20 Тамыз 2016

Талай талант тәлім алған

Қорғалжын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі көптеген талантты спортшыларды өсіріп шығарған іргелі білім ордасы. Бүгінде мұнда спорттың жеті түрі бойынша балаларды жаттықтыру, оның қыр-сырына қанықтыру жұмыстары жүргізіледі.

Читать далее

БАПКЕР. ШАБАНДОЗ

Тәуелсіздігімізбен бірге жоғалтып ала жаздаған ұлттық салт-дәстүрлерімізді де қайта жаңғырту мүмкіндігі туды. Көкпар, аударыспақ сияқты ұлттық спорт ойындарымыз бүгінде елімізде жан-жақты дамып келеді. Ат спорты ойындары республикалық ауқымнан шығып, Азия елдері арасында өтетін жарыстар құрамына  енгізіліп отыр.

 

Читать далее

Тәлімгер немесе ауылдың ажары азаматынан

Көзі шоқтай жайнаған, киіктің асығындай шымыр, қара торы бала шаршы алаңда атой салып жүр. Қарсыласынан жасқану ойына кіріп шықпайтындай. Қайта өршелене түседі. Маңдайдан тері моншақтап жүр. Үшінші раунд аяқталуға тақау. Бірақ, ауылда өскен, ауылдағы қысы-жазы таусылып бітпейтін, шаш етектен келетін шаруаның бір шетін қайырысып, қайыңның безіндей болып шыңдалған боксшы шаршап-шалдығар емес. Қимылына қимыл қосып үдете түсетін тәрізді.

 

Читать далее

Бұқаралық спорт кең өріс алып келеді

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында еліміздің өмірінің барлық салаларына қатысты мәселелер жан-жақты қамтылған. Оның ішінде, халық денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында салауаттылық өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту жайы да бар.  Бұл бағытта атқарылған және атқарылады деп жоспарланған жұмыстар аз емес. Қазіргі күні облысымызда тұрғындардың арасында дене шынықтырумен үзбей айналысатындардың қатары жалпы халықтың 24,8 пайызына жетіп отыр.

 

Читать далее

Үздіктер қатарынан көрінді

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЕЦ 166/25  түзету мекемелерінде арнайы оқу орындарының  сотталған тыңдаушылары арасында «Ең үздік маман-2016» сайысы ұйымдастырылды.

Читать далее

Оңай олжа орға жықты

Қылмыс жасау арқылы мол байлыққа қол жеткізіп, қалған өміріңді тыныш, жайлы өткізуге болады деп санайтындардың қатары көбейіп бара жатқаны алаңдатады. Дендері сау, қол-аяқтары балғадай азаматтардың адал еңбек етіп нан табуды емес, қылмыс жасауды басты кәсіп етуге ұмтылатын жайлары жер-жерде жиі көрініс беріп қалатын болып жүр. Біз тілге тиек еткелі отырған оқиғаның кейіпкері де бар өмірі алда дейтін жастағы жігіт және өкініштісі сол, қылмыс арқылы байлыққа жетуді негізгі кәсібі етіп алған.

Читать далее

Белсенді байланыс берекелі істердің кепілі

Үстіміздегі жылы жұмысын бастаған қоғамдық кеңестердің атқарып отырған игілікті істері өңірімізде беделді бір қоғамдық институттың құрылып, әртүрлі мәселелер бойынша азаматтық қоғамның ой-пікірлерін білдіретін пікірталас алаңына айналғандығының жарқын дәлелі болып отыр.

Читать далее

Бақылау кеңесі өз жұмысын бастады

Шоқан Уәлиханов атындағы  Көкшетау мемлекеттік университетінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың қатысуымен бақылау кеңесінің алғашқы отырысы болып өтті.

Читать далее

Отан үшін от кешкен майдангерге пәтер кілті табыс етілді

Аудан əкімі  Төлеген Ташмағамбетов 90 жасқа толуына орай Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Максимович Пазычтің шаңырағына арнайы барып, құттықтап, Щучинск қаласынан пəтердің кілтін табыс етті.

 

Читать далее

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 7143
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 4347072