Күнтізбе

« Тамыз 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Материалдар

Ынтымақтастық ел жағдайын жақсартады

 

Аймақтардағы әріптестікті дамыту жөніндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын жүзеге асыру барысында, Көкшетау және Шымкент қалалары арасындағы әуе жолының ашылуына орай, аймақ басшылары Мәлік Мырзалин мен Жансейіт Түймебаев екі облыс арасында экономика саласының әрқилы салалары бойынша әріптестікті нығайту туралы меморандумға қол қойғаны белгілі.

 

Кездесу барысында әсіресе, туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Оңтүстік Қазақстан облысы тарихи жерлерге, ежелгі мәдени мұраларға бай болса, Ақмола облысы өзінің тамаша табиғатымен танымал. Өңір басшыларының меморандумға қол қойып, әріптестікке уағдаласуы экономикалық байланысты нығайтуда нақты қадамдарға жол ашып отыр. Туризмді дамыту үшін Ақмола облыстық туризм басқармасының қолдауымен облыстың табиғи әлеуетін, әсіресе, Бурабай баурайындағы мол мүмкіндікті қамтып көрсететін туристік ақпараттық орталық оңтүстіктегі ағайынға қызмет ете бастады. Сондай-ақ, Ақмола облысында да осындай орталық оңтүстік өлкедегі тарихи, мәдени жерлер туралы халықты хабардар етеді. Әсіресе, қасиетті Түркістан, Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейлері. Елге ежелден таныс «Сарыағаш» шипажайы.
Ежелгі қонақжайлық салтымен Ақмола облыстық туризм басқармасының басшысы Ш.Батырханов Оңтүстік Қазақстан облысының туристік ақпарат орталығының директоры Ж.Төлебековке Бурабай баурайының көркем табиғаты бейнеленген, халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай, әзірленген ақпараттық материалдарды табыс етті.    
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 6754
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 3923680