Күнтізбе

« Тамыз 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Мамыр 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Материалдар

Көптен күткен амбулатория

Ауданда бір кездері біраз ауылдарда аурухана, ал, шағын елді мекендерде фельдшерлік пункттер болғандығы белгілі.

Кейіннен жекешелендіру, қаржы тапшылығы, оңтайландыру деген сынды мәселелерге орай ауылдардағы емдеу орындарының бәрі дерлік жабылып қалғандығы мәлім. Мұндай жағдайдың тұрғындар үшін көптеген қиындықтар туғызғандығы да ақиқат. Абырой болғанда, кейінгі кезде  бұл тұрғыда біршама оң өзгерістер пайда болды деуге болады. Соның бірі Сабынды ауылында өткен жылдың соңында селолық дәрігерлік амбулаторияның ашылуы.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 72,5 миллион теңге қаржы бөлініп, бір ауысымда 25 адамды қабылдай алатын дәрігерлік амбулатория Сабынды ауылы тұрғындары үшін
ауадай қажет еді. Тұрғындарға алғашқы медициналық жәрдем көрсету (диагностика, емдеу терапиясы және басқа да қажетті шаралар), дәрігерлік көмек, аурудың алдын алу, тұрғындарға салауатты өмір салтын насихаттау сынды өте қажет жұмыстармен айналысатын амбулаторияның жұмысы бүгінде жандана түсті деуге негіз бар.
Барлығы 345,75 шаршы метр жерге орналасқан дәрігерлік амбулаторияда қажетті құрал-жабдықтардың бәрі бар. Жылу жүйесі де, сумен қамтамасыз ету мәселесі де оң шешілген. Әзірге мұнда бір дәрігер және екі орта буын медицина қызметкері тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді. Орташа жалақы 80 мың теңге көлемінде екен. Ендігі мәселе, осындай емдеу орындарын мүмкіндігінше аудандағы басқа елді мекендерде де ашу мүмкіндігін қарастыру. Ол үшін әрине «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасымен қатар, жекелеген адамдардың қаржыларын да жұмылдыруға болатын шығар.

Сабынды ауылы.

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 6722
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 3891553