жылы жүзіне жұмсақ күлкі үйіріліп тұратын, астарлап сөйлейтін, қазақы әңгімені әзілмен көмкеріп, әдемі айтатын кісі еді, жарықтық. Бізге дейін бұрынғы Жезқазған облысында қазақ телеграф агенттігінің меншікті тілшісі болып қызмет істепті. Содан елге келген беті. Қызылту өңірінің тумасы екен.

 

Читать далее

Редактор

Бақыт Зиядақызы Исабекова он сегіз жылдан бері қазақ және орыс тілдерінде шығатын аудандық «Атбасар», «Простор» газеттерінің редакторы болып қызмет істеп келеді. Осы жылдар ішінде қол жеткен жетістіктері де, әттеген-ай дегізген өкінішті сәттері де болды. Дегенмен, ол үшін ең басты жетістік – талай қиын өткелектерден өтіп, жүздеген оқырманы бар жергілікті басылымның шаңырағын шайқалтпай, өз деңгейінде ұстап келе жатқандығы.

Читать далее

25 Маусым 2016

Сен де бір кірпіш дүниеге...

Оқуға түсіп, қолдарына диплом алу – әрбір жастың үкілеген үміті. Қазіргі таңда Көкшетау қаласындағы №1 құрылыс-техникалық колледжін бітіруші түлектер дәл осындай шаттыққа кенелуде.

Читать далее

Әр күндері қызықты

Биыл жазда Жарқайың ауданында 2206 бала жазғы демалыстарын түрлі демалу және сауықтыру лагерьлерінде, еңбек топтарында көңілді де қызықты  өткізетін болады. Бұл –  мектеп оқушыларының 99 пайызы жазғы каникулдарын тартымды өткізеді деген сөз.

 

Читать далее

Жұмағұл Жомарт

Жұмағұлмен жүз таныстығымызға осыдан төрт жыл бұрын облыстық «Арқа ажары» газетінің 29 мамыр күнгі №65 санында «Боздақтар майданға аттанған Әулиетас» қадіріңнің қашқанына кім кінәлі?» деген тақырыппен жарияланған мақала себепші болған. Алғашқы мақалада Зеренді ауданына қарасты Көктерек ауылының іргесіндегі ел әулиеге санаған, жұрт қасиеттіге балаған Әулиетастың маңайы күтімсіз жатқаны сынға алынған еді. Онда әркім өзінің туған топырағын қадірлей білу керектігі туралы айтылған болатын. Шынын айту керек, мақала қоғамдық пікір туғызды. Әлі есімде, редакцияға газеттің сол санын көп адам іздеп келді.

 

Читать далее

Асыл мал – құнды

Марат Молдахметов басқаратын «Асат» шаруа қожалығы егіншілікпен қатар, мал шаруашылығымен де айналысады.

Читать далее

Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарлама

Қазіргі күні  білім беру жүйесі инновациялық экономиканың  да дамуында жетекші рөл атқарады, әрі оны айқындай түседі. Сондықтан, бүгінгі күні еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үдерісінің тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Читать далее

Өз тағамдарымен таныстыруда

Астанада Қазақстандағы Канада елшілігі «Қуырылған ет маусымын» одан әрі жалғастыруда.

Читать далее

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 7173
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 4367076