Күнтізбе

« Тамыз 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

25 Тамыз 2016

Баланы мектепке дайындаудың бағасы қанша?

Көкшетаудың орталық базары. Әрлі-берлі ағылған ығы-жығы халық. Жаңа оқу жылының бас-талуына аз уақыт қалды. Содан болар, базарда жүргендердің көпшілігі – балаларын жетектеген ата-аналар. Сатылып жатқан оқу құралдарынан бастап, спорттық киім, аяқ киім мен мектеп формаларының бағасына бір көз жүгіртіп шықтық.

 

Читать далее

Жақсылық жәй кетпейді

Ховард кедей отбасынан шыққан бала еді. Ол мектепке керекті кітап-дәптер алу үшін көшеге шығып ұсақ-түйекті сатып ақша табатын. Бір күні ешнәрсе сата алмады.Саудасы жүрмегені өз алдына қатты шаршап, шөл қысты. Бір жағынан қарны да аш еді. Содан бір үйдің есігін қағып, жүрек жалғайтын тамақ сұрағысы келді. Бірақ, есікті жас келіншек ашты. Соны көрген бала ұялып: «кешіріңіз, ішетін су бар ма?» деп сұрады.

Читать далее

Жастар неге колледжде оқығысы келмейді?..

Әдетте мектеп бітіруші түлектер қандай мамандықты таңдап, қай оқу орнына түсерін білмей жатады. Қазақтың балалары ән-күйге жақын, қара сөзге шешен. Сондықтан, көбі өнер саласын, журналистиканы, әйтпесе, мұғалімдікті таңдайды. Бірақ, бүгінгі заман талабы –  техника тілін меңгеру. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында техникалық және кәсіптік білім беруге баса назар аудару керек екендігін атап көрсеткен еді.

Читать далее

Қарқаралыдағы дүбірлі той

Қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров биыл жетпіс жасқа толып отыр. Осыған орай, батырдың туған жері Қарқаралы өңірінде үлкен салтанатты шара болып өтті. Барша қазақтың мақтанышы болған тұңғыш ғарышкеріміздің мерейтойына қатысып қайтқан Атбасар аудандық «Атбасар» газетінің қызметкері Темірбек Қасымжановтың тойдан жазған мақаласын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Читать далее

Туристік сапарда – мемлекеттік қызметкерлер

25Жұмыс аптасының соңында ауданның мемлекеттік органдарының басшылары мен қызметкерлері туристік сапарға шығып, бұл жорықтарын тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнады. Аталмыш шараға бюджеттік ұйымдардан алпыстан астам қызметкер қатысты.

Читать далее

Су еркелікті көтермейді

Біздің Ақмола-Көкше өңірі  бір жылы суы тартылса, енді бір жылы жағалауынан асып таситын Нұра, ерке Есіл өзенімен, Бурабай қойнауындағы суы көздің жасындай мөлдір талай ақынның жырына арқау болған сексен көлімен, балығы тайдай тулап жататын Қорғалжын атырабындағы теңіз-шалқарларымен ерекше екендігі белгілі. Жалпы, облыс аумағында ірілі-ұсақты 754 көл бар екен. Бұлардың басым көпшілігі балыққа бай болғандықтан, әуесқой балықшылардың сүйікті орындарына айналса, енді біразының жағасы жаз айларында көпшіліктің суға шомылып, күнге қыздырынатындарға толы болады.

Читать далее

«Даму» кәсіпкерлердің дамуына көмектесуде

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындарға баспасөз сапарын ұйымдастырды.

Читать далее

Халықтың денсаулығы – ел болашағы

Ақмола медиа орталығында  2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында аурудың алдын алуды жетілдіру,  жол карталарын жүзеге асыру бо-йынша баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.

Читать далее

Бейбітшілік – басты мақсатымыз

Орталық қалалық кітапханада Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай «Ақ орамал» акциясының аясында «Дегелеңдегі жарылыс» атты іс-шара болып өтті.

  Читать далее

Тарихи мұраны ұрпаққа жеткізу жауапты әрі маңызды

Облыстық мұрағат және құжаттандыру басқармасының ұйымдастыруымен ауданда өткен «Үздік мұрағаттанушы» облыстық байқауы Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналды.

Читать далее

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 6738
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 3909651