18 Тамыз 2016

Жыр-шашу

Есенгелді Сүйіновтың есімі республика көлемінде қаламы жүйрік журналист, ақын, публицист ретінде жақсы таныс. Ол Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. ҚР  Мәдениет қайраткері, Ресей Федерациясы Халықаралық Психология ғылымдары Академиясының құрметті академигі, ҚР Ақпарат саласының үздігі.  Өлеңдері  «Тың тынысы», «Мерейлі мекен» ұжымдық жинақтарына енген. «Күңгіртау құпиясы, «Менің елім, менің жерім», «Мақпалды күндер», «Арайлы таң» кітаптары шықты.  Бірқатар облыстық, республикалық мүшәйралардың жүлдегері, соның ішінде биыл маусым айында өткен «Астана – Азаттық аясында» атты  республикалық  мүшәйраның арнайы сыйлығын жеңіп алды.   Қазір «Есіл» республикалық газетінің бас редакторы болып жұмыс істейді.  Есенгелді ежелгі Көкше жерінде туып-өскен. Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 қазақ орта мектебін бітірген. Біз бүгін оқырмандар назарына ақынның бір топ өлеңдерін ұсынып отырмыз.

 

Читать далее

Тілсіз-ақ тірлік кешіп жүр...

Әуелі қолыма қараған. Содан соң аяғыма. Әнтек жымиып күлді. Күлкісі уылжып тұр екен. Себепсізден себепсіз күле салған жас сәбидің бейкүнә күлкісіне ұқсас. Екі қолын қайда сыйғызарын білмеген кісіше оң жақ қапталында тұрған, құрал-саймандары салынған ағаш жәшіктің ішін аударып, төңкеріп әлденені іздестіре бастады. Мен де қолымдағы тілдей блокнотым мен қаламымды ыңғайлай бердім.

 

Читать далее

Абылай хан алаңы

«Абылайлап» атқа қонып, алты алаштың азаттығы, отбасының амандығы үшін ата жаумен айқасып өткен Абылай ханның Бурабайда 48 жыл орда тіккені белгілі. Бар өмірін елінің, жерінің азаттығы үшін күреспен өткізген Абылай ханның аңсаған арманы орындалып, бүгінде еліміз тәуелсіз мемлекет болды.  1991 жылы Абылай хан алаңына ұстын орнатылып, «Абылай хан» экспозициялық кешенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашқан болатын.

Читать далее

Электр кабелін шығарады

Кейінгі уақытта шағын кәсіпкерлікті қолға алушылардың «көппен көрген ұлы тойды» малданып, сауда-саттықпен шектеліп қалмай, нарықтағы сұраныстарды зерттеп барып іске кірісуді жөн санайтындығы қуантады. Бұл бизнеске ден қоюшылардың нарықтық қатынастар талаптарын түсіне бастағандығын айғақтаса керек.

Читать далее

Шағын несиеден несібесін тапқан

Алғашқыда шағын бизнесін жиһаз жасаудан бастаған Мырзабек Нұрлан уақыт өте келе сұранысқа сай жұмыс бағытын өзгертуге бел байлаған екен.

–Басында шығарған өнімдерім жақсы өте бастағанымен, кейіннен сұраныстың тым кеміп кетуіне байланысты шығынға бата бастадым, – дейді «Нұрлан М» жеке кәсіпорнының иесі Мырзабек Нұрлан.
Читать далее

Міндет белгілі, мақсат айқын

Аудан орталығындағы №2 орта мектеп аудандағы ең байырғы білім ошақтарының бірі. Нақтырақ айтар болсақ, бұл мектептің жас жеткіншектерді  білім бұлағымен сусындандыра бастағанына 110 жыл толған екен. Ал, оқу орны орналасқан бүгінгі ғимарат болса сонау 1967 жылы пайдалануға берілген.

Яғни, оқу орны жаңа ғимаратқа зәру десек, ақиқаттан алыс кетпегендігіміз. Солай бола тұра мектеп аудандағы ең  іргелі білім ошағы деңгейінен тайған емес. Читать далее

Алға ұмтылған аршалы

Облыстағы ең іргелі аудандардың бірі десек қателеспейтін шығармыз. Оның айғағы ретінде аталмыш ауданның біршама жақсы дамып келе жатқан   әлеуметтік-экономикалық ахуалын айтуға болады. Сондай-ақ, ауданның Елордамыз  – Астанаға жақын орналасуы да қосымша жауапкершілік туындататыны белгілі. Нақтырақ айтсақ, Астана айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыруға аршалылықтардың қосар үлесі қомақты болуға тиіс.

Читать далее

Пікір алмасылып, ұсыныстар айтылды

«Ақ жол» демократиялық партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен жер мәселесіне арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Читать далее

Жастар G-Globalды қолдайды

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жастар G-Globalды қолдайды» атты жастар ұйымдарының слеті өткізілді.

 

Читать далее

Еңбек демалысыңды дұрыс жоспарла

Жас буын кәрілік туралы ойламайтын болды, ойласа да әлі алыста, келсе де өзінен басқа біреуге келеді деп ойлайды.
Читать далее

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 7143
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 4347072