2016 жылғы 2 наурызда Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидатты тіркеді және олар үшін республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстардың мөлшерлерін белг

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2016 жылғы 2 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидатты  мынадай құрамда тіркеді:
1. Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы
2. Божко Владимир Карпович
3. Жұмаділдаева Наталья Васильевна
4. Ким Роман Ухенович
5. Микаелян Наринэ Гамлетовна
6. Мурадов Ахмед Сейдарахманович
7. Нурумов Шаймардан Усаинович
8. Тимощенко Юрий Евгениевич
9. Хахазов Шакир Хусайнович
Сондай-ақ, ҚР ОСК Қазақстан халқы
Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан
Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын үгіт жұмысына шығыстарының мөлшерлерін белгіледі.
Ортсайлауком қабылдаған қаулыға сәйкес кандидатқа сайлау алдындағы бағдарламасымен теледидардан сөз сөйлеуіне – 139000 теңге; бағдарламасымен радиодан сөз сөйлеуіне –  82000 теңге; баспа басылымдарында екі мақаласын жариялауына – 178000 теңге; сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайды жалдауға – 33000 теңге; үгіттік баспа материалдарын басып шығаруға – 66000 теңге; көліктік шығыстарына – 132000 теңге бөлінетін болады.
ҚР ОСК отырысы аяқталғаннан кейін семинар-кеңес болды, оның барысында Ортсайлауком мүшесі Т.Охлопкова, ҚР ОСК аппаратының тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілі, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына тіркелген кандидаттар сайлау науқанын жүргізудің ұйымдастыру, құқықтық және қаржы мәселелерін талқылады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар